Тақырып Мектептегі экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің практикалық жұмыстардағы мазмұны



бет2/3
Дата11.10.2023
өлшемі42.12 Kb.
#480441
1   2   3
4-лекция

Экологиялық мәдениет — жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың күйінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электрмагниттік соулеленуден, радиациядан және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтан адамның атмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді
Экология проблемасы тек бүгін көтеріліп отырған жоқ. Олар ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен түскен жоқ. Адамзат баласына экологиялық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы ІХ-ХV ғғ. ғұламалары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иассауи, Қорқыт ата-бабалардан бастау алады.
Қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де өткір қойылып отырды. Қоршаған ортаны күйзелтпеу, оны асқындырмау әрбір адамның қасиетті борышы деп түсіндіреді. Алайда, осы қоршаған ортаны біреулер білместікпен ластап жүрсе, екінші біреулері «Табиғаттың жаратылысы ешқашан да өзгермейді, о баста қандай болса, сол күйінде мәңгі сақталады» деген тұжырымның жетегінде, ал үшіншілері «Біз табиғаттың қайырымдылығын күтіп отырмай, оны бағындыруымыз керек» деген ойда болады. Айта кету керек, ХІХ ғасырдың өзінде табиғатқа деген дұрыс көзқарастар да болды. Мысалы, белгілі философ Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы» атты еңбегінде «... біз табиғатты жеңдік деп шаттанбайық, себебі әрбір жеңісіміз үшін, табиғат бізден кегін алып отырады. Осындай жеңістердің аяғы біз күтпеген нәтижелерге, дағдарыстарға әкеліп бұл жеңістердің маңызын жоққа шығарады», - деп ойын білдірген екен. Егер бұдан да ары баратын болсақ, осыдан екі мың жылдай бұрын сол заманның ғалымы Эпикур – «Табиғатты қорлауға болмайды, адамдар өзіне қажетті тілектерін, оны ырқына көне отырып залал келтірмей іске асыруы тиіс... » - депті.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады [1, с.45].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» (73-74 баптар), ҚР «Білім туралы» заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей полигонын және тағы басқаларды адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстарды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет