Абая: величайший неизвестный поэт Казахстана» не стоила бы
выеданного яйца, если бы автор с претензией на всемирную славу
первооткрывателя неслыханной «научной сенсации» не
опубликовала её на всеобщее обозрение, да еще прокоммен-
тировала свою статью в интервью порталу Stan.kz.
Подчеркну, что в жизни и творчестве Абая (Ибрагима)
Кунанбайулы едва ли осталось столько загадок и странностей,
сколько ничем необоснованных сомнений, фантастических
гипотез, домыслов, неверных или преднамеренно искаженных
дат тех или иных событий, имён, ошибочных суждений, ана-
лизов, поспешных выводов, порой и откровенных глупостей в
работе самой Зауре Батаевой. В своих пристрастных поисках
сенсационных «загадок» в биографии и творчестве не только
поэта-мыслителя, но и лидера «Алаш» А.Н. Букейхана и других,
она часто «ищет черную кошку в темной комнате, где её просто
нет». В доказательство своей правоты она не без пристрастия, но
совершенно не к месту приводит мнения далёких от абаеведения
лиц, ещё лучше – некоего загадочного блогера» (
«Абай.кз»), –
дей келіп, З.Батаеваның Абайға қатысты ашқан «жаңалық-
тарының» əрқайсысына жеке-жеке тоқталып, кел
тірген дəйек-
темелерінің, қолданған мысалдарының, айтқан пікірлерінің түкке
тұрмайтындығын дəлелдеп береді.
Абайды Шекспирмен салыстыруын, əңгіме өзегіне айнал-
дырып отырған Ə.Бөкейхановтың өзінің өмірбаянын, шығарма-
шылығын жақсы білмейтіндігін, белгілі қоғам қайраткері, публи-
89
цист Дінмұхамед Сұлтанғазинді «Сұлтан Ғазин» (сонда «Сұл-
тан» аты, «Ғазин» тегі болып шыққан) деп жазып, онымен тұр-
май, Əлиханның көп лақап атының бірі деп, шатасуын, Абайдың
аты Ибрагим емес, Ыбырай («...его настоящее имя могло быть
Ыбырай, а не Ибрагим») деп, күдік келтіруін, алашордашы-
лардың ішінен сталиндік зұлматтан М.Əуезов қана аман қалды
деген сияқты
толып жатқан білместіктерін санамалап тұрып, тізіп
берген. Абай деген қазақтың он тоғызыншы ғасырда өмір
сүргеніне күмəн келтірген авторға ұлы ақынның бізге жеткен
суреттерін көрсетіп, кейбір жазба деректерді де алға тартқан.
З.Батаеваның орыс тілінде жазған мақаласына сол тілде
жауап жазған Сұлтанхан ерінбей отырып, ондағы дұрыс ниетпен
айтылмаған негізгі ой-пікірлердің барлығын дерлік, жоққа
шығарып, арам пиғылды өрге бастырмайды. Көлемді (30 бет)
мақалада Абайтанудың осы уақытқа дейінгі жетістіктерін жоққа
шығарып, өзінше «Американы ашып», өзіндік үнімен, жолымен
жаңа бағытты бастамақ болған жаңа əрекеттің түкке тұрғысыз
екендігінің бет пердесі барынша ашылған.
Қазақта «Ит үреді, керуен көшеді» деген сөздің мəні
тереңдігіне бүгінгі замана көші көзімізді жеткізіп отыр. Заманмен
бірге қазақтың бар сəн-салтанатымен Абай көші де келеді.
Көштің «көлікті болып», ұзаққа баратынына сенім мол. Оған
Абайдың əлемдік деңгейдегі аренаға шыға бастауы − дəлел.
«Іштен шыққан жау − жаманға» көзіміз жетіп, олар Абайдың
шаужайына жабысып, қаралап жатқанда,
осы бір ұлттық əдебие-
тіміздің аса бір маңызды мəселесіне шетелдік ғалымдар да пікір
білдіре бастапты. Солардың бірі жапон ғалымы
Томохико Уяма-
ның осы мəселеге орай білдірген пікірін сол күйінде ұсынып
отырмыз:
«Өкінішке орай, Батаеваның мақаласы мұқияттықтан алыс.
Біріншіден, ол негізгі маңызды фактілерді білмейді. Мен
олардың кейбіреулерін ғана келтіремін.
– Ол бірқатар мұрағат құжаттарында кездесетін «Волостной
управитель» Ибрагим Құнанбаевтың барын білмейтін сияқты.
Ибрагим (Ибраһим) есімі қазақ фонетикасына сəйкес келмейді
деп болжай отырып, Батаева бұл нақты адамның аты емес деп
болжайды, бірақ сол кездегі қазақ тілі «тазартылмаған» еді,
90
көптеген сөздер мен атаулар басқа мұсылман түркі тілдерінде-
гідей жазылды.
– Ол Абайдың алғашқы кітабын 1909 жылы Санкт-
Петербургте И.Бораганскийдің баспадан шығарғанын растау
мүмкін емес деп айтады, өйткені Орталық академиялық кітап-
хананың сайтында басылымның мəліметтері бар титулдық парақ
кітаптың екі электронды нұсқасында жоқ. Бірақ басқа кітап-
ханаларда, соның ішінде Санкт-Петербургтегі орыс ұлттық
кітапханасында да бұл кітап бар. Қ.Мұхамедхановтың Бораган-
ский туралы кітабында титул парағының фотокөшірмесі бар
(http://pushkinlibrary.kz/docs/Boraganskii.pdf).
– Батаева Абайдың орыс жер аударылғандарымен кез-
дескендігі туралы жəне олардың хаттарында Абай жайында
табылмағандықтан ешқандай дəлел жоқ деп жазады. Бірақ біз
Лобановскийдің Абайдың портретін, Михаэлистің ескерт-
кішіндегі Абайға егжей-тегжейлі сілтемені жəне Абайдың ұлы
Мағауияға жазған хаты туралы білеміз. Батаева олардың түп-
нұсқалығы туралы дауласуға құқылы, бірақ ол үшін ол оларды
тексеруі керек.
– Ол Мұхтар Əуезов Абай туралы 1933 жылға дейін
жазбаған дейді, бірақ оның Абай туралы бірнеше шығармалары
бар, олар 1918 жылы «Екеу» бүркеншік атымен шыққан, Тұрағұл
Құнанбаев пен Əуезовтікі деп саналған немесе Əуезов пен
Жүсіпбек Аймауытовтікі. Тағы да, ол бұл анықтамамен дауласуы
мүмкін, бірақ алдымен оларды оқып шығуы керек.
– Ол «Сұлтан Газинді» «Дала Уалаятынының» газетіне үлес
қосушылардың бірі Бөкейхановтың бүркеншік аты деп санайды.
Бірақ Сұлтан Газин Дала генерал-губернаторының кеңсесінде
қазақ тіліне аудармашы болып жұмыс істеген Дінмұхамед
Сұлтанғазин болды.
Батаеваның зерттеуіндегі ең жағымсыз тұсы – оның араб
графикасында қазақшаны оқымауы (ол араб жазуын тран-
скрипциясы үшін басқа адамға алғыс білдіреді). Оның дəлел-
дерінің көпшілігі Абайдың алғашқы кітабы мен Мүрсейіт
қолжазбалары жалған деген болжамға негізделеді, бірақ қалай ол
өзі оқымаған кітап пен қолжазбаның шынайылығына дау
туғызуы мүмкін? Ол мағыналы текстологиялық жəне лингвис-
тикалық талдау жүргізбейді, стилистикалық талдауға тырыс-
91
қаны ыңғайсыз. ХХ ғасырдың үш онжылдығында қазақ тілінің
орфографиясы мен лексикасы тез өзгерді, осы кезеңнің қол-
жазбаларының түпнұсқалығын тексеру үшін лингвистикалық
талдаудың маңызы зор. Бұрын мен 1911 жылы жазылған жəне
қазақ жерінің тəуелсіздігіне шақырған құжатта кейінгі кезең-
дердің орфографиясы мен сөздік қорын қолданғандықтан оның
жалған болып көрінетінін байқадым. Мен Мүрсейіттің қол-
жазбаларын мұқият зерттеген жоқпын, бірақ əлі күнге дейін
ешқандай күмəнді белгіні таба алмадым.
Абай мен Жамбылдың ұқсастығы дұрыс емес. Абайдың
жазған еңбектері Совет өкіметін қуанта алмады. Қазақ совет
насихаттаушылары Абайды қайта түсіндіруге көп күш жұмсады
жəне оның антифеодалдық, исламға қарсы жəне толығымен
ресейшілдік бейнесін жасады. Өкінішке орай, бұл бұрмаланған
бейне белгілі бір дəрежеде жұмсартылғанына қарамастан, əлі де
сақталуда. Абай жазуларының маңызды, бірақ елеусіз қалған
жағы – олардың діни сипаты. Алаш зиялыларының да, советтік
насихатшылардың да күрделі ислам терминологиясын қолдана
отырып, діни философияға енген мəтіндерді жасауға ешқандай
негізі болмады (мүмкін, шамасы да келмеді) (Ағылшыншадан
аударған С.Ыбырай. «Abai. kz». 2020/07/30).
Зəуре Батаева мақаласының өн бойында халық ақыны Жам-
былмен бірге Абай да «отызыншы жылдары қолдан жасалынған
ақын» (Зауре Батаева. Загадка Абая: величайший неизвестный
поэт Казахстана. «Экспресс», 16.07.2020
) деген өзінің үлкен
жаңалық ретіндегі «ғылыми болжамын» дəлелдеуге барын
салғандығы көрінеді. Бірден айтарымыз, мақала авторы қаншама
«жаңа əдістеме» («...
мəселе менің кəсіби əзірлігімде емес, мəселе
қолданылған əдістемеде болып тұр»)
қолданғанымен де
мұнысынан ештеңе шығара алмаған, керісінше, онысы біраз
нəрсені бүлдіруге апарып соқтырған.
Бұл жерде ақынның
отызыншы жылдарға дейін жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ
не бір саяси «тар жол, тайғақ кешулерден» өтіп, «ұлы ақын»
ретінде таныла бастағанынан қазақ мектебін бітірген кез келген
көзі қарақты оқырман хабардар екендігін айтсақ та жеткілікті.
Төңкерістен кейінгі жылдардағы қазақ мəдениетіндегі
негізгі тақырыптардың бірі əдеби мұра болды. Өйткені билік
басына келген большевиктердің пролеткульт теориясы марк-
92
сизм-ленинизм ілімінің таптық принципін басшылыққа алды да
əдеби дамудың дəстүрлі сабақтастығын, жалғастығын жоққа
шығарып, өткендегінің бəрін ескі, бізге керегі жоқ деп жария-
лады. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жасаған, тірнектеп
жүріп жинаған əдеби мұрасының барлығы ескірген, көнерген, ал
жаңа заманның жаңа ұрпағы өз əдебиетін жаңадан жасауы керек
делініп, басты міндет ретінде алға қойылды. Басқасын былай
қойғанның өзінде ұлы Абайдың өзі феодализмнің ақыны деп
танылды.
Ə.Бөкейхановтың 1905 жылы «Семипалатинские запис-
киде» жарық көрген қазанамасынан бастау алып, кейіннен
К.Ысқақұлының, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың парасатты
пайымдауларынан кейін Абай қазақ əдебиетіндегі өзіне лайықты
орнын ала бастаған болатын. Ақындар Абайды жырға қосты.
М.Жұмабаев 1912 жылдың өзінде-ақ «Алтын хакім Абайға» деп,
жыр жырлады (М.Жұмабаев. Шығармалары. − А., 1989).
1918 жылы ақпан айынан бастап, Семей қаласында
Ж.Аймауытовтың редакторлығымен «Абай» журналы шыға
бастады. Журнал ақын Абайдың атымен аталды. «Абайдың»
алғашқы саны «Журнал туралы» деген «Екеудің» беташар мақа-
ласымен ашылды. Онда: «Сөз сыбырға, іс жыбырға айналды.
Береке кетіп, азды, тозды. Сол кезде қалың надан, қара тұманды
қақ жарып, тас жарып шыққан бұлақтай жарқ етіп Абай туды.
Ақылды дана, рахымды əділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге,
қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай
еді. Қазақтың əдебиетіне жөн берген: сөздің сыртын сырлап, ішін
түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бірдей
дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, харакет қыл, тəрбие ал,
ынсапты, адал бол деп қақсап өткен Абай еді. Халықтың қамын
же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай
болатын, өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім,
сезім, терең ойлылығына қарағанда, Абай қазақтан шыққан
философ (данышпан) екендігін айта келіп... кемеңгердің атына
арнап, журналымыздың атын «Абай» қойдық» − деп жазады.
«Басқа жұрттың атақты білімдісінен Абай кем емес, білімдіні
құрмет ете алмасақ − тоғышарлығымыз» [11], − деп, Абайды аса
жоғары бағалайды.
93
«Екеу» Абайдың сыр-сипатымен таныстыра түскен: «Əде-
биетімізге де негіз салған Абай, адамшылық, тəрбие, ғылым,
өнеркəсіп деген сөздерді терең ойлап, тексерген де Абай.
Қазақтың тұрмысын, өмірін, мінезін, айқын суреттеп, кемшілігін
көрсеткен де Абай. Солай болған соң журналды Абайға арнадық,
Абайды қай жерінен болсын ұстаз қылып, бетке ұстап, жастар
шəкірт болып, соңынан жүруге талап-танғандығын көрсетеді...
Еңбек қылған ер қадірін білу − ел борышы. Абайды құрметтеуге
бүкіл қазақ, оның ішінде көңілі жетік оқығандар борышты.
Абайды бетке ұстасақ, білгішке ергіш нысанамызды көрсетеміз −
бір, адамдық борышымызды атқарамыз − екі». Мақалада
Абайдың өлеңдері талданылмайды: оның халыққа, əдебиетке
сіңірген еңбектері санамаланып, үлгі тұтылады. Мақаланың соңы
«маңдайыма ұстаған ақын Абай − қазағым» деп, үмітпен
шығарып отыр» деген жолдармен аяқталады.
Абайдың 1909 жылы Қазанда, 1922 жылы Қазанда жəне
Тəшкенде басылып шыққан басылымдарын салыстыра отырып
профессор Əбдірахман Сағди салмақты ойлар өрбітті. Оның
«Абай» атты көлемді зерттеу мақаласы «Ақжол» газетінің 1923
жылғы 6 нөмірінде жарық көрді. Ə.Сағдидің «Абай» атты
мақаласы ұлы ақынның поэзиясын ғылыми тұрғыдан танып
білуге жасалған алғашқы қадамдардың бірі еді.
1922 жылы басылған Абайдың өлеңдер жинағына пікірлер
көріне бастады. Соның бірі ‒ І.Жансүгіровтің «Абай кітабы» атты
Тəшкен басылымына жазылған рецензиясында С.Мұқановтың
атақты «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер» атты
мақаласындағы Абай туралы айтқан теріс ойларына қарсылық
білдірді (І.Жансүгіров. Абай кітабы. «Тілші», 08.05.1923).
Бүкіл жиырмасыншы жылдары толассыз жүріп, отызыншы
жылдардың орта шеніне шейін жалғасқан қазақ əдебиеті қай
бағытта дамуы жайлы айтыстарда орталық мəселе Абай болды.
Пролеткультшылдар Абайды өршелене қаралап, «тарихтың
қоқысына тастауға» əрекет жасаса, ұлтшылдар оны жанталаса
қорғады. Өйткені қазақ ұлтының, мəдениеті мен əдебиетінің
болашақ тағдыры қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, арман-
мүддесін шынайы жырлаған Абай тағдырының шешілуімен
байланысты болатын; Абайды жоққа шығару арқылы қазақ
94
халқының ұлттық даму жолын жауып тастау пролеткульт-
шылдардың негізгі мақсаты-тұғын.
«Еңбекші қазақ» газетінде Б.Кенжебайұлының редак-
циялық «Абайдың өлеңдері туралы» мақалалары жарық көрді.
Бейсенбай «Абай ‒ өте ақын кісі, бұған өлеңдерінің суреттері,
ұйқасымдары, ойына келгенді қиналмай толқытып, түйдектеп
шығаратындығы дəлел. Осымен бірге Абай – сыршыл ақын...
Абай қазақтың жазба əдебиетін бастады, соған негіз салды.
Сондықтан Абай ‒ қазақ жазба əдебиетінің ағасы. Бұл орын
Абайға үлкендік те, кішілік те қылмайды. Абай өлеңдерін қарап
келіп шығаратын қорытындымыз: Абай – халық ақыны», – [12]
деген тұжырым жасаған.
М.Жұмабаев жасаған «Алқаның» бағдарламасында «Қазақ
əдебиетінің алыбы Абай ‒ қазақ даласына кеулеп кіріп келе
жатқан капитализмге, отаршылдыққа халықтың қанды жас төгіп,
еріксіз шалған бірінші құрбаны. Ел билеп, елге ақыл айтудан
бастап өмірден үміт үзуге, тұңғиық ойға барып тірелген Абайдың
өмірінің, ақындығының трагедиясы да тереңдігі осындай.
Абайдың алыптығы ‒ қыл көпірдің үстінде тұрғандығы, екі
қолмен, екі үмітпен алысқандығы, сондықтан қазақ əдебиетінің
ескі мағынасын, бұрынғы бағытын тереңдеткендігі, əдебиетке
жаңа түр кіргізгендігі.
Абай жиын-тойдың ақыны болмағандықтан, əсіресе баспа-
сөздің жоқтығынан, Абайдың əдебиеттегі бағыты, əсіресе түрі
елге тарай алмайды» (Қараңыз: Д. Қамзабекұлы. Руханият.
Алматы,1997, 75-бет). Ақынға жоғары баға берілді. Абай поэ-
зиясының өзіне лайықты бағасын алуға жиырмасыншы жылдары
əдеби айтысқа белсене араласқан Қошке Кемеңгеровтің 1925
жылы шыққан «Қазақ тарихынан» атты кітабының төртінші
бөлімінде осы мəселе бойынша парасатты ойлар айтты
(Қ.Кемеңгерұлы. Қазақ тарихынан. 1925, 73-бет). Əдебиет
туралы айтысқа қатысып, С.Сəдуақасов Абай туралы бірнеше
жерінде оңды пікірлер айтты (С.Сəдуақасов. Əдебиет əңгімелері.
«Еңбекші қазақ», 15-16.02.1927).
С.Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешен-
дер» («Еңбекші қазақ», 01.03.1923), Хамза Жүсіпбековтің
«Əдебиет тексеру ережелері. Əдебиетті Маркс, Ленин жол-
дарымен сынаудың негіздері», Ілияс Қабыловтың «Қазақ ақыны
95
Абайдың философиясы жəне оған сын» («Советская степь»,
02.08.1928), «Тағы да Абай жəне байшылдар туралы» («Еңбекші
қазақ», 20.11.1929), т.б. бірнеше қазақша, орысша жазылған
көлемді мақалаларда Абай бастан-аяқ саяси тұрғыдан қара-
ланды. Абайдың философиясын дінмен ұласқан буржуазиялық
идеалистік философияның қазақ даласындағы көрінісі деп
бағалап, партия ұйымдарының жуық арада міндеттерінің бірі
буржуазияның қалдығы ретінде Абай ілімін, оның жақтастарын
талқандау алға қойылды.
Ы.Мұстамбаев Абайдың ақындық тағдырына осындай қауіп
төніп тұрғанда, оны қорғау үшін барын салды. Абайды жоққа
шығаруға тырысқан осы сияқты пікірлерге қарсы «Ақын Абай
жəне оның философиясы» (Ы.Мустамбаев. Акын Абай и его
философия («Советская степь», 22.08.1928), «Абай» (Ы.Мұстам-
баев. Абай («Жаңа əдебиет», 1928, №7-8) мақалаларын жазып,
марксизм-ленинизм іліміне сүйене отырып, ақынды жала жабу-
шылардан ақтап, Ілиястың пікірлерін жоққа шығарады. Абай
қазақ əдебиетінің негізін салушы деген өз пікірін қорғап шығады.
1930 жылы Мəскеуде жарық көрген «Əдеби энцикло-
педияда» Абайдың мұрасы əлеуметтік тұрғыдан түсіндірілді. Ол
қазақ буржуазиясының идеологы, ұлтшылдық бағыттағы қазақ
əдебиетінің негізін қалаушы, сондықтан да ол қазақ халқының
өткен өмірін артық көріп аңсайды; өлеңдерінде марапаттайды,
өмірге еніп жатқан жаңалық атаулыға қарсы күреседі. Абай
негізін салған қазақтың буржуазиялық əдебиетін жалғасты-
рушылар қатарында Байтұрсынов, Дулатов, Құдайбердиев,
Қарашев, Жұмабаев, Дөнентаев, Мəжитов, Сейфуллин есімдері
аталып, олардың шығармашылықтарының негізгі сарыны
менмендік, ұлтшылдық, діншілдік деп сипаттаған (Литературная
энциклопедия. І том. ‒ Москва, 1930).
Жиырмасыншы жылдардағы əдеби пікірталастар бары-
сында Абайдың əдеби мұрасы жайлы бір-біріне кереғар екі бағыт
көрінді. Əдебиеттегі ұлттық дəстүрді ұстанып, Абайды
қорғағандар əдебиет сахнасынан күшпен қуылып, ақыннан
безгендер биліктің күшімен үстемдік алды. Қазақ əдебиетін
Абайдан айыру деген сөз оны ұлттық даму арнасынан айыру
екендігін түсінген ұлт зиялылары ұлы ақынды ақтап қалу үшін
барын салды.
96
Ақын мұрасы хақындағы өткен ғасырдың жиырмасыншы
жылдарында алғаш айтыла бастаған пікірлерді таратыңқырап
айтып жатқандағы себебіміз ‒ Əлихан Бөкейханов есімінің
Абайға қатысты бірде-бір жерде кездеспеуіне назар аудару. Егер
де жағдай З.Батаева айтқандай, алаш көсемінің ақын поэзиясына
қалай да бір қатысы болса, Абайды байшыл, ұлтшыл, ескішіл,
феодал деп, өз пікірлерін дəлелдей түсу үшін сөз таппай, еш-
теңеден тайынбай, барынша ғайбаттап жатқан пролеткульт-
шілдер мұндай жайтты міндетті түрде пайдаланған болар еді.
Осы жерде тағы да айтарымыз, Абай үшін айтысқа түскендердің
барлығы дерлік, Əлихан Бөкейхановтың замандасы, Абайды,
оның ақындық мұрасын жақсы білетіндіктен де З.Батаева
айтқандай жағдай болса, бірде болмаса, бірде қылаң беріп қалуы
əбден мүмкін-тұғын. Əлиханның есімі Абайға, немесе сол кездегі
əдебиетке қатысты дау-дамайлардың бірде-бір жерінде кездес-
пейді.
Абайды қаралаушы автордың Əлихан мен Абайды бір адам
деп келтірген дəлелдері мүлдем сын көтермейтіндігі көзі қарақты
оқырманға алыстан-ақ айқайлап тұр. Шындығын айтқанда,
қазақтың біртуар ұлы ақынын мансұқтаған бұл мақаланы қазақ
əдебиетінің тарихынан, абайтанудан онша хабары жоқ, не
болмаса, қазақ руханиятына деген пиғылы онша дұрыс емес
адамның жазғаны көрініп тұрғандай.
Рас, абайтанудың басында Ə.Бөкейханов тұрып, қалғыған
қазақ даласының бір түкпірінде ғұмыр кешіп, артына өлмес əдеби
мұра, рухани құндылықтар қалдырған ақын қайтыс болғанда,
ақынның ұлылығына алғаш бас иіп, қазанама жазып, мақалалар
жариялап, кітабын шығарудың басы-қасында болып, жалпақ
жаһанға жар салып, ұлттың рухани өмірінде тарихи рөл атқарды.
Кейін алаш көсеміне айналған Ə.Бөкейхановтың алаштық идея-
ларының негізіне Абай жырларының идеялық бағыты өзек
болды. Осылай болды екен деп, Абайды Ə.Бөкейханмен шатас-
тыру ақылға сия бермейді.
Кеңес өкіметінің алғашқы он жылдығындағы əдеби өмірге
қысқаша шолу мақала авторының Абай ғасыр басында есімі
белгілі болғанымен, шын мəнінде ақын ретінде 1933 жылы
өлеңдері кітап болып шыққаннан кейін ғана танылды («
Он стал
знаменитым писателем только в 1933 году, благодаря
97
государственному проекту публикации текстов Абая») деген
пікірінің біржақты екендігін көрсетеді.
Шындығында, Абайдың
ұлы ақын екендігі ғасыр басында-ақ Ə.Бөкейхановтың,
А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Айма-
уытовтың т.б. еңбектерінде барынша айтылғанымен де таптық
қоғамда пролеткультшылардың солақай əлеуметтік сындарына
ұшырап, көп теперіш көрді. Тек 1933 жылы Қазақстан жазу-
шыларына басшылық жасап келген ҚазАП тарағаннан кейін 1936
жылға, яғни жеке адамға табынушылықтан туындаған сталиндік
зұлматқа дейін созылған «жылымық» кезінде қазақ қаламгерлері
көп жұмыстар жасап үлгерді. З.Батаева əңгіме өзегіне
айналдырып отырған Абайдың толық шығармалар жинағы
ҚазАП-тың орнына жаңа жазушылар ұйымын құру жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің төрағасы І.Жансүгіровтің алғысөзімен
жарық көрді. Тіпті, 1936 жылы басталып, 1937 жылы ұлттық
атаулыны қынадай қырғаннан кейінгі қазақ əдебиеті мен
мəдениетіндегі Абайдың тарихи биік орны кешегі тəуелсіздік
алғанға дейін де сан-саққа құбылып келді.
Иə, өткен ғасыр басында-ақ «қазақтың бас ақыны», «қа-
зақтың ұлы ақыны» деп, таныла бастаған ұлт ақыны Абай
кеңестік кезеңде салтанат құрған таптық идеологияның сұрапыл
шабуылынан да аман-есен өтіп, тəуелсіз Қазақстан дəуіріне де
жетті. Енді қазақ бар жерде Абай да бар. Абай аңсаған, ашына
жырлаған өміршең ойлар енді қазақтың қазақ болып, мəңгілік
өмір сүру жолына қызмет етіп, жасай беретін болады.
З.Батаеваның қазіргі қазақ қоғамы тілдік, мəдени ұста-
нымдарына қарай қақ жарылып отыр дегенімен келіспеске
амалыңыз жоқ. Ал енді осы ойын айтып болар-болмас, артынша
осы жағдайға Абайды кіналауы көңілге кірбің ұялатады («
В
настоящее время казахское общество расколото по языковому и
культурному принципу, и хотя трудно определить, до какой
степени за этот раскол ответственен Абай, очевидно, что в его
текстах можно найти элементы, привлекательные для обеих
сторон...
Поэзия Абая могла бы объединить казахскую нацию – она
могла бы наполнить каждого казаха чувством гордости, что он
казах. Но в постсоветский период Абай стал фигурой, вызы-
вающей разногласия, символом культурного и лингвистичес-
98
кого раскола в казахском обществе» («Стан.кз»). Бұл енді басқа
рухани əлемде жүргендердің, шалақазақтардың өздерінің
кемшіліктерін көре алмай, көргісі келмей немесе мойындамай,
бар күнəні Абайға жабуы – кешіріңіз, күлкілі жағдай. Мақала
авторы Абай өмірде болмаған, Абай деп жүргеніміз ‒ Əлихан
Бөкейханов дей келіп, артынша-ақ ақын мұрасы дұрыс
зерттелмеген, орыс тіліне дұрыс аударылмаған, ақын орысшыл
болды, оның шығармаларын оқыған қазақ қауымы орыс тілді,
қазақ тілді болып қақ жарылды деген сияқты сыни ойларын
ортаға сала келіп, ол қазір қақ жарылған қазақтардың басын қоса
алатын бірден-бір ұлы ақын дегенді мойындауға мəжбүр болған.
Мақалада «негатив сөздер», сонысына қарамастан, бас-
тауыш сыныптардың оқулықтарына дейін кірген деп, ең қатты
сынға ұшырағаны Абайдың қара сөздері: «В сорока пяти про-
нумерованных текстах, составляющие «Слова назидания»,
казахи часто именуются «ленивыми», «невежественными»,
«завидующими друг другу» и даже «врагами друг другу». С
точки зрения критикующих, то внимание, которое казахские
школы на протяжении нескольких десятков лет уделяли
антиказахскому содержанию прозы Абая, нанесло удар по
самоуважению нескольких поколений казахов и создало
отрицательные стереотипы о казахах среди других этнических
сообществ, тем самым углубив раскол в обществе Казахстана», –
дей келіп, «То внимание, которое казахские школы на
протяжении нескольких десятков лет уделяли анти-казахскому
содержанию прозы Абая, нанесло удар по самоуважению
нескольких поколений казахов и создало отрицательные
стереотипы о казахах среди других этнических сообществ».
Осылай дегенімен де автор «Как мог кто-либо поверить, что
кочевник-казах XIX века, который, согласно официальной
биографии, всегда оставался верен кочевому образу жизни своей
семьи и предков, мог подвергать свой народ такой критике?» –
дей келіп, тіпті, ақынның кейбір қара сөздерін Ж.Аймауытов
сияқтылар, «Отыз сегізінші қара сөзін» молда жазған деген
сəуегейлік жасайды. «...кто написал «Слово тридцать восьмое»?
Исходя из его интонации и содержания, весьма вероятно, что его
написал мулла», – дей келіп, қалада емес, қазақтың кең
даласында өмір сүрген көшпелі қоғамның өкілі Абайдың
99
осындай ойлы, философиялық толғамдары терең өлеңдерді, қара
сөздерді жазғанына, халқының бойындағы кемшіліктерін түп-
тамырына дейін сынай алғанына күмəнмен қарайды.
Сын айтқанның барлығы жау емес. Өйткені əрбір адамның,
ұлттың бойында жақсы жақтарымен қатар кемшіліктерінің де
болуы ‒ өмірдің заңы. Өз кемшіліктерін көре білген, соны уақы-
тында жоя алған адам ғана, ұлт қана жетістіктерге жете алады.
Сын айту, өзара сын ‒ дамудың бірден бір шарты. Сыннан қоры-
тынды шығарып, жаманнан жирену, жақсыдан үйрену ‒ өсіп-
өркендеудің, жетістіктерге жетудің кепілі. Сондықтан да адам-
ның бүкіл ғұмыры өзінің бойындағы, қоғамдағы жөнсіздіктерге
қарсы күреспен өтеді дерлік. Ал қоғамдағы рухани кеселдерге
қарсы ашық күрес ‒ кез келген адамның қолынан келе бермейтін,
ұлтын шын сүйгендердің ғана пешенесіне жазылған мəртебе.
Бұған адамзаттың күллі тарихы ‒ куə. Бұрын да солай болған,
қазір де ‒ солай. Абай да ‒ қалың халықтың арасынан шығып,
ұлтын рухани өрлеуге шақырған ұлылардың бірі.
Тарихтың аумалы-төкпелі замандарында не бір сын сəт-
терде қиындықтардан аман-есен өтіп, бүгінгі күнге жеткен ұлт-
тардың барлығы да өздерінің арасынан шыққан рухани көш-
басшыларын көкке көтеретіні де осы себептерден. Отаршыл-
дықтағы халқының азып-тозып бара жатқанына шын жаны ашып,
шырылдаған Абай одан шыға білудің жолы білім ғылымда,
рухани байлықта, «ақыл бірлігінде» екенін көре біліп, ұлттық
дамудың даңғыл жолын көрсетті. Мұндай құбылыстар ғасырлар
көгінде сирек көрінсе, Абай қазақ тарихында халқының рухани
көгінде жарқыраған жарық жұлдызға айналды.
Мақалада бүгінгі таңдағы қазақ мектептерінде Абайдың
қалай оқытылып жүрген мəселесі көтеріледі. Шындығында да
тəуелсіз Қазақстанда жаңа мазмұндағы оқулықтардың сын
көтермейтіндігі ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып
жатыр. З.Батаева да үшінші сынып оқулығында Абайдың екі
өлеңімен қатар, 9-10 жасар бала түгілі ересек адамның өзі əрең
түсінетін «Отыз сегізінші қарасөзінен» берілген қысқа ғана
үзіндіде тоғыз, қосымша тапсырмаларды қосқанда, он жеті
негатив сөздің кездесетінін, онда да мұның барлығы қазақтың
адресіне айтылатындығын орынды түрде қатты сынға алыпты.
Осы сияқты алтыншы сыныптағы «Жетінші қара сөздегі»
100
Абайдың пессимистік ойларын оқыған оқушы қазақ туралы
қандай қорытындыға келер еді деген сауал тастауы да – ойлан-
дырарлық.
«Стан.кз» тілшісіне берген сұхбатында З.Батаева: «Мен осы
тəуелсіз ұлттың өкілімін жəне ұлт мəдениеті туралы мақала
жазуға 100% еріктімін. Қазақтар демократиялық қоғам құрғысы
келе ме? Онда демократияның негізгі шарты – сөз еркіндігін
құрметтеп үйренсін.
Мен мақаланы пайда табу үшін немесе «хайп» үшін жазған
жоқпын. Мақаланы жаза бастағанда, мақсатым мүлде басқа
болған еді. Зерттеу барысында қандай да мамандардың көмегі
қажет болғанда, қаламақыны өз қалтамнан төледім», ‒ депті. Бұл
жерде біз автордың қазақтың ұлы ақыны Абай туралы өзгеше
пікір білдіруге хұқы бар екендігін жоққа шығармаймыз. Керек
десеңіз, көп пікірдің, оның ішінде сыни пікірлердің де айтылуы
ғылымның, қоғамдық дамудың даңғыл жолы екендігі белгілі.
Бұл жердегі бізді ойландыратыны ‒ бұрын қазақ əдебиеті,
оның проблемалары жайлы еңбектерімен көрінбеген аударма-
шының ұлы ақынның 175 жылдығын ұлықтап жатқанда, жаңаша
зерттеу «əдістемесін» қолдана отырып, қазақ əдебиетінің
классигі Абай өмірде болмаған, Абай деп жүргеніміз Əлихан деп,
айды аспанға бір-ақ шығаруы. Мақаланы оқып отырғанда, ең
алдымен байқалатыны, автордың абайтану ілімімен, əсіресе
тəуелсіздік дəуіріндегі соңғы еңбектермен, осы салада атқарылып
жатқан соңғы шаралармен, қазіргі таңдағы ғылыми ізденістердің
барысымен онша таныс еместігі, көбіне бұрындары жарық көрген
орыс тіліндегі зерттеулерге сүйенгендігі көрінеді. Мейлі десек те
əдебиеттің ғылыми мəселелерімен бұрын айналыспаған адамның
бірден анау-мынау емес, қазақ əдебиетінің классигі Абайға жар-
масып, оны жоққа шығаруға ұмтылуы көңілге күдік ұялатады.
Тағы бір мəселе, отыз беттік бір мақаланы жазуға тұтас бір
кешенді бригада ‒ білдей 7 адам көмектесіпті. Атап айтқанда,
Абай Мырзағали тиісті əдебиеттермен қамтамасыз етіп, араб
графикасымен жазылған материалдарды кирилл жазуына
түсіріпті; Лаура Бердіқожаева тамаша аудармалар жасап,
мақалада көтерілген тақырыптар бойынша пікір таластырып
отырыпты; Мөлдір Өскенбаева қажетті əдебиеттерді іздеп табуға
қолғабысын тигізіпті; орыс жəне қазақ əдебиетінің маманы Вера
101
Савельева Қазақстанның белгісіз ақынының 130 жылдық
тарихына сүңгіткен құнды кеңестер беріпті; кеңестік жəне одан
кейінгі дəуір əдебиетінің маманы Евгения Добренко кеңестік
дəуір əдебиетіне қатысты кеңестерін аямапты;
Рауан Есіркенов
жабық материалдарды тиісті адамдармен тіл табыса білу
арқасында қол жеткізіп, тауып беріп отырыпты; Алексей
Терещенко мақаланы орыс тіліне тамаша аударған;
Қазақстанның Орталық ғылыми кітапханасы мен Ұлттық
кітапханасының электрондық ресурсынсыз мұндай зерттеудің
жазылуы мүмкін болмаған болар еді. Сонда «зерттеуші» автор
осыншама адам дайындаған материалдарды тек қана қазақ
тілінде қағазға түсірген болып шығады.
Автор мақаланы дайындауға қолғабыс тигізгендердің
барлығына алғыс айтып, «Зерттеу барысында қандай да
мамандардың көмегі қажет болғанда, қаламақыны өз қалтамнан
төледім» ‒ дейді. Сонда автордың бір мақаланы жазуы үшін
осыншама тұтас бір бригаданы жалдап, қалтасынан ақша
шығарып, төлеп, шығынданатынындай, басына не күн туған.
Қызметіне қатысты жазды дейін десең, ғылыми мекемеде немесе
университеттің ғылыми-зерттеу институтында қызмет жасайтын
ғылыми қызметкер емес. Осыншама адамға төленген қыруар
ақша қайдан келді, не қажеттіліктен осындай материалдық
шығынға барып отыр, қазақша жазылған мақаланы неге қазақ
тілінде жарияламай, орысша бастырған деген сияқты сұрақтар да
көлденеңдей береді.
Осы сияқты кілтипандардың барлығы жиналып келіп, бұл
мақаланың игі ниеттен тумай, теріс пиғылмен жазылған деген
ойларға қарай жетелейді. Бұл мақала тегіннен-тегін жазылып
отырған жоқ, ұлтымыздың ардақтысы, халқымыздың қасиеттісі
Абайға қарай топырақ шашқан «Іштен шыққан жау жаманның»
бір көрінісі емес пе екен деп те қалдық.
Сонымен алдағы уақыттарда мұндай келеңсіз жағдайларды
болдырмау, алдын алу үшін не істеу керек? Ең алдымен,
Абайдың өмірбаяны, шығармашылығы жайлы зерттеулерді
жандандырып, жоспарлап, үйлестіріп отыратын ғылыми орталық
ашу керек. Мұндай орталық М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне
өнер институтындағы Абайтану бөлімі, не жеке Абайтану
ғылыми-зерттеу институтын ашса да болады. Мұндай
102
тəжірибелер туысқан елдерде бар. Қырғыздарда манастану,
сахаларда Олонхо ғылыми-зерттеу институттары жұмыс
жасайды. Бұл институттар тек зерттеу жұмыстарымен ғана
айналысып қоймай, «Манас», «Олонхо» жырларындағы ұлттық
құндылықтарды насихаттаумен бірге оларды бүгінгі күннің
ұлттық иілігіне жарату мəселелерімен де айналысады. Якутияда
жыл сайын 21 маусымда өтіп тұратын сахалардың «Ысақ» ұлттық
мейрамының (біздің наурыз сияқты) сценариы Олонхо
институтында осы жырдың мазмұнын бүгінгі күнге қарай
жаңғырту бағытында жазылып, кейбір тұстары театр-
ландырылған түрде өтеді. Оның үстіне əр жылы əртүрлі тақы-
рыпқа арналады. Біз қатысқан 2015 жылғы «Ысақ» мейрамы
сахалар өміріндегі жылқы тақырыбына арналып, «Олонхо»
жырынан тарихи оқиғалар сахналанып, халық өміріндегі оның
алатын ерекше орны бейнеленді. Көршіміз Қырғызстанның жаңа
президентінің таққа отыру рəсіменде бастан-аяқ қырғыздың
ұлттық ырғағындағы манасшының оптимистік рухқа толы
жырының ойналып тұруы ұлттық рухтың салтанат құрып тұр-
ғанындай əсер етті.
Екіншіден, негізгі абайтанушылар шоғырланған бұл
институт Абайдың өмірбаянын, шығармашылығын кешенді
түрде зерттеумен айналысумен бірге, оны насихаттау, өміршең
идеяларын ұлттық даму жолына түскен халқымыздың игілігіне
айналдыру, ақынның таңдамалы шығармаларын шет тілдеріне ‒
БҰҰ-ның негізгі тілдеріне, əсіресе ағылшын, түрік, орыс, қытай
тілдеріне аудару, насихаттау жұмыстарын жоспарлы, ғылыми
негізде жүргізіп, осындай жұмыстардың нəтижелеріне сүйене
отырып, көптомдық «Абай» энциклопедиясын қазақ, орыс, түрік,
ағылшын, қытай тілдерінде шығаруды қолға алу керек. Абайды
əлемге таныта алсақ, қазақ та таныла түседі. Əлемге ұлттық
болмысымызбен, мəдениетімізбен ғана таныла алатындығымыз ‒
аксиома.
Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл салада
бірсыпыра игілікті жұмыстар атқарылды. М.О. Əуезов атындағы
Əдебиет жəне өнер институты Абайдың көптомдық академиялық
жинағын дайындаса, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ-
ситеті жанындағы Абай институты «Абайтану» саласындағы
таңдамалы еңбектердің 50 томдығын шығару үстінде. Осы сияқты
103
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті мен Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Абай
институттары да қыруар жұмыстар бітірді. Абай университетіндегі
Абай институтының қызметкерлері оқу орнының барлық шəкірт-
теріне абайтанудан дəрістер оқып, жақсы үлгі көрсетіп келеді.
Үшіншіден, жыл сайын жалпыхалықтық мейрам ретінде
Абайдың туған күніне орай, «Абай күндерін» өткізіп тұру. Мейрам
кезінде өткен жыл (уақыт) ішінде қазақ əдебиеті мен өнерінің жет-
кен жетістістіктері қорытындыланып, үздіктеріне көркем əдебиет-
тің проза, поэзия, сын-зерттеу, сахна өнері, эпостық жырларды
жатқа жырлау, көркем шығармаларды мəнерлеп оқу, жатқа айту,
күй-айтыс, əн-айтыс, қолөнері, сурет номинациялары бойынша
сыйлықтармен марапатталып жатса, «Абай күндері» нағыз жалпы-
халықтық мейрамға айналып, ұлттық рухтың салтанат құруына
қызмет еткен болар еді.
Сөздің тоқетері С.Торайғыровтың мына бір өлең жолдарында
жатқандай: «Асыл сөзді іздесең, // Абайды оқы, ерінбе.
//Адамдықты көздесең, // Жаттап, тоқы көңілге».
Абай ‒ ұшы-қиыры жоқ сахараның бір түкпірінде жатып-ақ
қазақ əдебиетін ХIХ ғасырдың өзінде-ақ əлемдік деңгейге көтерген
ұлы ақын ғана емес, сонымен бірге, қазақтың мəңгілік ойы мен сөзін
өркениеттің биігінде тұрып айтқан дала данышпаны да. Қазақтың
халық болып жұрт қатарлы өмір сүруі үшін адал еңбек етіп, озық
білім мен ғылымды игеріп, ұлттық рухани құндылықтар мен иман-
дылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңірген «толық адам» болуы
керектігін ескерткен де ‒ дана Абай. Абайдың ұлылығы оның сөз
өнерінің інжу-маржанына айналған поэзиясының əрбір сөзінің ойы-
мызға, бойымызға адамгершіліктің, ұлттық рухтың нəрін сеуіп,
санамызды жаңғыртып, өмірге деген құлшынысымызды арттыра
түсуінде жатыр.
104
Достарыңызбен бөлісу: |