Тайман "Индустрия 0"


Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру



бет10/11
Дата02.01.2022
өлшемі23.46 Kb.
#453792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Индустрия 4

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстарын жүргізу аясында Мемлекеттік қызметтер тізіліміне 723 қызмет енгізілген, оның ішінде 580 қызмет немесе 80,2% электронды түрде көрсету көзделген. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді, соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтер саны 17-ге (740-тан 723-ке дейін) қысқарды. Қазіргі таңда өтініш берушілерге 17 проактивті және 21 композитті мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жүргізілген оңтайландыру жұмыстары құжаттардың орташа пакетін 30%-ға, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімін орта есеппен 3 есеге қысқартты. Зерттеу нәтижелерін алу уақыты 1,8 есеге (7 сағаттан 4 сағатқа дейін) қысқартылды.



ТАЙМАН

2018 жылдың нәтижелері бойынша 10 нысаналы индикатор мен 20 көрсеткішті іске асыру қарастырылды, оның ішінде түрлі халықаралық рейтингтердегі еліміздің орны бар. Мәселен, 2018 жылы еліміздің позициясы Халықаралық электр байланысы одағының Киберқауіпсіздік жаһандық индексі деңгейі бойынша жақсарды. Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) есебіне сәйкес, Қазақстан 2018/2019 Киберқауіпсіздік жаһандық индексінде 40 орын алып, өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда 42 пунктке көтерілген (82 орын). Қазақстан бұл индекс бойынша 90-ші орын алып, өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда 12 пунктке көтерілді (102 орын). Биыл цифрлық сауаттылық бойынша оқытылған тұрғындардың жалпы саны 532 мың азаматты құрады (жоспарда 462 846 адам). Сонымен қатар, әлеуметтік әлжуаз топтан 78,3 мың азамат цифрлық сауаттылыққа оқытылды.



БАКЖАН

"Қостанай минералдары" АҚ кәсіпорын Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуді толық қолдайды.


Бекітілген цифрлық стратегия шеңберінде Индустрия 4.0 негізгі элементтері айқындалды және бүгінгі күні жобаларды табысты енгізу жүріп жатыр. Кәсіпорынды дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі бизнесті цифрлық трансформациялауды қабылдау болып табылады. 2012 жылы ескі ұсатқыштарды цифрлық басқарылатын заманауи ортадан тепкіш ұнтақтағыштарға ауыстыру жүргізілді. Бүгінгі таңда бір сатыға ауыса отырып, байытудың технологиялық схемасы жаңғыртылды. Зауыттың энергия тиімділігін айтарлықтай жақсартты. 2013 жылдан бастап "Цифрлық кеніш"жобасы толық қарқынмен іске асырылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет