Тақырыпқа арналған мазмұны: «Soft skills»


«Soft skills» мақсаты, мәні, міндеттері мен маңызы



бет2/3
Дата07.11.2023
өлшемі33.41 Kb.
#482570
түріРеферат
1   2   3
СОФТ СКИЛС ТУКЕНОВ 1 зад.

«Soft skills» мақсаты, мәні, міндеттері мен маңызы

Soft skills дағдыларына жатады: сыни тұрғыдан ойлау, мәселені шешу, дәлел келтіру; ғылыми-зерттеу дағдылары мен әдістері; шығармашылық, қызығушылық, қиял, инновация; тұрақтылық, өзін-өзі басқару, жоспарлау; ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жұрт алдында сөйлеу және презентация жасау, тыңдау; көшбасшылық, топтық жұмыс, ынтымақтастық; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетсауаттылық, деректерді түсіндіру және талдау, бағдарламалау.

Soft skills дағдыларды қашан және қалай дамыту керек? Soft skills дағдылары адамға туғаннан берілу мүмкін, мысалы: табандылық, жақсы есте сақтау, қызығушылық. Баланың ерте жас кезеңіңен басталып, үздіксіз өмір бойы дамиды. Ол дағдыларды мектепте арнайы оқытпайды, бірақ оларды дамытудың алуан түрлі жолдары ұсынылады: Балаларға арналған секциялар мен үйірмелер құзыреттіліктің барлық түрлерін дамытады.

Қазіргі уақытта оқу бағдарламаларын жобалау орталығы, дүниежүзілік экономикалық форумы, экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы сияқты беделді ұйымдары дербес зерттеулер негізінде қоғам өмірінің өзгеруіне елеулі дәрежеде әсер ететін бірнеше әлемдік тенденциялардың ықпалын анықтайды. Олардың ішіндегі ең басты және жиі кездесетін үрдістер: біріншіден, өмір сүру және әлем жағдайының өзгеруінің өте жылдам қарқынмен жүруі.




  1. «Soft skills» түрлері: soft skills (икемді)және hard skills (қатты), оларға сипаттама

Hard skills – аясы тар, күнделікті жұмыс барысында нақты міндеттерді шешу үшін қолданылатын кәсіби дағдылар. Бұларды аз уақытта меңгеруге болады. Hard skills техникалық білімдерге негізделген және оқу, үйрету процесінде қалыптасады. Soft skills. Бұл дағдылар мен қабілеттер өмірде де, жұмыста да дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.



  1. Адам өміріндегі коммуникацияның алатын орны мен рөлі

ХХ ғасырдың ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: «ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде ақпараттың басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми техникалық, экономикалық, саяси - әлеуметтік мәліметтер қағаз күйде – ЭЕМ жадында сақталады. Соның салдарынан ХХІ ғасыр басында осындай ақпаратты пайдалана алмайтын адам ХХ ғасыр басында оқи да, жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...», - деген болатын. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы Жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағытының үшінші тармақшасында «Он – лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдарының кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық – телекоммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.


Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығындағы «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасында «Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады», — деп көрсетіледі [1]. Ақпаратқа ие бола отырып, оны тиімді және оңтайлы пайдалануға бағдарлану өмірдің кез келген арнасында қажетті екені сөзсіз. Аталмыш бағдарламаның негізгі міндеттері — мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтікэкономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту болып табылады. Ақпарат құралдары, теледидар, радио, смартфондар және т. б. отбасынан тыс тұлғаның мінез-құлық үлгісіне, қызығушылықтарына және құндылықтарына әсер ететін арнаға айналды. Осы орайда соңғы кездері тұлғалық және дәстүрлі отбасылық құндылықтардың сипаты өзгеруде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет