Watchwood - Барлаушы орман сөзі екі негізден құралған: watch - n , 1) көңіл, бақылау, аңду; 2) вахта; 3) қарауылдау, қарауыл; в), 1) аңду, көру; 2) қарауылдау, күзету; 3) қарауылдау, сақтау және wood – n -ағаш, орман, тоғай. Шығармада жергілікті жерді зерттеген бір топ адамды аудармашылар осы сөзді сөз тіркесі арқылы аударған және аудармада калькалау әдісін қолданған. Егерде сөз қосу әдісі арқылы аударса «Барлауорман» дұрыс болмас еді.
The Watchwood we will call it. Not a squirrel will go here. [31-234б]
Олар Барлаушы орман болып аталады. Тап болған әрбір тиынды сол сәтте байқайды. [33-549б]
Snowmane -Ақжал сөзі -өте көркем аңның атауы. Сөз екі негізден snow -қар; ағарған, ақ және mane-жал құралған. Авторлар бұл сөзді калькалау тәсілімен аударған. Бірақ бірінші сөз snow -қар ретінде аударылмай «ақ» сөзімен алмастырылған.
Suddenly the king cried to Snowmane and the horse sprang away. [32-125б]
Бірде патша Ақжалға айқайлады және содан соң ол орнынан қозалды. [33-787б].
Treebeard- Қарт ағаш сөзі таңғажайып халықтың басшысы, көсемі-басты ағаштың есімі. Ең қариясы болуына қарамастан ол өте батыл болатын. Неологизм екі негізден құралған: tree -ағаш, beard-сақал, беттегі өсінділер. Бірінші компоненттің аудармасынан аталған кейіпкерлердің ерекше тіршілік иесі екендігін байқасақ, екінші компонентінің аудармасынан кейіпкерді кәрі, өз ғасырын өмір сүрген, қойған сақалының барлығы қария екендігін байқатады. Бірақ аудармашылар beard сөзіне мәтінге сәйкес «қарт» сөзімен алмастырад және орындарын ауыстырды.
Treebeard repeated the words thoughtfully. [31-75б]
Қарт ағаш ұсынылған сөздерді асықпай ой елегінен өткізді. [33-431б]
Treebeard fell silent, striding along, and yet making hardly a sound with his great feet. [31-79б]
Қарт ағаш үндемей қалып, адымды және дыбыссыз аттай басып, сонан соң қайта былдырақтады
Leaflock -Жапырақша неологизмі бұл да ағаштың атауы. Сөз екі негізден құралған leaf -жапырақ, lock -сарай. Аудармашылар бірінші бөлікті аудару барысында калькалау әдісін қолданғанымен, екінші бөлігінде бұл әдісті қолдану керексіз деп шешілген.
Leaflock has grown sleepy, almost tree-ish, you might say: he hs taken to standing by himself half-asleep all through the summer with the deep grass of the meadows round his knees. [32-86б]
Жапырақша ұйықтап қалды, қатып қалды деп айту мүлдем мүмкiн : жаздап тұрады және қалғиды, шөппен тiзеге дейiн қаптап өстi. [33-439б]
Wandlimb-Шыбықша неологизмі, кейіпкер есімі сөз екі негізден құралған: wand -сиқырлы таяқша; таяқша және limb -соңы, соңғы ретінде «шыбық» сөзі алынуы мүмкін, сондай-ақ қазақ тіліндегі кішірейткіш-сыпайылық жұрнағы –ша қолданылған. «Шыбықша» деген атау аудармашыларға қолайлы көрініп, кейіпкердің жұмсақ мінезді баязы екендігін көрсетті. Аудармада калькалау әдісі қолданылған.
…ah! The loveliness of Fimbrethil, of Wandlimb the lightfooted, in the days of our youth! [31-87б]
Біздің жастық шағымызда жеңілаяқты Шыбықша сияқты, менің Фимбретилиім секілді сұлу ешкім болмады. [33-440б]
Smalborrow- Үңгіршік неологизмі кейіпкердің есімі, екі негізден құралған; small -кішкентай, үлкен емес, кішігірім және borrow -үңгір, тесік. «Үңгір» сөзін калькалау әдісі арқылы өңделген, ал «small» сөзі қазақ тіліндегі кішірейтілген сыпайылық –шік жұрнағы арқылы сөзден кейін қойылып өңделген.
«Hey, come here Smallborrow!» he called. «I want a word with you.» [32-339б]
«Ей, Үңгіршік, мұнда келші»-деп шақырды ол. -«Менің саған әңгімем бар». [33-938б]
Frogmorton-Бақашық неологизмі жергілікті жердің атауы. Осы сөзді аударуда калькалау элементтері қолданылған, өйткені, frog-бақа мағынасын білдіреді. Шығарма мәтінінде бұл жергілікті жердің атауы болғандықтан аудармашылар алдында лайықты сөзқұрастыру міндеті тұрды. Осы сөздің аудармасы шығармадағы мәтіні мен ағылшын тіліндегі мәтінін бір-біріне сәйкес келеді.
As evening fell they were drawing neat to Frogmorton, a village right on the Road, about twenty-two miles from the Bridge. [32-338б]
Кешке таман алыстан көпірден жиырма екі милл қашықта жол маңындағы ауыл - Бақашық көрінеді. [4-937б]
2.2.3 Транслитерация әдісі
Транскрипция дегеніміз сөз мазмұнында дыбыстардың берілуін айтамыз. Біз бұл сөздердің дыбыстылуын білмегендіктен транслитерация негізінде келесі мысалдарды қарастырамыз.
Толкиеннің неологизмдерінің аудармасын зерттеу барысында транслитерацияның бірнеше мысалы анықталды. Негізінен бұл жергілікті жердің және ертегі халықтың атауы. Мысал келтірейік.
Hobbiton-Хоббитания –Хоббиттер мекендейтін мемлекет. Осы сөзге аудармашылар транслитерация элементтерін қосқан, өйткені қазақ тілінде дыбысталуына қарай елдің атауы қойылған, мысалы Дания, Ұлыбритания және т.б.
One of the first things done in Hobbiton,… [32-366б].
Хоббитанияда жасалынған алғашқылардың бірі... [33-960б].
mumakil -мумактар сөзі әріптік берілулер арқылы аударылған халықтың атауы.
…the mumakil of the Harad dragging through the lanes amid the fires huge towers and engines. [32-111б].
...бұл хородримдік мумактар отты алаңдарда алып қамалдар мен қабырғалы сарайлар салды [33-777б].
Gorgun -горгундар, бұл да ертегі халықтың атауы.
Kill gorgun in woods,... You hate gorgun too. [18, 116б.]
Біз ормандағы горгундарды атамыз. Саған да горгундар жау. [33, 781б.].
Pukelmen-Пукколдар, бұл сөздің аудармасында функционалды алмастыру мен транслитерация әдістерінің элементтері бар ((men -көптік есімге ауыстырылған).
…and suddenly he remembered the Pukelmen. [32, 116б.]
...бір кезде оның есіне Пукколдар түсті. [33, 781б.]
Orcs -Оркилер, халықтың атауы.
…and spread stamping ruin among the orcs innumerable that guarded it,… [32, 112б.]
...сансыз топырлаған оркилер... [33, 778б.]
Жоғарыда аталған халықтардың барлығы басты қаһармандық жауы болған. Келесі мысал:
Galenas -галенас, шығармада қолданылған емдік шөптің атауы, күш берумен жараланғандарды емдеуде қолданылған.
…and galenas by the noble, and other names in other tongues more learned… [32, 166б.]
...ғалым галенас және басқа атаулар ең сирек кездесетін тілерде... [33, 817б.].
Rimmon -Римон және Druadan -Друадан екеуі де жергілікті жердің атаулары.
They went through Druadan to Rimmon with great wains. [32, 117б.].
Друадан мен Римонға көптеген керуендер жүрді. [33, 782б.].
Windlord- Желаяқ шығармадағы көптеген батырлықтарға дайын кейіпкер. Неологизм екі негізден құралған, wind -жел, тыныс алу, бос сөздер, рух және lord -мырза, басшы, билеуші дегенді білдіреді. Сөздің бірінші бөлігі калькалау, екінші бөлігі функционалды алмастыру арқылы аударылған. Жел билеушілері сөзі шығарма мәтініне тура келсе ле, аудармашылар «Желаяқ» үлгісін қолданылған. Бірақ аталған кейіпкер желмен күреспеген, шығарма аудармасы бойынша бағыттағы жел бойынша ұшып жүрген, сонықтан Жел билеушісі деген атау тура келмес еді.
The came Gwaihir the Windlord,… who built his eyries in the inaccessible peaks of the Encircling Mountains when Middle-earth was young. [32, 269б.]
Аяқ жетпейтін Шеткі таулардағы ұяларды бұзған Гвангир Желаяғы, Жер ортасы әлі жас кезінде пайда болды. [33, 885б.].
Brandybuck-Брендиқоян неологизмі кейіпкердің тегі, екі негізден құралған, brandy -бренди, коньяк және buck -еркегі (бұғының, қоянның және т.б.). Аудармашылар аталған сөздің тек бірінші бөлігін ғана транслитерация, екінші бөлігін аударуда калькалау немесе модульдеу, мәндік дамыту әдістерін қолданған, сондықтан жоғарыдағы неологизм «қоянның еркегі» мағынасын береді.
As a matter or fact I’m a Brandybuck… [31, 73б.].
Егер соған тоқталсақ менің есімім Брендиқоян... [33, 430б.]
Longbottom Leaf -Ұзынқұйрықты неологизмі. Толкиеннің «The Lord of the Rings» шығармасындағы жергілікті жердің атауы. Сөз сөзқұрау көмегімен қалыптастырылған, мына негіздерден long-ұзын, ұзақ, bottom -терең, түп, төменгі, төменгі бөлік және leaf-жапырақ. Аудармашылар аталған сөзді аударуда мына әдістерді қолданылған: long - ұзын калькалау, leaf-«жапырақ» сөзін - «құйрық»сөзімен функционалды алмастыру арқылы аударылған. Осы аудармадан «Ұзынқұйрық» сөзі қалыптасты.
And anyway I have some stuff of my own. Come on now! Longbottom Leaf it is. [32, 167б.].
Менде қазір дәрі-дәрмектер жеткілікті. Ал! Ұзынқұйрықтан әкелінгендердің өзі. [33, 817б.].
Mirkwood- Ызалы орман шығармадағы қараңғы және қорқынышты мекеннің атауы. Сөз екі негізден құралған, mirk = murk – n қараңғы, түнек және wood -орман, тоғай, ағаш. Сөздің екінші компоненті калькалау тәсілімен аудрылған, ал аудармада бірінші компонентке функционалды алмастыру әдісі пайдаланылған.
There was songs about the hunt … sung among Elves and Men from Mirkwood to Gondor. [31, 87б.]
Ол туралы көптеген өлеңдер бар: Ызалы орманнан Гонодорға дейін адамдар да, эльфтер де оларды айтқан.
2.2.5 Аудармашылық окказионализмдер
Толкиеннің авторлық неологизмдерінің аудармасын зерттеу барысында қазақ тілі сөзінің ағылшын тіліне сәйкес келгенін бірнеше рет байқадық. Осы мысалдарға кеңінен тоқталайық.
Shadowfax - Ақсұңқар неологизмі желден ұшқыр және өзінің көркемдігімен ерекшеленетін жылқының есімі. Ағылшын - қазақ тілі сөздігінде shadow -қараңғы, қараңғылық, қайғы деген мағынаны білдіреді. Осы сөзге сәйкес келетін аудармалар қолданылғанда шығарманың мәніне сәйкес келмеуі мүмкін еді. Сондықтан олар өзіндік аудармашылық окказионализмді ойлап тауып «қараңғылықты», «жарыққа» алмастырды. өйткені ат ақ түстес болатын.
Over the plains Shadowfax was flying, needing no urging and no guidance. [31, 246б.]
Ақсұңқар қараңғы далалы өлкелерден тездетіп шапты. Оны түртудің де, бағыттаудың да қажеті жоқ еді. [33, 558б.].
Landroval -Оққанат кейіпкердің есімі сөз аударымдағы сөзге сәйкес келмейді. Кейіпкердің мүкіндіктерін ескере отырып аудармашылар аудармашылық окказионализмді қолданған.
…and Landroval, the greatest of the Eagles of the North… [3, 269б.]
«Оққанат да солтүстік өлкенің ұлы сұңқарлары....» [33, 885б.].
Noakes- Керемен неологизмі кейіпкердің есімі. Сөзді мұқият қарайтын болсақ бұл сөз «oak»-емен сөзінен шыққан.
Жалқы есім жасау мақсатында аудармашылар «Керемен» деп аударған шығар.
«But what about this Frodo that lives with him?» asked Old Noakes of Bywater. [30, 51б.]
«Інде Бильбодан басқа, қалай еді өзі Фродо да барма?»-деді Жағалаудан шыққан Сдубень.
Bree – Таулық түрлі халық орналасқан зұлым тауларға алып баратын далалық өлкенің атауы. Bree- сөзі ағылшын тілінде кездеспегендіктен аудармалар шығарманың мәтініне сәйкес келетін аудармалық оккозионализмді ойлап табады.
«Go at ones! Ever since that night at Bree we have been a nuisance to you» [32, 166б.]
Біз тағы да сенің басыңа Таулықта тап болдық қой. [33, 817б.].
Took -Қоян неологизмі кіші бойлы, аяғы мен қолы түкті келетін кейіпкер халықтың атауы. Ағылшын тілінде took – past- алу, басып алу, жаулау дегенді білдіреді. Аудармашылар сөзді аударуда окказионализмді қолданып кейіпкердің сыртқы сипатын көрсету үшін «қоян» делінген.
We Tooks, we can’t live long on the heights. (3, 167). [32, 167б.]
Сонда да бізге Қояндарға бұл биіктіктерде өмір сүру дәстүрлі емес. [33, 817б.]
Сонымен, Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдерді қарастыра отырып келесідей түйіндер жасадық:
Бұл бөлімде авторлық неологизмдерді қолдану жолдарына қарай сөздің жасалу және аудару әдістері қарастырылды. Сөздердің мәнін ашу үшін Джон Рональд Руэл Толкиеннің «The Lord of the Rings» трилогиясынан мәтіндік үзінділер келтірілді.
Толкиеннің неологизмдерін зерттеу барысында неологизмнің пайда болуына әсер ететін кең тараған және өнімді әдістер мыналар: сөз қосу, пайда болудың аффиксті әдісі және семантикалық неологизмдердің қалыптасуы.
Толкиеннің неологизмдерін зерттеу барысында авторлық неологизмдерді жеткізудің ең тиімді тәсілдері анықталды, олар: функционалды (қызметтік) алмастыру, калькалау, транскрипция және транслитерация.
Аудару барысында жиі қолданылғаны – функционалды алмастыру әдісі (Burrows), себебі авторлық неологизмдерге аударма тілінде сәйкестік табу өте қиын. Одан соң транскрибирлеу және транслитерация әдістері, сондай-ақ неологизмдерді жеткізудің таптырмас әдісі калькалау (Watchwood – Барлаушы орман, Snowmane -Ақжал), кеңінен қолданылды.
Толкиеннің неологизмдерінің аудармасын зерттеу барысында транслитерацияның бірнеше мысалы анықталды. Негізінен бұл жергілікті жердің және ертегі халықтың атауы боып табылды
Толкиеннің авторлық неологизмдерінің аудармасын зерттеу барысында қазақ тілі сөзінің ағылшын тіліне сәйкес келгенін бірнеше рет дәлелденді.
Қорытынды
«Неологизмдерді аудару жолдары» тақырыбы тіл ғылымында, аударма ісінде өте аз зерттелген. Дипломдық жұмысты жазу барысында тақырыпты барынша терең, әрі түсінікті етіп талдау жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе, төмендегідей түйіндер жасауға болады:
Тіл-тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды.
«Неологизм» түсінігін анықтаған зерттеулерді саралай отырып екі түрлі көзқарастарды байқауға болады. Бірінші «неологизм» термині тілде жаңадан қалыптасқан тіл қалыптастырушы үлгідегі сөздермен сәйкес келсе, екіншіден бұрын-соңды болмаған, белгісіз түсініктерді, затты, ғылым саласын, мамандықты білдіреді.
Неологизм сөзін грек тілінен аударғанда — тілдегі жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды білдіреді.
Егер жаңа сөз ағылшын-қазақ сөздігінде болмаса, онда ол сөзді ағылшын анықтамалық сөздігінен іздестіру қажет.
Сөзді аудару процессінде негізінен 2 кезең ерекшеленеді:
-
контексттегі сөздердің мағынасын анықтау; б
-
ұл мағыналарды тіл құралдары арқылы аудару.
Тар мағыналы контекстті синтаксистік және лексикалық контексттер деп ажыратуға болады.
Ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына
- жаңа сөзөнімділігі;
- сөзқұрау;
-конверсиялық (өзгерту),
- қысқарту,
- адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы) кері сөз құрылымы;
- лексико- семантикалық тәсіл;
- дыбыстардың кезектесуі;
- сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсәл) және т.б.жатады.
Өнімді сөз жасау, қазіргі кездегі ағылшын тілінің өнімді сөз жасалуының жалпы тенденциясымен толық сәйкестік жағдайда. Көбінесе морфологиялық сөз жасау амалы қолданылады – айрықша және қайталанбайтын авторлық лексикалық бірлік құру үшін, транспозиция, жұрнақтық, сөзқосу, күрделі құрылымды модельдері қолданылады.
Морфологиялық атап айтқанда жұрнақтық сөз жасау ортасында басты өнімді жұрнақ– er жұрнағы болып табылады.
Негізінен жаңа сөздер тілдегі бұрыннан бар сөздер мен морфемалар барысында пайда болады. Осы сөздер мен морфемаларды талдау неологизмдердің мағынасын ашуға септігін тигізеді. Ол үшін келесідей ағылшын тіліндегі сөздің жасалу әдістерін білу керек екендігіне көз жеткіздік:
-
Бұрыннан бар сөзге тағы бір мағына беру;
-
Сөздердің бірігу жолымен жасалуы;
-
Неологизмдердің жасалуының аффиксті әдісі;
-
Басқа тілден енген кірме сөздер;
-
Бітіп тұтасу;
-
Аббревиация.
Ағылшан тілінде сөзқұрау тәсілінің өнімділігі ретінде неологизмдер келесі топтарға жіктеледі:
а) жеке дыбыстардан немесе дыбыстардың өзіндік конфигурациясынан құрылатын, фонологиялық неологизмдер;
ә) шеттен алып пайдаланылған неолоизмдер: өз еркімен шеттен алу, варварлық тәсіл, ксенизмдер, калька.
б) тілдік жүйедегі үлгілерден, және осы жүйедегі морфемадан құралған морфологиялық неологизмдер: аффикстік, сөзқұрау, конверсияланған неологизмдер.
в) қысқа неологизмдер
Ағылшын тіліндегі неологизмдерді аударуда орфографиялық қағидалары ерекше маңызды. Бұл қағидалар бойынша барлық қосылып немесе дефис (сызықша) арқылы жазылғандар сөздерді күрделі сөз ретінде, ал бөлек жазылған сөздерді сөз тіркестері ретінде қарастырады.
Аудару барысында неологизмдерді анықтаудың келесі әдістерін жеке-жеке қарастырдық:
- неологизмнің мағынасын анықтауда сөздікті пайдалану;
- неологизмнің мағынасын контекстен анықтау;
- неологизмнің мағынасын анықтау үшін құрылымын талдау.
Сондай-ақ неологизмдерді аударудың бірнеше әдіс-тәсілдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастырдық. Айтылған әдістерге төмендегілер жатады:
Неологизмдерді жеткізудің квазиаударымсыз әдісі;
-
Транслитерация әдісі;
-
Транскрибирлеу әдісі;
-
Калькалау әдісі;
-
Сипаттамалық баламалар әдісі;
-
Келтірмелі аударма әдісі;
Сипаттамалық баламалар неологизмдерді жеткізудің калькаланбайтын әдістеріне жатады, калькадан айырмашылығы, сипаттаушы әдістерде неологизмдерді жеткізуде аударудың нұсқасы болып сөздің ішкі құрылымына байланыссыз.
Келтірмелі аудармада ығыспалы мағыналы баламалар жиі кезедседі, бұл келтірілу әдісі аударылатын тілде тиісті сәйкес мағынасы табылмаған жағдайда қолданылады.
Ал дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдерді аудару жолдарын қарастырдық. Осы бөлімде авторлық неологизмдерді қолдану жолдарына қарай сөздің жасалу және аудару әдістері қарастырылды. Сөздердің мәнін ашу үшін Джон Рональд Руэл Толкиеннің «The Lord of the Rings» трилогиясынан мәтіндік үзінділер келтірілді.
Авторлық неологизм күнделікті тілдік құбылыс ретінде қабылдануы тиіс. Бұл сөздердің сөздік құрамында да кездеспесе де аудармашылық тәжірибе арқылы аударылып жатқанда жаңа сөздердің лексикалық құрамды толтыруға үлкен үлес қосуда. Жаңа сөзді білдіруді және жеткізудің түрлі әдіс-тәсілдері арқылы қарастыру керек.
Сонымен ағылшын тілінен қазақ тіліне неологизмдерді аудару процессі екі кезеңнен өтеді:
1. Неологизмнің мағынасын анықтау (аудармашы соңғы баспамен шығарылған ағылшын энциклопедиялық сөздігін пайдаланады. Немесе мәтінді ескере отырып жаңа сөздің мағынасын анықтау).
2. Қазақ тілі құралдарымен жеке аудару (жеткізу), әсіресе: транскрипция, транслитерация, калькалау, бейнелі аударма, функционалдық алмастыру және аффиксті әдістер.
Джон Рональд Толкиеннің сиқырлы әлеміндегі ойдан құрастырылған объектілер мен субъектілерді белгілеу үшін пайдаланған лексикалық бірліктерінің ішінде, ең қажеттісі болып сөз қосу (Wingfoot) арқылы жасалған сөйлем құрылысы табылады, қызығы, сөз қосу негізінде тілдік үнемдеу үрдісі жатыр. Екінші орында аффикстеу (Bywater, Halfling) әдісі тұр.
Толкиеннің неологизмдерін зерттеу барысында неологизмнің пайда болуына әсер ететін кең тараған және өнімді әдістер мыналар: сөз қосу, пайда болудың аффиксті әдісі және семантикалық неологизмдердің қалыптасуы.
Толкиеннің авторлық неологизмдерінің аудармасын зерттеу барысында қазақ тілі сөзінің ағылшын тіліне сәйкес келгенін бірнеше рет дәлелденді.
Аудару барысында жиі қолданылғаны – функционалды алмастыру әдісі (Burrows), себебі авторлық неологизмдерге аударма тілінде сәйкестік табу өте қиын. Одан соң транскрибирлеу және транслитерация әдістері, сондай-ақ неологизмдерді жеткізудің таптырмас әдісі калькалау (Watchwood – Барлаушы орман, Snowmane -Ақжал), кеңінен қолданылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
-
Құрманбаев Ш., Сыбанбаева А. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындары заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы, 2001.
