БАКЖАН
Зияткерлік көлік жүйесі
Көлік пен логистиканы цифрландыру тұрғысынан «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасы іске асырылып жатыр, ол автомобиль жолдары, көлік құралдары, ақылы жолдар арқылы жүру, қалааралық автобустардағы жолаушылар, сондай-ақ рәсімделген билеттер туралы мәліметтерді жинайды және өңдейді.
Зияткерлік көлік жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірі — Ақы алу жүйесі, сонымен қатар Жол қозғалысы қатысушыларына жолдағы жағдай туралы ақпаратты жинау және ұсыну жүйесі болып табылады. Бүгінде 3 учаскеде Ақы алу жүйесі іске қосылды: Алматы – Қапшағай (42 км), Алматы – Қорғас (295 км) және Нұр-Сұлтан – Теміртау (134 км) жалпы ұзындығы 471 шақырым. Көліктік бақылауды автоматтандыру үшін 24 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы енгізілді. Олардың көмегімен 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап салмақ параметрлері бойынша 82 бұзушылық анықталды және алымдар мен айыппұлдар түрінде шамамен 8,6 млн теңге өндіріп алынды. 51 жобаны іске асыруға бастама білдірілді, оның 16 жобасы аяқталды.
Astana Hub
Бүгінгі таңда Astana Hub-та салық, еңбек және визалық жеңілдіктер алуға жағдай жасалған, стартаптарды дамыту бағдарламалары бар. Жалпы алғанда, бүгінде технопаркке 163 АT-компания, 700-ге жуық стартап, 17 R&D отандық және шетелдік АT-компаниялардың орталықтары (CISCO, NOKIA, IBM, Microsoft және басқалар), заманауи халықаралық оқыту әдістемесі бойынша «alem» бағдарламалау мектебі кіреді. Жергілікті қамту үлесі 57,7%-ды құрады.
МАНАС
Astana Hub алаңында 2019 жылы 530 іс-шара өткізілді, оған 17 мыңға жуық адам қатысты. 2019 жылы 25 халықаралық ұйыммен инновациялық өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Бұл шаралар стартап мәдениетті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға және 2019 жылы отандық стартап жобаларға 18 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Қазақстанның АТ-нарығына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі соңғы 2 жылда шамамен 32,4 млрд теңгені құрады. Қабылданып жатқан шаралар республикалық деңгейде Astana Hub бағдарламаларына одан әрі қатысу және халықаралық әріптестермен ынтымақтастық орнату үшін өңірлерде pre-seed сатысында инновациялық жобаларды дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |