Жалайырлар. Бұл тайпаның өз алдына жеке мемлекеттік дәрежеде өмір сүргендіктері жайлы мағлұматтар араб, парсы жазба деректерінде кездеспейді. Тек монғол шежірелеріндегі кейбір деректерде ғана жалайырлар туралы сөз болады. Онда жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүргендігі айтылады.
Жоғарыда көрсетілген шежірелерде Шыңғыс ханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, әрі батыр Мұқылай болған. Хан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған «күй үн чінсан тәйжі» деген атақ беріп, сол қанаттың түменін (әскерін) басқартқан.
Шежірелерде жалайыр Жамұқа Шыңғыс ханның бірде анда болып, серттескен ең жақын досы ретінде, бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрінеді. Деректерге қарағанда, Жамұқа 1201 ж. Аргун өзені бойында құрылтай шақырып, өзін «гурхан» деп жариялап, таққа отырған. Бұл жағдайды естіген Шыңғыс хан Тоғырыл ханмен одақ құрып, Жамұқаны жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан.
Тарихшы Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінде» жалайырларды Шыңғыс ханның қолға түсірген тұтқындары есебінде көрсетеді.Олар өздерінің адал қызметтері арқылы монғолдарға сіңісіп кеткен. Қазақтың орта ғасыр тарихшыларының бірі Қадырғали Жалайыри Шыңғыс заманында Сартақ ноян болғанын айтады. «Оның ұлы – Жалайыр Саба. Оның ұрпағы – Жалайыр Тебре бек. Оның ұрпағы – Айтөле бек. Ол атақты адам болған. Ұрұс ханның сол қолын басқарған.Ол Алаш мыңы үш сан қанат түменін басқаруынан жалғасып келе жатқан дәстүр болуы да ықтимал.
Ал тарақ таңбалы аталуы қазақ халқының құрамына кірген кезі. Бұл тайпаның өкілдері бүкіл Орта Азия жеріндегі түрік тілдес халықтардың құрамына кірген. Қазақ халқының құрамына кірген жалайырлар Жетісу аймағында орналасқан.
Қыпшақ хандығы
Қыпшақтар ҮІІІ ғасырда Ертіс бойын, Шығыс Қазақстан далалары мен Алтай тауының баурайларын мекендеген. ХІ ғасырда Қимақтардың әлсіреуіне байланысты үстемдікке ие болды. Олар Сырдария бойындағы оғыз жерлерін, Арал, Каспий маңы далаларын басып алып Жорезмшах шекарасына жетті. ХІІ ғасырда Ертістен Еділге дейінгі ұлан байтақ территорияны иеленді.
Дешті – Қыпшақ – қыпшақтар даласы (елі) болып табылады. Жазба деректерде ол туралы алғаш рет парсы ақыны, саяхатшысы және насихаттаушысы Насири Хосровтың еңбегінде көрсетіледі. ол Алтайдан Еділге дейінгі территорияны, оған бұрынғы „Оғыз даласын” қоса отыра, „Қыпшақтар даласы” деп атаған.
Дешті – Қыпшақ Сібірден Қрым, Повольжеге дейінгі үлкен аумақ. Қазіргі кезеңдегі әдебиеттерде „қыпшақтарда билеуші әулеттер мен хандар болды, бірақ барлық қыпшақтардың ханы болған жоқ” деген пікірлерді жиі айтады. Көбінде олардың есімдері саяси себетерге дейін ұзақ сақталған. Қазіргі уақытта қыпшақтарды көптеген түркі этностарының шежірелерінен „кездестіруге” болады. Ал қыпшақ тілінде олардың үш тобын көрсетеді: 1) қыпшақ-бұлғар; 2) қыпшақ – половец; 3) қыпшақ-ноғай. Бірінші топқа – „татар, башқұрт тілдері”; екінші топқа – „қарайым, қарачай-балкар”; үшінші топқа – „қазақ, ноғай және т.б. тілдер жатады”.
Қазақ даласының саяси сахнасына ХІ ғ. Қыпшақ мемлекеті шығады. Қыпшақ мемлекеьінің саяси негіздері қыпшақ және куман тайпаларының едәуір топтарының шығыс Дешті Қыпшақта орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін Хі ғ. ортасында нығайды.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Олар елбөрілі руынан шыққан. Орда деп аталған хан ордасында ханның мал-мүлкі мен хан әскері орналасқан ханның басқару аппараты болды. Әскери-әімшілік жағынан қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстап, екі қанатқа бөлінді. Оң қанат, ордасы – Жайық өзені маңында Сарайшық қаласы болуы мүмкін. Ол Торғай даласын, Орал мен Жайық өзендерінің бассейндеріндегі аумақты қамтыды. Бұл қанатты елбөрі руынан шыққа хан басқарған. Сол қанат, ордасы – Сығанақ қаласы. Ол Сырдариядан Ертіске дейінгі Орталық және шығыс Қазақстан территорияларын қамтыды. Оның ханы қайыұран руының өкілі болған. Оң қанат саяси жағынан мықты деп есептелді. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі – хандар, тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар болды.
Қыпшақ хандығында мемлекетті істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат алысып тұрды.
Қыпшақ қоғамы әлеуметті және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық деп саналды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық таңба салынды. Малынан айырылған еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғындар – жатаққа айналды. Оларда кейін мал пайда болған жағдайда, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысқан. Қыпшақ қоғамында құқықсыз топ ретінде соғыс тұтқындары есебіндегі құлдар есептелген. Хандық тұрғындары бірнеше салықтар төлеген. Олар: зекет (мал салығы), ұшыр (егіншілім өнімі салығы).
ХІІ ғ. соңында қыпшақтар дағдарыс кезеңін бастан өткізеді. Қарақидандар мен Хорезмге қарсы күрескен Сығанақ иелегі, хорезмдіктерге тәуелділікке түседі. 1182 жылы Алып қара Ұран хан хорезмшахқа өз ұлы Қадыр Бугу бастаған елшілік жіберіп, Қара қидандарға қарсы одақ туралы бітімге отырады. Дәл осы жылы қара қидандарға шабуылдар жасалынып, Тараз және оның маңы қидандардан азат етіледі. Бірақ кейінірек одақтастар өзара жауласып, 1195 жылы хорезмшах Текеш Қадыр Буке ханға қарсы жорыққа шығады. Нәтижесінде қыпшақ ханы жеңіске жетеді. Бірақ Қадыр Буке хан мен немере інісі Алып Дерек арасында қайшылықтар пайда болып, ол қыпшақ хандығын әлсіретеді. 1200 жылы Алып Дерек хандық билікке келіп, өзін Хорезм вассалы ретінде мойындайды. Хорезшах қара қидандарды жеңіліске ұшыратқаннан кейін, Алып Дерек Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы жерлерге иелік етеді. 1210 жылы ол хан ордасын Отырарға ауыстырып, Қайыр хан атты титул алып, хорезмшах атынан билі етеді.
Батыс қыпшақтар бұл уақытта орыс князьдықтарына бірнеше рет жеңіліс табады. Х ғ. қыпшақтар бірнеше ірі соққылар береді. 1093 жылы ірі жеңіске қол жеткізген. ХІІ ғ. басында қыпшақтар мен орыстар бейбіт келісімге отырады, бірақ ол ұзаққа созылмаған. Орыстар қыпшақтарды ығыстыра бастайды. Өзара бітімге келу үшін туыстық, некелік байланыстар орнатылған.
ХІІ ғ. 80-жылдары өзара қайшылықтар шиеленісіп, 1183 жылы біріккен орыс әскерлері Кобяк ханды Өрелі өзенінің бойында жеңіліске ұшыратты. 1185 жылы тен қыпшақтарының ханы Құнашық Руське жылжып, екі рет жеңіледі. Новгород князі Игорь әлсіреген қыпшақтардың бытшытын шығармақшы болады. Бірақ Қоялы өзенінің бойында орыс әскерлері толығымен талқандалды.
ХІІ ғасырда Қыпшақ хандары мен Хорезм шахының арасында Сырдария бойындағы сауда-экономикалық маңызды аймақтар үшін соғыстар басталып алма кезек жеңістермен аяқталып жүрді. 1215 жылы Жент және Сығанақ аудандарында қатты жеңіліс тауып, солтүстікке ауа көшті. Кейін монғол шапқыншылығына төтеп бере алмай тарих сахнасынан кетті.
Қыпшақ мемлекеті құлады, бірақ оның даму үрдісін ХІІІ ғасырдағы ауыр оқиғалар біржола күйреткен жоқ.