-
А.З.Қазанбаева. Қазақ тілі (экономика факультетінің студенттеріне арналған). Қарағанды. 2003.110 бет.
-
Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Астана, Елорда, 2000 ж.
-
Хасенов Ә. Тіл білімі. - А., 1996, 2002
-
Мұсатаева М.Ш. Двуязычная лексикография: тенденции и перспективы. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. –204с.
-
Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие.–Минск.: Тетра Системе, 2004. –225 с.
-
Попович А. Проблемы художественного перевода. – БГК им. И.А.Бодуэна де Куртенэ, 2000. – 280 с.
-
Әлісжанов С. Қ. Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе. Астана, 2005.
-
Қайдар Ә. Терминнің үш тұғыры // Қазақ терминографиясының өзекті мәселелері (республикалық ғылыми-практикалық семинар материалдары). Астана, 2004.
-
Құрманбайұлы Ш. Терминологияны стандарттау мен реттеу туралы // Терминологиялық хабаршы №4(14), 2005.
-
Ілеспе аударма [Мәтін]. Алматы: «Ғылым» баспасы, 2007 ж.
-
Тарақов, Әнуар Сауатұлы. Аударма психологиясы және мәдениеті. Алматы: «Қазақ университеті» баспасы 2005 ж.
-
Тарақов, Әнуар Сауатұлы. Аударма әлемі Алматы: «Қазақ университеті» баспасы 2007 ж.
-
Иманасова Ж. Аударма - астарлы өнер немесе қос тілді жетік білу қажеттіктері/ Ж. Иманасова //Ақиқат. - 2008. - №4 . - 34-38б.
-
Королева Н.Н. Лингвопереводческий анализ Англоязычнях неологизмов. Алматы: 2002 ж.
-
Исследование неологизмов современного английского языка в лингвокультурологическом аспекте // Вестник университета “Кайнар”. –Алматы, 2000. -№4. –с,67-73.
-
К проблеме перевода неологизмов в области экономики (на материале английского и русского языков) // экономическое образование на рубеже нового тысячелетия: Проблемы взаимодействия языка и экономики: -Алматы: КазГУ – МОиМЯ им.абылай хана, 2000. –с.130-135.
-
Цвиллинг М.Я. Переводные эквиваленты неологизмов в словаре и тексте. М: 1984
-
Цвиллинг М.Я. Переводные эквиваленты неологизмов в словаре и тексте. М: 1984
-
Заботкина Б.Н. Английские неологизмы. – Киев: Наукова думка, 1998
-
Кабакчи В.В Английский язык межкультурного общения, М., 1993
-
Казакова Т. А. Практические основы перевода. Учебное пособие. – СПб.: Лениздат; Издательство «Союз», 2002
-
Лопатин Н.М. Рождение слова. Неологизмы и окказиональные образования. – М.: Наука, 1973
Сөздіктер тізімі
-
Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (неологизмдер) 25-том . Алматы: «Рауан», 2000.
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: «Ғылым», 2002.
-
Ағылшынша-қазақша, қазақша-ағылшынша терминдер мен атаулар сөздігі / Мемтерминком бекіткен терминдер мен атаулар сөздігі. Құрастырушылар Ш.Құрманбайұлы, С.Сапина). Алматы: «Ғылым», 2002
-
Longman. Dictionary of contemporary English.
-
Russian dictionary; Oxford, 2000
Тәжірибелік материалдар әдебиетінің тізімі:
-
J. R. R. Tolkien The Lord of the Rings, Part I, М., 2002
-
J. R. R. Tolkien The lord of the rings, Part II, HarperCollinsPublishers, 2001
-
J. R. R. Tolkien The lord of the rings, Part III, HarperCollinsPublishers, 2001
-
Джон Рональд Руэл Толкиен Властелин колец, «Яуза» «Эксмо», 2004
Достарыңызбен бөлісу: |