ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы»



жүктеу 118.63 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі118.63 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18-22.1.81/01 -2015



ПОӘК

Оқытушыға арналған пән «Қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы» бойынша бағдарламасы



Басылым № «___»_____20____ж



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы»
6М080200- «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығына арналған
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ





СЕМЕЙ

2015



Алғы сөз



1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы _________«____»___________20____ ж.

Б.С.Ахметова, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасының доценті


  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Кафедра мәжілісінде «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен»

Хаттама №__ «____»_____20___ж


Кафедра меңгерушісі ________ Б.Ахметова
2.2. Факультеттің Аграрлық оқу - әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама №___ «____»_____20___ж


Төраға ____________Г.Джаманова
3 бекітілГЕН

Университеттің оқу - әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама №___ «____»_____20___ж
ОӘК төраға _____________ Г.Искакова
4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН









МАЗМҰНЫ

1 Қолдану саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің (модулдің) мазмұны

5 Магистранттардың өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі

6 Оқу-әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету қартасы

7 Әдебиеттер



1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
«Қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы» пәнінің оқытушыларға арналған оқу жұмыс бағдарламасы 6М080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтарының магистранттарына арналған оқу - әдістемелік кешеннің құрамына кіреді. Осы құжат қой малын өсіру мен оның тұқымдарын, қой малынан өндірілетін ет, жүн, елтірі өндіру жолдарын және тағы басқа технологияларын оқу процесін ұйымдастыру негізгі орындау тәртібін жүйеге келтіреді және «Мал шарушылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасында пайдалануға арналған.
2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Аталған оқытушыға арналған бағдарлама «Қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы» пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сай бекітеді:

- Мемлекеттік жалпыға білім беру деңгейіне сай білім беру стандарты;

- 6М080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығына бойынша элективті пәндер каталогы;

- «Қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы» пәнінің оқу бағдарламасы;

- СТУ 042- СМУ-4-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ҚП 042-1.01- 2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.



3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы» пәнінің мазмұны: ауыл шаруашылығында қойдың еті, жүні, елтірісін өндіру технологиясы пәнін оқу барысында қой малдарының өнімдерін, оның ішінде тұқымдарына байланысты ет, жүн, елтірі өнімін неғұрлым интенсивті жолмен дамуын дұрыс деп санау керек.

Қой малдарының ұдайы өсуінің негізгі теориялық және практикалық ерекшеліктерімен және қой малдарын күтіп бағу, сұрыптау, өсіру биотехнологияларымен және қой малдарының асыл тұқымдылық және өнімділік, шаруашылықтық және биологиялық ерекшеліктері. Қой жүнін өндіру технологиясы. Қой малдарының көбею әдістері. Қой өнімділігі және асыл тұқымдылық бағалау. Қой жүнін кластаумен танысу.

3.2 Пәнді оқыту мақсаты:

Қой малдарының биологиялық ерекшелігін, одан алынатын ет, жүн өнімділігін өндіру жолдарымен танысу. Ет және жүн өндіруде оған әсер ететін факторларды білу.

Ет өнімділігінің көрсеткіштері, жүннің қасиеттеріне әсер ететін факторлармен, оны дайындау стандарттарымен магистранттарды таныстыру. Магистранттарға қой тұқымдары туралы, оларды өсіру өңірлері мен өнімділіктердің ерекшелігі, жүн, ет өнімдерін өндіру биотехнологиясы туралы теориялық терең білім беру.

3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:

- қойлардың биологиялық және шаруашылықтық ерекшеліктерін оқып үйрену;

- аз шығын шығарып экологиялық таза өнім алу үшін және қой шаруашылығы селекциялық және асылдандыру жұмысы, азықтандыру, күтіп-бағу жөнінен, сондай- ақ қой шаруашылығы өнімдерін өндіру мен оны алғашқы өңдеу негіздерін ұйымдастыру жұмыстарын қазіргі кездегі ғылым жетістіктерімен үйрету.

3.4 Білім алу нәтижесі:

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы міндетті:

білу:

- қой малдарының шаруашылықтық және өнімділік сапасын оқу;

- жүннің технологиялық қасиеттерін, таза талшық шығымын, жүн класын анықтап үйрену;

- қой шаруашылығында генетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;

- қой шаруашылығының келешектегі дамуы үшін жүн мен ет өндірудің жаңа технологияларын меңгеру.

меңгеру:

- қой малдарының асыл тұқымдылық және өнімділік, шаруашылықтық және биологиялық ерекшеліктерін;

- қой жүнін өндіру технологиясын;

- қой малдарының көбею әдістерін;

- қой өнімділігі және асыл тұқымдылық бағалауды;

- қой жүнін кластауды.



иелену: Ауыл шаруашылығы саласына білімін тәжірибе жүзінде қолдана білу керек.

істей алу: қой малдарының асыл тұқымдылық және өнімділік, шаруашылықтық және биологиялық ерекшеліктері бойынша бағалауды жүргізуді.

түсіну: Ет және жүн өнімінің сапасын жақсарту мақсатында әр түрлі бағыттағы қой тұқымдарын өсірудегі мақсат.


    1. Пән пререквизиттері:

3.5.1 балық шаруашылығы;

3.5.2 құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің заманауи технологиясы;

3.5.3 ірі қара, қой және жылқы төлдерін бағыттап өсіру;

3.5.4 ауыл шаруашылы малдары мен құстарының өнімділігін жоғарылатудың селекциялық әдістері

3.5.5 мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің инновациялық әдістері
3.6 Курс постреквизиттері:

- жоқ
кесте 1



Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс

сағ


Тәжсағ

МОӨЖ сағ

МӨЖ

сағ


Жалпы сағ

Қорытынды бақылау түрі

2

3

3

15

30

23

67

135

Емтихан



4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ


кесте 2

Тақырыптардың аталуы және мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1 Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы


Блок 1 Қой жүнінің типтері мен топтары

1. Халық шаруашылығындағы қой шаруашылығының маңызы

1

Блок 2 Қой жүнінің типтері мен топтары

2. Қой жүнінің физика –механикалық қасиеті

1

Модуль 2 Қой тұқымдары

Блок 1 Таза талшық шығымын анықтау

3. Жүн ақаулары

1

4. Қой малдарының жүн өнімділігі

1

Блок 2 Қой жүнін дайындау стандарты

5. Шайырдың маңызы

1

6. Жүн өндіру технологиясы

1

Модуль 3 Қой малдарын сұрыптау мен жұп таңдау

Блок 1 Жүн өндіру технологиясы

7. Қой жүнін кластау

1

Блок 2 Биязы жүнді кластау

8. Ет өнімділігі және ет өнімділігін жоғарылату әдістері

1

9. Биязылау жүнді кластау

1

Модуль 4 Қой малдарын өсіру әдістері

Блок 1 Қой малдарының бонитировкасы

10. Қой малдарын өсіру әдістері

1

11. Биязы жүнді қой малдарының бонитировкасы

1

Блок 2 Қой мен ешкі бонитировкасы




12 . Қой малдарын сұрыптау мен жұп таңдау

1

13. Ешкі жүнін кластау

1

14. Биязылау жүнді қой малдарының бонитировкасы

1

15. Ұяң жүнді кластау

1

Тәжірибелік сабақтар

Модуль 1 Қой жүнінің типтері мен

топтары.


Блок 1 Қой жүнінің физика –

механикалық қасиеті



1. Таза талшық шығымын анықтау

2

2. Жүн ақаулары

2

3. Шайырдың маңызы

2

4. Қой жүнін дайындау стандарты

2

Блок 2 Биязы жүнді кластау




5. Қой малдарының жүн өнімділігі

2

6. Жүн өндіру технологиясы

2

Модуль 2 Биязылау жүнді кластау

Блок 1 Ұяң жүнді кластау

7. Қылшық жүнді кластау

2

8. Ешкі жүнін кластау

2

Блок 2 Биязы жүнді қой малдарының бонитировкасы

9. Биязылау жүнді қой малдарының бонитировкасы

2

10. Ұяң жүнді қой тұқымдарының бонитировкасы

2

Модуль 3 Қылшық жүнді қой тұқымдарының бонитировкасы

Блок 1 Қой малдарының көбеюі

11. Қой тұқымдары

2

12. Қой малдарын күтіп – бағу мен азықтандыру

2

13. Қой жүнінің типтері мен топтары

2

Блок 2 Қой малдарын сұрыптау мен жұп таңдау

14. Ет өнімділігі және ет өнімділігін жоғарылату әдістері

2

15. Қылшық жүнді қой малдарын бонитировкалау

2



5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1 Қой өсіруді жақсартудың болашағы.

5.2 Қой шаруашылығының негізгі бағыттары.

5.3 Дамыған шет елдердегі қой шаруашылығының жағдайы.

5.4 Жүннің химиялық құрамы және қасиеттері.

5.5 Жүн жабыны мен терінің түзілуі.

5.6 Жүннің физикалық қасиеттері.

5.7 Қой малдарының даму кезеңдеріне байланысты ет өнімділігінің қалыптасу ерекшеліктері.

5.8 Қой малдарының ет өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар.

5.9 Шет елдердегі қаракөл шаруашылығы.

5.10 Шет елдердегі қой шаруашылығы.

5.11 ТМД елдеріндегі қой тұқымдарын шығару сынақтары.

5.12 Шет еледердегі қой тұқымдары.

5.13 Популяциялық генетиканың негізгі талаптары мен олардың қой селекциясындағы маңызы.

5.14 Қой шаруашылығында гетерозисті пайдалану.

5.15 Қой маладрын будандастыруда құнды генофондтарды пайдалану.

6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

Кесте 3





Әдебиеттер және оқу методикалық құжаттар

Экземплярлар саны

Магистранттар саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

Сәбденов Қ.С., Құлатаев Б.Т. «Қой шаруашылығы және жүн, каракөл мен ет өндіру тәсілдері» практикум 2006

10

2

100

2

Бурамбаева Н.Б.

Нуржанова Г.Х.

Ахметова Б.С. «Қой шаруашылығының практикумы» Алматы 2009


1

2

100



7 ӘДЕБИЕТ
7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Сәбденов Қ.С., Құлатаев Б.Т. «Қой шаруашылығы және жүн, каракөл мен ет өндіру тәсілдері» практикум 2006

7.1.2 Бурамбаева Н.Б., Нуржанова Г.Х., Ахметова Б.С. «Қой шаруашылығының практикумы» Алматы 2009
7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Нұрғазы, Қ.Ш. Мал шаруашылығы негіздері. Практикум.- Алматы, 2008

7.2.2 Зоотехния негіздері / Е.Шакенов.- Астана, 2007

7.2.3 Садықулов, Т. Мал өсіру және селекция пәнінің практикумы.-Алматы,1998



      1. Қой шаруашылығы және қаракөл мен ет өндіру тәсілдері.-А.,1992




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет