Тақырыпт ық жоспар


-сабақ. 4.14.тақырып .Тәжірибелік сабақ. Өтініш. Анықтама



бет19/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

22-сабақ. 4.14.тақырып .Тәжірибелік сабақ. Өтініш. Анықтама.
Өтініш – ресми іс қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда мекеме басшысы атына белгілі бір тәртіп бойынша жазылады. Ең алдымен қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады. Онда мынадай мәліметтер болуы керек: мекеменің атауы, мекеме басшысының және өтініш иесінің қызметі, атақдәрежесі және аты-жөні (барыс және шығыс септіктерінде). Сосын қағаздың ортасына «Өтініш» деген сөз және азат жолдан өтініштің мәтіні жазылады. Соңында өтініш иесінің қолы қойылады, күні, айы, жылы көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша бұйрық шығарылады. Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс), мерзімі көрсетілуі тиіс.Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.
Анықтама – белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Анықтама мазмұны қысқа болады. жолдың ортасынан «Анықтама» деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда кімге, не үшін берілгені және қай мекеме берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылып, жарамдылық мерзімі жазылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Өтініш кімнің атынан жазылады?
2.Өтініш кімнің атына жазылады?
3.Өтініш қандай жағдайларда жазылады? 4.Өтініштің деректемелері қандай? (құрылымы)
5.Өтініш бойынша қандай құжат шығарылады?
6 Анықтама не үшін беріледі?
7. Оның құрылымы қандай? Бақылау тапсырмалары:
1.Сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, өтініш жазыңыз:
сұраймын, 2004 жылғы, 1 мамырға дейін, менің, ұзартуыңызды, мерзімін, еңбек келісімнің .
2. Сапар Жолдыбаевтың Семей геологиялық колледжінде оқитынын растайтын анықтама жазыңыз: ол 2-нші курста, Бк-91 тобында оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет