2. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның қайшылықтары мен қателіктері Большевиктер қазақ ауылында әлеуметтік теңсіздікті жою мақсатында шабындық және жайылымдық жерлерді бӛліске салды. Ф. Голощекин: «Жайылымдық жерді болу деген не?» дей отырып, бұл науқанға зор екпін беру үшін және ӛз тӛңірегіндегі большевиктерді жігерлендіру үшін «Бұл кіші Қазан» — деді.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) және Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) 1926 ж. 20 мамырда «Жерге орналаспай жерді пайдаланатын кӛшпелі және жартылай кӛшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бӛлу туралы» заң қабылдады. Оған сол кездегі Халық Комиссарлары Кеңесінің тӛрағасы және Орталық Атқару Комитеті тӛрағасы қызметін уақытша атқарушы Н.Нұрмақов қол қойды. 1927 ж. 3 ақпанда бұл заңға ішінара толықтыру енгізілді. Онда шабындық және жайылымдық жерлер жан басына қарай бӛлінетінін, мұндай бӛлініс мүмкін болмаған жағдайда үй басына қарай бӛлінетіні туралы атап кӛрсетілді. Бұл жұмысты жоғарыдан жүргізу Қазақстанның Егіншілік халық комиссариатына тапсырылды және бұған жоғарғы қарқын беру үшін губерниялық, уездік және округтік атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «бестіктер», ал болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер жанынан «үштіктер» ұйымдастырылды. Конституциялық тұрғыдан мұндай заңсыз құрылған бұл «бестіктер» мен «үштіктер» құрамдары жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бекітілді. Шабындық және жайылымдық жерлерді бӛлу науқанына байланысты құрылған бұл тӛтенше және заңсыз органдар Кеңес үкіметінің басқа да шараларын жүзеге асыруда таптырмас әдіс болды. Қазақстанда большевиктер 1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлерді бӛлді. Бӛлінген шабындық жердің 61,6 %-ін кедейлер, 8,8%-ін ауқаттылар алды. Ал жайылымдық жердің 59,3% кедейлерге, 31,7% орташаларға және 9% ауқатты қожалықтарға берілді.
Ф.Голощекин алғаш «Кіші Қазан» тӛңкерісін бір ғана әлеуметтік-саяси науқанмен, яғни шабындық-жайылымдық және егістік жерлерді қайта бӛлумен аяқтай аламын деген пікірде болды. Большевиктер жерге орналастыру жӛніндегі бұл шара, әсіресе ауылдағы байға ӛте тиімді болып отырған жерді дәстүрлі қауымдық (рулық) пайдалануды жояды деп есептеді.
Алайда Ф.Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына байланысты жүргізген бұл шаралары қазақ ауылында Кеңес ӛкіметінің жеңісін қамтамасыз ете алмады. Оның себебі, бұл реформа алғашқы кезден-ақ қате тұжырымдарға негізделген еді. Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық және жайылымдық жерлерді жай бӛліске салу еш нәтиже бермеді. Екіншіден, шабындық және жайылымдық жерді бӛлудің ӛзі дәстүрлі егін шаруашылығы жүйесіндегі заңдылықтар жетегінде қалып қойды, яғни шабындық және жайылымдық жерлерді бӛлу шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты жүргізілді. Ал қазақтың дәстүрлі шаруашылығында, керісінше, жерді малдың санына қарай иемденді, яғни кӛшпелілер үшін жайылымға сұраныс мал басының санына және оның құрамына байланысты болды. Үшіншіден, жартылай кӛшпелі аудандардағы жер бӛлінісі нәтижесінде жерге ие болған шаруалар үшін бұл кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді. Себебі, ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым және т.б. заттарга ӛте зәру болды. Мысалы, 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп бойынша 800 мың қазақ шаруа қожалықтары бар болғаны 124 мың ӛте қарапайым еңбек құралдарына ие болды. Олар 54 мың соқа, 0,5 мың тұқым себетін машина, 13,5 мың шӛп шабатын шалғы, 9,4 мың тырма т.б. Бұл еңбек құралдары сан жағынан алғанда кӛлге тамған тамшыдай ғана еді және оның сапасы да ӛте тӛмен болды. Тіпті әлеуметтік тұрғыдан келгенде Петропавл округінде еш құрал-сайманы жоқ шаруа қожалығының мӛлшері 95,5%, ал орта шаруа қожалықтары 83,2 % болса, Павлодар округінде 99,45% және 85,8 5%, Қызылорда округінде 72,95% және 69,15% болған. Шаруашылық құралдардың жетіспеуі, әрине, кедей қожалықтарын ӛз үлесінен бас тартып, бӛлінген жерлерді бұрынғы иесіне қайтаруға мәжбүр етті.
1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жӛніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Ӛлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Ӛлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның тӛрағасы болып Е.
Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Г.Тоғжанов, О.Жандосов және т.б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жӛніндегі заң жобасы қабылданды. Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді ӛткізу жӛнінде нұсқаулар жіберілді.
Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тәркіленіп, ӛзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: кӛшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар, жартылай кӛшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.
Тәркілеуге байланысты декретте әсіресе, кӛшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы кӛшпелі аудандағылардың малы тәркілеу мӛлшерінен аз болған күннің ӛзінде де, егер бұл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тәркілеу туралы ереже бойынша жер аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды.Республика кӛлемінде барлығы 696 «бай-феодалдар» тәркіленді.
Кӛптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты. Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің тӛмен екенін, сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай, ауқатты шаруа қожалықтарына салық мӛлшерін кӛбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.
Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде кооперативтендіру арқылы социалистік ірі ауылшаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 жылы желтоқсанда ӛткен партияның XV съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан кӛмекті күшейту шарасының орнына, керісінше нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты. Орталық билік колхоз құрылысындағы біртіндеп ӛзбетінше жүріп жатқан қозғалысты жоспарлы іс-әрекетке ұластырды. Үкімет органдарының жоспарлаған межелерін партия ұйымдары да қайта талқылады, соның нәтижесінде жоспардың ӛзі бірнеше рет ӛзгерістерге ұшырады. Ал енді бес жылдық жоспарды белгілеу кезінде мемлекеттік жоспарлау комитеті бұл жоспардағы санды тағы ұлғайтты.
Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70-тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды.
Шаруа қожалықтарын ұжымдастырудың жеделдетілген қарқыны күштеп жүзеге асырылды. Ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында еріктілік, қоғамдастыру принциптері толық бұрмаланды. Ұжымдастыруға байланысты жүргізілген шараларда кімнің осы шараға қарсы екенін айқындау бірінші орынға қойылды. Кімде-кім қарсы болса, ол тіптен кедей шаруа болса да, тап жауы қатарына жатқызылды. Ұжымдастырылған шаруашылықтарға жұмыс күші болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына, барлық малды түгелдей алу шаралары жүргізілді. Күштеу, зорлықзомбылық кӛрсету арқылы ұжымдастыру шаралары тездетілді. Күштеп ұжымдастырушылар қазақ қоғамындағы дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігін мүлде еске алмады. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң онан тап, қаптың түбін қақ», «Социализмде сотқа тартылмаған адам болмайды» деген ұр да жық ұрандар елдің түбіне жетті.
Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары ӛлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың ӛте зор кӛлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес ӛкіметі басшыларының хабардар болғанын кӛрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың ӛзінде Қазақстанда 30-дан астам үлкенді-кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде ӛте кең кӛлемде болған кӛтерілістерге Тақтакепір, Бостандық, Батпаққара, Созақ кӛтерілістері жатады. 1929-1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық ӛте күшті ӛршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929-1931 жж. ӛлкеде барлығы 372 кӛтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дін басыларының Кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп кӛрсетті. Кеңес үкіметі бұл кӛтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды.
Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың кӛп бӛлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О.Исаев Қазақстан ӛлкелік комитетінің VI Пленумында 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды.
Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан ӛте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Аштықтан ӛлген адамдарды жинап, кӛмуге мүмкіндік болмаған. Аштықтың салдарынан адам етін жеу фактілері де ӛте кӛп болған. Осындай жантүршігерлік кӛріністер туралы мәліметтерді зерттеушілер тэуелсіздік алғаннан кейін архив қойнауынан алып жариялады. Аштыққа ұшыраған қазақтар босқын болып, елден шет аймақтарға үдере кӛшті. Қазақстаннан шет аймақтарға кеткен қазақ босқындарының ауыр да жанкешті тұрмысы туралы да деректер жеткілікті. Зерттеушілер 1930-1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді.
Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет аймақтарға үдере кӛшуі нәтижесінде халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Мысалы, 1937 жылдың басында халықшаруашылығы есебінің бастығы М. Саматовтың Л.Мирзоянға берген мәліметі бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында халық саны 2 есеге кеміген.
Қазақ халқының ауыр жағдайын Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамының баяндама хаттарынан және Ресейдің басшы мемлекет қайраткері ретінде жергілікті жерлерден Мәскеуге келіп түсіп жатқан басқа да мәліметтерден хабардар болған Т.Рысқүлов, кӛп кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы партия мен үкімет басшыларына жазылған хаттар қатарын О.Исаевтің және «Бесеудің хаты» толықтырады.
Сонымен, Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.
3. Қоғамдық-саяси ӛмір. Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін зардаптары
Республикадағы Кеңес үкіметін құру үрдісі ӛте қиын жағдайда жүрді. Большевиктер үшін капиталистік елдер қоршауында тұрып социализмді экономикасы артта қалған елде жүзеге асыру ете күрделі болды. Сонымен қатар социализм идеясы қазақ қоғамына жат еді. Соған қарамай Кеңес үкіметі тұтас Ресей аумағындағы халықтарды біріктіруге күш салды. Ресейдегі халықтарды біріктіру мәселесі партияның Орталық комитетінде талқыланды. Бұл мәселе бойынша екі пікір болды. Сталин «автономизация» идеясын ұсынды, яғни барлық ұлттарды, барлық кеңестік республикаларды РКФСР құрамына автономия құқында ендіру.
Большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған М. Шоқай болды. Ӛлкедегі жалпы большевиктік айыптау және қуғындау саясатының ең алғашқысы түрікшілдікті айыптау болды. 1920 жылдың 20—26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы ӛтеді. Онда мұсылмандар бюросының тӛрағасы Т.Рысқұлов «Ұлт мәселесі және ұлттық коммунистік секциялар» туралы баяндама жасады. Онда Түркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды «Түрік халықтарының коммунистік партиясы» деп атауға шешім қабылдады.
Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары «ұлтшылдықпен» шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байларын тәркілеу саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гӛрі кӛмекке зәру деген кӛзқарастағы қазақ қайраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды. 1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп, барлық салада партия нұсқауымен «оңшыл және солшыл оппортунистік уклонмен» күресу жұмыстарын ӛте қарқынды түрде жүргізді.
7-партия конференциясында «солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын оңшылбайшыл ағым делінетінмен» күресуге партия ұйымдарын шақырады. Қазақстанда «оңшыл ағымға» Голощекиннің ауылда «Кіші Қазан» тӛңкерісі қажет деген пікіріне қарсы шыққан С.Сәдуақасов және оның пікірлестері жатқызылды.
Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу кӛңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С.Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар «троцкистік оппозицияның тӛңірегіне топтасқан негізгі ядро» ретінде айыпталды.
Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол ӛте-мӛте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ ӛлкелік партия комитетінің бюросына ӛлкелік «Ақ жол» газетінің ұстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эмиграцияда жүрген М.Шоқайдың ойымен «үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлтшыл идеяларды жаңғыртатыны» атап кӛрсетілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай кӛзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым ӛкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Кӛп кешікпей-ақ, 1926 жылы болған партия конференциясында Ф.Голощекин басында А.Байтұрсынов, Ә.Бӛкейханов, М.Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты «реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл» деп бағалады.
Кеңес ӛкіметінің ӛлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынадай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас кӛтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928 жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері, әртүрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов және т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды.
1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұлттық интеллингенцияның екінші бір тобы (40-қа жуық адам), құрамында X. және Ж. Досмүхамедовтер, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков және ӛзге де зиялы қауым ӛкілдері бар, тұтқындалды. Кӛп кешікпей олардың 15-і (X. және Ж.Досмұхамедовтер, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, К.Кемеңгеров және басқалары) Ресейдің Орталық қара топырақ ауданына жер аударылды. Мұндай іс-әрекеттердің барлығы большевиктердің ӛздеріне идеялық жағынан қарсылық кӛрсете алатын зиялылардан құтылу жолы екенін байқатады.
Жаппай репрессия толқыны Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда бір жылдың ішінде үш іс қарастырылды. Олар Үржар, Пресновка және Қарағандыдағы «контрреволюциялық ұлтшылфашистік залалдық ұйымдардың» істері болды. Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі болды. Ондағы айыпталушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М. Гатаулин, мүшелері А.
Асылбеков, Н. Нүрсейітов болды. Олардың негізгі кінәсі — батылдылығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар Гатаулин 1932 жылы Сталинге жазылған «Бесеудің хаты» авторларының біреуі болып табылады. Олар 1937 жылы қарашада ӛткен сот процесінде ӛздерінің «Мәскеудегі «троцкистік орталықпен» қалай байланыс орнатып, олардың тапсырмасын Қазақстанда қалай жүзеге асырғандарын» мойындады.
Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспортынан, жерхалкомынан, байланыс халкомынан және т.б. жерлерден анықтап, жауапқа тарта бастады. Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н.Нұрмақов (БОАК президиумының жауапты қызметкері), Т.Рысқұлов (РКФСР ХКК тӛрағасының орынбасары) Мәскеуде ұсталып бастаса, кейін ол тізімді Қарағанды облыстық атқару комитетінің тӛрағасы А.Асылбеков, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Н.Нұрсейітов жалғастырды. Ӛлкенің партия және кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа тарту шаралары нәтижесінде кӛрнекті қайраткерлер: К.Сарымолдаев, У.Құлымбетов, Г.Тоғжанов, А.Лекеров, А.Розыбакиев, Ж.Садуақасов, И.Құрамысов және т.б. ұсталып, ату жазасына немесе лагерлерге ұзақ мерзімге айдалды.
Тіпті орталықта не болып жатқанын білмейтіндер тағылған айыптардың еш дәлелсіздігіне қарамай жазаланды. Мәселен, 1938 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрамдық бес азамат «Киров жолдасқа қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан саяси қылмыскерлер» болып шығады. Жауап алу барысында Сайрамда «буржуазияшыл-ұлтшыл топтың» 12 мүшесі анықталып, ол топ «облыстық ұйыммен», облыс «республикалық топпен байланысты», ал олардың барлығы «Мәскеумен тоғысты» деген қорытынды жасалады және үштіктің шешімімен «қылмыскерлер» атылады.
Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, тіпті, олардың ішінде кеңес ӛкіметін орнатуға қатысқан А.Айтиев, С.Арғыншиев, Т.Рысқұлов, Н.Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.
Жалпы сталиндік қуғын-сүргін кӛлемі әлі толық анықтала қойған жоқ. Кей деректерде 1937—1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22мыңы атылды десе, басқа деректер 1930—50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады.
Большевиктік жаппай репрессия саясаты кезінде жекелеген адамдар ғана емес, кішігірім халықтар да қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шекті. Ондай жапа шеккен халыққа корейлер жатады. Қазақстандық корейлердің негізгі бӛлігі кезінде Қиыр Шығыс ӛлкесінен жер аударылды.
Қазақстан картасында Қарлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагерь — Алжир деп аталды. Жаппай репрессияға ұшырағандардың отбасы да қуғындалды. Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мерзімдерін ӛтеп отыруға мәжбүр болды.
Сонымен, қорыта айтқанда, 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси ӛмірдің барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл тәртіптің ӛте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол халықтың ӛзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай «үлкен террор» ұйымдастырылды.
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И.В.Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді.
4. 1920-1940 жылдарындағы мәдениет
Кеңес үкіметі ӛлкеде сауатсыздықты жою, яғни ӛлке тұрғындарының сауатын ашу мәселесін кӛтерді. Әсіресе, ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жӛніндегі жұмыс туралы» қаулысынан кейін кең ӛрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулықтар мен оку құралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.
Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928-1929 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жұмыс істеді. Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. VI партия конференциясында мектептердің кӛбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса орындықтары жоқ, орындықтары болса оқулықтары жоқ екені атап кӛрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартылды. 1935/36 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді.
Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан ӛлкелік химиябактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — ӛлкелік ӛсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы — санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды. Геология және биология ғылымдарының нәтижелері бүкілодақтық кӛлемде танымал болды. 20-40-шы жылдары қазақ елiнiң ғылымы дамып, халықтың рухани қазынасы бiршама толықты. 30-шы жылдардың аяғында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу мекемелерi болды және оларда 1727 адам ғылыммен айналысты. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге кӛтеру үшiн мол мүмкiндiктерге жол ашты.
Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк педагогика институты Ташкентте қазақ халық ағарту институты негiзiнде құрылды. 1928 жылы ол институт Алматыға кӛшiрiлдi. Осы жылы Алматыда мал дәрiгерлiк-зоотехникалық институты ашылды. 1932 жылы Оралда А.С. Пушкин атындағы педагогика институты алғашқы студенттердi қабылдады. 1934 жылдың 15 қазанынан бастап казiргi Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi ашылды. 1934 жылы Алматының музыкалық-драма техникумы оқу комбинаты болып қайта құрылды. Қазақ медициналық институты кеңейтiлдi, оған кейiн жаңа факультеттер мен клиникалар қосылды.
20-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең кӛлемде пайдаланылды. Кеңес үкіметі ұлттык әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен ӛнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин,
С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов және т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының кӛрнекті ӛкілдері қалыптасты. 1934 жылы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының I съезi болып, онда халықтың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетiнiң М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, I.Жансүгiров, Б.Майлин, М.Әуезов, Ж.Аймауытов сияқты саңлақтармен бiрге, қазақ әдебиетiнiң ӛсiп келе жатқан мол жеткiншектер тобының бар екенi кӛрiндi. Келесi жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың 90 жыл толуын бүкiл Кеңес елiнiң халықтары атап ӛттi. 1936 жылы республика еңбекшiлерi Сәкен Сейфуллиннiң әдебиет саласындағы творчествосының 20 жылдығын мерекеледi. Қазақстанда қазақ жазушылармен бiрге осындағы басқа халықтардың ӛкiлдерi, орыс, ұйғыр, татар қаламгерлерiнiң шығармашылығы да кең танылды.
1926 жылы кәсіби театр ӛнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры ашылды. Оны Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Ӛмірзақов, Қ.Жандарбеков сияқты, кейін қазақ театр ӛнерінің майталмандары болғандар ұйымдастырды. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфуртна-Майне сияқты Еуропаның ірі қалаларының концерт залдарында ӛз ӛнерін кӛрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қазақ мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, республикалық қуыршақ театры жұмыс істеді.
Республикада кӛркем мәдениеттiң бӛлiгi кино ӛнерi де алғашқы қадамдарын жасады. Шетелдердiң кӛптеген экрандарында кӛрсетiлген ―Түрксіб‖ кинокартинасы (1930 ж.) Қазақстан материалында түсiрiлген алғашқы елеулi фильм болды. Бүкiлресейлiк ―Востоккино‖ тресi Қазақ республикасының он жылдық мерекесiне арнап ―Дала жыры‖ (1930 ж.), ―Жұт‖ (1931 ж.), ―Қаратау сыры‖ (1933 ж.) фильмдерiн қойды.
Дыбысты ―Аманкелдi‖ кӛркем фильмiнiң экранға шығуын (Ленфильм, 1938 ж.) ұлттық кино ӛнерiнiң бастамасы деп санауға болады. Оның сценариiн Б. Майлин, Вс. Иванов және Ғ.Мүсiрепов, сазын — РСФСР ӛнерiнiң еңбек сiңiрген қайраткерi М.Ф. Гнесин мен А.Жұбанов жазды. Рольдердiң бәрiн дерлiк қазақ артистерi — Е.Ӛмiрзақов (Аманкелдi), Шара Жиенқұлова (Балым, Аманкелдiнiң әйелi), С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, Қ. Байсейiтов, Қ. Қуанышбаевтар орындады.
Сӛйтiп, 20-шы және 30-шы жылдардағы кездескен қиыншылық пен кедергiлерге, қуғынсүргiнге қарамастан Қазақстанның мәдени дамуында бiрсыпыра iлгерiлеушiлiктер болды. Егер 1937-1939 жылдардағы тоталитарлық жүйенiң халықтың зиялыларын қудалауы болмағанда, әрине бұл табыстар мазмұнды және шеңберлi болар едi.
Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бӛлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі мәдени мұралары, ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары деп, ұлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халықтың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20-жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір ұрпақтың ғана ғұмырында қазақтар ӛзінің тӛл жазуымен дүниеге келген ұлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бұл жүргізілген шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |