9
мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль
атқарады.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның енуі азаматтар мен
мекемелердің мемлекеттік билік
ұйымдарымен өзара қарым-
қатынасының тиімділігін арттырады. Билік ұйымдарының жұмысы
туралы ақиқат, оперативті, толық өзекті ақпараттар веб-сайтта жазылған.
Бұл азаматтар мен қажетті ақпараттарды іздеуді қысқартады,
мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттарды түсіндіруге кететін
уақыттарын азайтады, сонымен қатар көптеген кететін қателерді
азайтады.
Мемлекеттік басқару концепциясы
ақпараттық-коммуникациялық
технология мүмкіндіктеріне және ашық азаматтық қоғамның
бағалануына бағытталған ақпараттық қоғамға арналған. Азаматтардың
қажеттілігіне, экономикалық тиімділігіне, қоғамдық бақылау және
ашықтығына бағытталып сипатталады. Коррупция және бюрократиямен
күрестің бірден-бір тәсілі, сонымен
бірге арнайы құрылыммен
қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқарудың функцияланған жүйесінің тиімділігі келесі
бағыттар бойынша анықталуы мүмкін:
мекемелер мен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынас;
мекемелердің ішкі жұмыстары;
билік ұйымдарының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы.
Сонымен бірге азаматтар мен мекемелер Интернеттің көмегі арқылы
сұраныс жіберіп және анықтамалар ала алатындай мүмкіндіктері,
мемлекеттік басқару ұйымына қарастырылған заң бойынша есеп бере
алатындай болуы керек. Бұл үшін сұраныстардың жағдайын тексеріп
отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: