Тақырып қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі. Акт стандарттары



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі373.94 Kb.
#485231
  1   2   3   4
YDFXTSGAXBRY01122023195245




ТАҚЫРЫП 1. Қоғам дамуының шешуші секторларында 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі. АКТ 
стандарттары 
 
1.1 АКТ пәні және оның мақсаты. АКТ анықтамасы 
1.2 Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-ның ролі 
1.3 АКТ стандарттары 
Бақылау сұрақтары 
1.1 АКТ пәні және оның мақсаты. АКТ анықтамасы 
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты 
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы 
атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық 
технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың 
маңызы зор. 
Ақпараттық - ақпарат, жаңалық, коммуникациялық – байланыс, 
қатынас деген ұғымды білдірсе, технология - іскерлік, шеберлік 
ұғымдарын береді. 
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) - жеке тұлғаға 
ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін 
жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады.
Ғалымдардың пікірінше АКТ-ны екі бөлікте сипаттайды: 
1) компьютерлік бағдарламалар; 
2) желілік қызмет. 
Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) - электрондық 
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді 
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті 
құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту 
бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар 
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді 
жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология бәсекеге қабілетті ұлттық 
білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік 
ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. 
Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы - 
білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім 
сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-
жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениет, сауатты адам - 
ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану 
қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін 
адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. 
Білім - болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттері-
нің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзырет-
тілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны 



жүзеге асыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияның 
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол - оқу нәтижесінде 
өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана 
алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Білім беру жүйесін 
ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-
тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы 
мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, 
ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге 
қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны 
сөзсіз.
Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдан дұрыс 
пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа 
деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, 
проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де 
кең мүмкіндік береді. 
АКТ-ның негізгі құралдары: 

Компьютерлік технология. 

Мультимедиа технологиясы. 

Қашықтықтан оқыту технологиясы. 

Желілік технология. 

Интернет технология. 

Интерактивтік технология. 
Презентациялар технологиясы - бұл технология, бір жағынан, 
студенттерге жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, 
дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса
екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны 
қолдану процесін де жеңілдетеді.
Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайын-
дау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдар-
ламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, 
әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Қашықтықтан оқыту технологиясы - қашықтан білім беру деген 
термин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, істеп 
жүрген жұмысынан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру ісін 
жүзеге асыру деген мағананы білдіреді. 
Желілік технологиялар - Ethernet - жергілікті желі құрастыру 
мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына 
негізделіп, мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады.
Интернет технология - Интернет сөзі Interconnected networks 
(байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық 
көзқараспен - бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - 
бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған 
компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет 
сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. 




Интерактивтік технология - қазіргі білім беру саласындағы 
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты 
маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің 
интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де 
басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі 
дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет