Тақырыпт ық жоспар


-сабақ. 4.15.тақырып .Тәжірибелік сабақ. Сенімхат. Қолхат



бет20/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

23-сабақ.
4.15.тақырып .Тәжірибелік сабақ. Сенімхат. Қолхат.
Сенімхат – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (азамат, кәсіпорын) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.
Сенімхат екі түрлі болады. Біреуі мекеме, кәсіпорын атынан берілетін сенімхаттар, екіншісі жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар. Ресми сенімхаттар сол мекеме атынан мәміле жасауға (совершать сделки) немесе басқа іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкілеріне ресімделеді.
Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірген тұлғаға өзінінің орнына жеке басындағы іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық береді. (жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, құжаттар алуға, қол қоюға, машина жүргізуге, банктегі есептерді пайдалануға т.б.).
Сенімхат белгілі бір мерзімге беріледі. Егер мерзімі көрсетілмесе, онда құжат берілген күннен бастап бір жылға ғана өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілмеген болса, құжат өз күшін жояды, жарамсыз болып есептеледі. Құжат міндетті түрде нотариуста куәландырылады.
Құрылымы: Ең алдымен жолдың ортасына «Сенімхат деген сөз жазылады. Содан соң күні, айы, жылы, мекен-жайы жазылады. Сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғалардың аты-жөні, мекен-жайы, жеке басы куәліктерінің мәліметтері, орындалуға тиісті іс-әрекет көрсетіледі де сенім білдірушінің қолы қойылады. Осыдан кейін нотариуста куәландырылады.
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, зат, ақша, мүлік т.б.) алынғанын куәландырылатын ресми құжат. Жолдың ортасына: «Қолхат» деп құжаттың атауы жазылады. Ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәліктерінің мәліметтері және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Нотариуста қолхат куәландырылады. Қолхат үш дана етіп жазылады. Біріншісі нотариуста, екіншісі қолхат берушіде, үшіншісі қолхат алушыда сақталады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Сенімхат қандай құжат?

  2. Оның неше түрі бар?

  3. Құрылымы қандай?

  4. Қолхат қандай құжат?

  5. Құрылымы қандай? Бақылау тапсырмалары:

1)Үлгі бойынша сенімхат жазыңыздар. 2) Үлгі бойынша қолхат жазыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет