Ақпарат-коммуникация
технологияы
(АКТ,
ағылш.
informationandcommunicationstechnology,
ICT)
—
бірыңғай
байланыстың рөліне негізделген ақпарат технологиясының (АТ)
кеңейтілген термині; ол телекоммуникация (телефон желісі, сымсыз
сигналдар) мен компьютердің интеграциясы, әрі қолданушыларға
ақпараттық қолжетімділік, сақтау, тасымалдау және тізгіндеу
мүмкіндігін беретін қажетті корпоративтік бағдарламалар, аралық
бағдарламалар, сақтау және аудиовизуалды жүйелер
Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы
әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің
ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына
сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады: мемлекеттің алға
қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге
асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы); оны
орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда
ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу"
стратегиясы); бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік
тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік"
стратегия); қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау"
стратегиясы);
Тақырып 2.
Есептеу жүйелерінің математикалық және
логикалық негіздері
Жоспар:
1. Санау жүйесі.
2. Буль алгебрасы
3. Логикалық амал түрлері
Қолданылған әдебиеттер
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар = Информационно-коммуникационные технологии: оқулық:
2 бөлімде / Д.Шыныбеков [және т. б.]. - 1-ші басылым. - Алматы: ИИТУ, 2017. - 1-бөлім. - 2017. - 587 Б.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар = оқулық: 2 бөлімде / Д.Шыныбеков [және т. б.]. - 1-ші
басылым. - Алматы: ИИТУ, 2017. - 2-бөлім. - 2017. - 622 Б.
3. Урмашев Б. А. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: оқу құралы / Б. А. Бурмашев; Қазақ ұлттық
университеті. Әл-Фараби. - Алматы: Қазақ Университеті, 2017. - 335 Б.
«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып
табылады. Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар
тізбегімен өрнектеледі.
Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері
туралы түсінік байланысты.
Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған
сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері. Бұрынғы және қазіргі
қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық
емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді.
|