Тақырып қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі. Акт стандарттары


Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-ның ролі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі373.94 Kb.
#485231
1   2   3   4
YDFXTSGAXBRY01122023195245

1.2 Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-ның ролі 
Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын 
арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық 
технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастар-
дың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында 
тұрған ең басты міндет. 
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан 
оқыту процесі студенттің жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, 
оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, 
нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол 
ашады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - студенттерге ақпараттық білім 
негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, 
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы 
ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға 
бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің 
жүйелік - ақпараттық бейнесін студенттердің шығармашылық қабілет-
тері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды 
көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын 
интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қоғаммен бірге мемлекеттік билік органдары да өзгереді, себебі 
олардың міндеті халықтың талаптарын қанағаттандыру, басқаша болуы 
мүмкін емес. Мемлекеттің қарым-қатынасы барлық деңгейде орындалуы 
қажет: мемлекет-азаматтар, мемлекет-бизнес және мемлекет-мемлекет, 
ал қызмет көрсету мүмкіндігінше бір жерде, бірыңғай электрондық 
порталда - электронды үкімет порталына беріледі. 
Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) - Information and 
Communication Technologies (ICT) - тұтынушының ақпаратты жинау, 
өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатында біріккен 
әдістер, бағдарламалық-техникалық құрылғылар және өндірістік 
үрдістер жиынтығы.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияның (АКТ) дамуы 
мен кеңінен қолданылуы бұл соңғы он жылдағы ғылыми-техникалық 
революция мен әлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып 
табылады. АКТ пайдалану бәсекелес экономиканы көтеру үшін, әлемдік 
жүйедегі оның мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті басқару мен 



мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль 
атқарады.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның енуі азаматтар мен 
мекемелердің мемлекеттік билік ұйымдарымен өзара қарым-
қатынасының тиімділігін арттырады. Билік ұйымдарының жұмысы 
туралы ақиқат, оперативті, толық өзекті ақпараттар веб-сайтта жазылған. 
Бұл азаматтар мен қажетті ақпараттарды іздеуді қысқартады, 
мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттарды түсіндіруге кететін 
уақыттарын азайтады, сонымен қатар көптеген кететін қателерді 
азайтады.
Мемлекеттік басқару концепциясы ақпараттық-коммуникациялық 
технология мүмкіндіктеріне және ашық азаматтық қоғамның 
бағалануына бағытталған ақпараттық қоғамға арналған. Азаматтардың 
қажеттілігіне, экономикалық тиімділігіне, қоғамдық бақылау және 
ашықтығына бағытталып сипатталады. Коррупция және бюрократиямен 
күрестің бірден-бір тәсілі, сонымен бірге арнайы құрылыммен 
қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқарудың функцияланған жүйесінің тиімділігі келесі 
бағыттар бойынша анықталуы мүмкін:

мекемелер мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас;

мекемелердің ішкі жұмыстары;

билік ұйымдарының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы.
Сонымен бірге азаматтар мен мекемелер Интернеттің көмегі арқылы 
сұраныс жіберіп және анықтамалар ала алатындай мүмкіндіктері, 
мемлекеттік басқару ұйымына қарастырылған заң бойынша есеп бере 
алатындай болуы керек. Бұл үшін сұраныстардың жағдайын тексеріп 
отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет