тақырып: Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. сағат


Тәжірибелік сабақтар №3 Тақырып: Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысына сипаттама. Тәрбие жұмысының формалары мен бағыттарының көптүрлілігі



бет5/7
Дата09.10.2023
өлшемі46.97 Kb.
#480135
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Теория и методика воспитательной работы в начальной школе (1)

Тәжірибелік сабақтар №3 Тақырып: Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысына сипаттама. Тәрбие жұмысының формалары мен бағыттарының көптүрлілігі.


Мақсаты: Студенттердіңтәрбие жұмысының формаларының көптүрлілігімен бағыттары туралы білімдерін толықтыру.
Негізгі сұрақтар: Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысына сипаттама.Тәрбие жұмысының формалары мен бағыттарының көптүрлілігі.
Тапсырма:ұсынылған тақырып бойынша материалдар жинастырып конспект жазады.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау:Әдебиеттерге шолу жасайды.
Конспект жазуда белгілі бір ережелер сақталады. Олар төмендегідей.
Конспектіні жазбас бұрын тақырып бойынша әдебиеттерді таңдап алып тақырыпты толық оқып шығу қажет. Осыдан кейін негізгі маңызды ақпараттарды белгілеп топтап аламыз. Конспектіні жазуда жүйелілік болу үшін бағыттаушы бірнеше сұрақтар құрастырамыз, яғни жоспар құрып аламыз.
Конспект жазудағы ескеретін ережелер:
 Конспект жазатын тақырыпты мұқият бірнеше рет оқу, маңыздысын белгілеу
 Конспектінің негізі жоспарын құру конспект жазу барысында таныс емес, жаңа сөздерге анықтама беру үшін парақ қалтыру.
 Сілтеме жасау.
 Әдебиттер тізімін беру
Есеп беру формасы: конспект

4-Тақырып:Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы


Қысқаша мазмұны: Жобалау іс-әрекеті - сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарын басқарудың негізі. Жоспарлаудың қызметтері. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
Педагогикалық модельдеу қағидалары – сынып жетекшісі іс-ірекетінің негізі. Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұны. Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері. Тәрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі. Тәрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымы.
Тәрбие жұмысының алуан түрлі формаларын жоспарлау. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау үдерісінде педагогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі. Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата-аналардың қатысуы.Негізгі ұғымдар: жоспарлау, болжау, ұжым, педагогикалық модельдеу, жоспар, құрылым, мазмұн, өзараәрекет.
Тәрбие жұмысын жоспарлау- формальды іс емес, тәрбие процесін ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және әрбір мектеп оқушысының дамуын жобалайды. Ол тәрбие міндеттерін белгілеп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың тәрбиелік дәрежесін арттырудың жолдары мен түрлерін де көрсетеді.
Сыныптағы тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері жоспар болмағанда кездейсоқ факторлармен белгіленіп, стихиялық сипат алатын болды. Тәриенің негізгі мәселелерін шешу бұл жағдайда едәуір қиындап, ал кейде тіпті жоққа саяды. Шындап ойланып жасалған жоспарсыз моральдық-саяси, еңбек, ақыл-ой және эстетикалық тәрбиенің бүкіл жүйесін қамту мүмкін емес. Жоспар сынып жетекшісінің тәрбиелік қызыметін дұрыс ұйымдастыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары- міндетті педагогикалық документ. Оны жасап, орындау үшін сынып жетекшісі мектептің әкімшілі мен қоғамдық ұйымдары алдында, халық ағарту органдары алдында ерекше жауап береді. Сынып жетекшісінің ойланып, жақсы жасалған жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие қызметінің негізгі түрлерінің ең алдымен мектеп оқушыларына саяси-идеялық еңбек, адамгершылык тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Сонымен қатар, ағарту жұмысының әр түрлі формалары мен әдістерін оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттерімен дұрыс қамтамасыз ету керек.
Жоспар жасар алдында әдетте оқушылармен (барлығымен, топқа бөліп немесе жеке-жеке) мынандай тақырыптарға әңгімелер өткізеді: «Сыныптың өмірі мен қызметін қалай ұйымдастыру керек», «Сынып ауыз бірлікті ұжым болу үшін не істеуіміз керек» және т.б.
Жоспарды қанша мерзімге жасаған жөн? Мектептердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, жарты жылға арнап нақты, анық іске асатын жоспар жасау өте қиын, бір жылға арнап жасау одан да қиын. Оның үстіне ол тым рабайсыз көлемді болады. Сондықтан тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлап отырған жөн. Рас, мектептердің практикасында төртінші- алтыншы сыныптарда жоспар оқу тоқсанына, ал жетінші- оныншы сыныптарда- жарты жылға жасалынады. Мұның себебі төменгі сыныптарда шаралар көп белгіленеді де, бірақ көлемі жағынан кішірек және ұзаққа созылмайтын болады. Ал жоғары сыныптарда болса орындауға ұзақ уақыт керек ететін шаралар белгіленеді. Бірінші тоқсанның жоспарында кейде ұзақ уақытқа есептелінген, перспективалық міндеттер де қарастырылады, оларды шешуге едәуір ұзақ уақыт- жарты жыл, тіпті бүкіл оқу жылы кетуі де мүмкін.
Жарты жылдық немесе тоқсандық жоспарлардан басқа, сынып жетекшілері көбінесе апталық жұмыс жоспарын да жасайды. Олар негізгі жоспарды нақтылауға мүмкіндік беріп, сыныпта тәрбие жұмысын жеті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп мүдірінің бекітуіне береді.Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың соңында бекітуге беріліп отырылады. Ірі мектептерде жоспарды бекітуді мүдір өзінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушыға тапсыруы мүмкін.
Жоспар бекітілгеннен кейін онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстырған жөн. Ол үшін екерше жиналысқа шақырмай-ақ, саяси хабарлама немесе әңгіме кезінде таныстыруға болады.
Жоспар жастарға және оны жүзеге асыру үшін сынып жетекшісі оқушылар мен ата-аналар активін қатыстырады. Жоспарды орындауға байланысты ұйымдастыру функцияларының кейбірін бірте-бірте оқушылар мен ата-аналар активі өздеріне алады. Бұған әсіресе сынып ұжымын ұйымдастыру және ата-аналармен жұмыс істеу мәселелері жатады.
Жоспарға қойылатын негізгі талаптар. Сынып жетекшісінің жоспары пәрменді документ болуы, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға жәрдемдесуі үшін ол педагогикалық талаптарға жауап беруі керек. Мектептердің тәрбие жұмысын жоспар жөніндегі тәрбиесін талдаудың негізінде жоспарға мынадай талаптар қоюға болады.
Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін ол мектеп оқушыларына тәрбие берудегі нысаналылық, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы керек. Барлық жекелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге- оқушыларды жан-жақты дамытуға, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек.
Ең алдымен жоспар мазмұнының идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыз ету керек. Онда қоғамдық пайдалы істер басты орын алуы тиіс. Кейбір сынып жетекшілерінде көңіл көтерушілік шараларға көбірек назар аударушылық тенденциясы байқалады. Жоспарларда ән-би кештері, «Көгілдір от» т.с.с. көп орын алады. Тәрбие жұмысының жоспарларында, әсіресе жоғары сыныптарда, идеялық- саяси тәрбиеге байланысты қоғамдық пайдалы істер мен шаралар көбірек болуына тырысу қажет.
Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әр түрлі болуы. Кейбір сыныптарда тәрбиенің бірден-бір әмбебап формасы сынып жиналыстары, ал жеке тәрбиенің негізгі әдісі- артта қалушы және тәртіп бұзушы оқушылармен әңгіме өткізу ғана болып жүр. Ал алдыңғы қатарлы сынып жетекшілері тәрбие жұмысының формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы да қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар, оқушылардың қызығулары мен бейімділіктерін ескере отырып топтық та, сондай-ақ жеке-даралық та жұмыстарды қарастыру қажет.
Жалпы мектептік жоспар әдетте педагогикалық мәжілісінде бекітіледі. Сондықтан сынып жетекшісі өзінің жоспарына жалпы мектептік жоспарлардағы өз сыныбына арнап қарастырылған шараларды ендіре алады.
Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету.Жоспарда белгіленген тәрбие шаралары- біртұтас процестің жеке буындары тәрізді. Әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істеген жұмыстың нәтижелерін баянды ету мүмкін емес. Оқушылар бұрын ие болған бағалы дағдыларын ұмытып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, тәрбиенің бір ғана формасын қайталап пайдалана беру көпретте оқушылардың ықыласы мен белсенділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Бірінші, екінші және үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі демалыс кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жоспарларында жазғы еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы оқушыларды тәрбиелеу ісінде үзіліс болмауы керек. Бірақ демалыс кездерінде тәрбие жұмысы демалыспен ұштастырыла жүргізіледі. Сыныптан тыс оқу, экскурсия және туризм, кино көру, физкультура- спорттық жұмыс және т.б. сияқты тәрбие жұмыстарының формалары демалыс кезінде де кеңінен қолданылады.
Жазғы демалыс кезінде тәрбие жұмыстарының орталығы еңбек пен демалыс лагерлерінде құрылған ұйымдарына көшіріледі. Әрине, бұл жұмысты жоспарлағанда мектеп оқушыларының ынта-ықыласы ескеріліп отырылады.
Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындай алмайтын міндет қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі сынып ұжымының мүмкіндігіне сай болуы қажет. Ананы да, мынаны да қамтимын деп тым көп шаралар белгілеуге болмайды. Бірнеше ғана нақтылы міндеттер ғана белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әр түрлі, терең мағыналы және жан-жақты жұмыстар жүргізген дұрыс. Мәселен, ҮІІІсыныптардың сынып жетекшілерінің бірі, бірінші тоқсанның жоспарында оқушыларды достыққа және жолдастыққа тәрбиелеу деген міндет белгілеген. Осыған байланысты ол жоспарға бірнеше қоғамдық пайдалы істер, экскурсиялар мен ұжымдық саяхаттар өткізу, достық пен жолдастыққа, оқуда көмек ұйымдастыруға арналған сыныптың қабырға газетін шығару мәселелерін енгізген. Ол сонымен қатар көркемөнерпаздар кештерін, «Достық пен жолдастық туралы» тақырыпқа арналған ата-аналар жиналыстарын дайындап, өткізуді белгілеген. Бұл сияқты белгілі мақсатқа бағытталған жұмыстар сынып ұжымында достық пен жолдастық қатынастарды дамытуға әсер етеді.
Жұмысты келісіп жоспарлау. Сыныптағы тәрбие жұмыстарын жоспарламастан бұрын жалпы мектептік жоспармен танысқан жөн, өйткені онда мектептің тәрбие жұмыстарының міндеттері және жалпы мектептік шаралар көрсетіледі.
Жоспар жасағанда мектеп оқушыларының ұсыныстары мен тілектерін ескеру қажет. Сынып ұжымының ісіне байланысты жоспарды сынып жиналысында талқылаған жақсы. Сонда сынып жетекшісінің жоспары бүкіл оқушылар ұжымының жұмыс жоспарына айналады.
Жоспарды сол сыныпта беретін мұғалімдермен келісіп алудың да үлкен мәні бар. Себебі олардың кейбірі сол жоспарды орындауға қатысуы мүмкін. Әдебиет пәнінің мұғалімі әдетте оқырмандар конференциясын немесе әдеби диспут өткізуге қатысады. Физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері ғылым мен техникаға арналған кештер өткізуге, кәсіпорындарға экскурция ұйымдастыруға қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет