Такырыбы: Eclipse ide платформасы, Java Eclipse ide платформасы



бет3/4
Дата26.10.2022
өлшемі80.5 Kb.
#463421
1   2   3   4
Ташимова АК. СӨЖ

Веб-қосымшаларды сайттың мобильді нұсқасы деп атауға болады, мұндай қосымшалардың кеңейтілген интерфейсі бар. Бұлар арнайы дүкендерде орналаспайды, тек браузер жұмысы үшін қолданылады. Осындай қосымшалардың жұмыс жылдамдығы ғаламтор байланысына тәуелді, сонымен қатар, жылдам құрастырылуы мен төмен бағаға ие. Кроссплатформалы болып саналатын стандартты мынадай веб-технологиялар қолданылады: HTML5, JavaScript және CSS.
Android Studio ортасында қарапайым қосымша құру алгоритмін қарастырайық. Ол үшін алдымен осы бағдарламалау ортасының интерфейсі мен жобаның құрылымына сипаттама беріп өтейік.
Жобаның құрылымы:

  • src –қосымшаның (java-класының) «бастапқы коды»;

  • assets – бос директория. Raw-файлдарды сақтау үшін қолданылады.

  • gen – генерациялантын жүйелі файлдардың орны. Яғни, жобада қолданылатын барлық ресурстардың идентификаторы сақталады.

  • libs – қосымшада қолданылатын әртүрлі кітапханалар;

  • res – жоба ресурсы;

  • AndroidManifest.xml – жобаны сипаттау файлы;

  • project.properties – жобаның баптауларынан тұратын файл.

Жобаның ресурстары:

  • anim – анимациялық нысандарға компиляциялайтын XML файлдардан тұрады;

  • color – түстерді сипаттайтын XML файлдардан тұрады;

  • drawable – Drawableshapes және Drawableobjects сипаттайтын XML, 9-Patch файлы, растрлық файлдардан тұрады.

  • layout – экран макетын сипаттайтын XML файлдардан тұрады;

  • menu – қосымшаның менюін анықтайтын XML файлдардан тұрады;

  • raw - еркін файлдарды сақтау үшін қажет;

  • values – ресурстың көптеген түрлерін компиляциялайтын XML файлдардан тұрады;

Жобаны құрастыру үшін болуы қажет талаптар:

  • Java Development Kit

  • Android Software Development Kit

Мысал. Бір экранды (Activity) қолдану арқылы қосымша жасау [3]. Екі activity құру керек және олардың арасында бір-бірінен ауысуды ұйымдастыру керек. Алгоритмі төмендегідей жүзеге асуы қажет:

  • жаңа жоба құру;

  • қосымша атын жазу;

  • Next – Empty activity – MainActivity – FINISH батырмасын шертеміз

  • жұмыс аймағына TextViewжәне Button орналастырамыз:

  • TextView – Бұл бастапқы бет;

  • Button –Келесіге ауысудеген мәтіндерді жазамыз.

  • Бос activity құрамыз: App – тышқанның оң жақ батырмасын шерту – New – Activity – Empty Activity – бұл құрылған activity атауы:Main2Activity

  • MainActivity.java ашамыз, төмендегі кодты жазамыз: public classMainActivityextends AppCompatActivity { private Button b;

protected void onCreate (NundlesavedInstance ) { super.onCreate (savedInstanceState); setContentView (R.layout.activity_main);
b = (Button) findViewbyId(R.id.button); b.setOnClickListener (new View.OnClickListener () { public void onClick(View view) {
Intent I = new Intent (packageContext: MainActivity.this, Main2Activity/class);
startActivity(i);
}});
}}
Нәтижесін виртуалды құрылғыда немесе өзіңіздің Android операциялық жүйедегі телефоныңызда тексере аласыз. Жалпы қосымшаны тестілеудің мынадай түрлері бар:

  • функционалдық тестілеу - берілген талаптарда сипатталғандай жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тестілеу;

  • қолданылуы бойынша тексеру - қосымшаның мүмкіндіктерін пайдаланушыға ыңғайлы және интуитивті болуын тексеру үшін тестілеу;

  • құрылғыға арнайы тестілеу - құрылғылар мен операциялық жүйенің комбинацияларының көптігінен тестілеу кезінде бағдарламаның көптеген экран өлшемдері мен OЖ нұсқаларында тексеру;

  • Beta тестілеу - бұл қолданбаның түрлі құрылғыларда, орындарда, операциялық жүйеде және желілік шарттарда қалай жұмыс істейтінін жан-жақты көру [5].

Мобильді қосымшаларды құрастырудың заманауи технологиясы дамып, кешенді түрде қолданып келе жатыр. Технологияның қарыштаған заманында күн сайын мыңдаған мобильді қосымшалар құрастырылып, Google Play және Apple App Stores-қа жарияланып, кең қолданысқа шығуда. Бұл мобильді қосымшалардың ең көп тарағандары әртүрлі ойындар мен қарым-қатынас жасауға арналған әлеуметтік желілер және көптеген электрондық коммерциялық қосымшаларды атауға болады. Барлық қосымшалар, егер кәсіби түрде құрастырылса, мобильді қосымшалар адам өміріндегі күнделікті іс- әрекетін жеңілдету үрдісіне пайдасы мол болмақ.


Бекіту сұрақтары

  1. Eclipse IDE платформасының мүмкіндіктері

  2. Eclipse IDE қалай орнатылады?

  3. Java Eclipse IDE платформасы не үшін қажет?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет