Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет39/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
Абайдың-таксономиясы

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
 
1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жи-
нағы. І том. Өлеңдер мен поэмалар / Жалпы редакциясын басқарған 
Ы.Дүйсенбаев. – Алматы: Ғылым, 1977. – 454 б. 
2. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық 
жинағы. ІІ том. Аудармалар мен қара сөздер / Жалпы редакциясын басқарған 
Ы.Дүйсенбаев. – Алматы: Ғылым, 1977. – 312 б. 
3. Ақселеу Сейдімбек. Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2010. – 584 б. 
4. Мүсірепов Ғ. Күнделік. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 288 б. 
5. Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны // Абайтану. Таңдамалы 
еңбектер. І том. Ойлар мен толғаныстар / Құраст., түсінік. жазғ.: П.Бисенбев, 
Е.Кəрібозов, Л.Мұсалы, Н.Нұрəлі; жауапты ред. Ə.Тарақ; жалпы ред. басқ. 
Ж.Дəднбаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 136-143 беттер. 
6. Ақсұңқарұлы С. Менің Абайым // Егемен Қазақстан. – 20.01.2020. 
7. Пірəлиева Г. Жаңсақтықтарға жол берілмесе екен // Егемен Қазақстан. 
– 17.08.2020. 
8. Сұлтан Хан Аққұлы. «Геростратова слава Зауре Батаевой» // 
«Абай.кз», 30.11.2020. 
9. Омаров А. Абай болмаған деген не сұмдық! // «
malim
»,
 
23.07.2020.
10. Cейітхан А. Абайды жеңген кім? // «Абай.кз»,  28.07.2020. 
11. Екеу. Журнал туралы // Абай. – 1918. – № 1.
12. Кенжебайұлы Б. Абай // Еңбекші қазақ. – 28-29.08.1925. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


105 
Төртінші тарау 
 
АБАЙДЫ БІЛУ МЕН ТҮСІНУДІҢ
ДЕРЕКНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ 
Абай ілімін білу мен түсінудегі 130 жылға жуық уақыт 
айналымға түсіп отырған дерекнамалық негіздерді жалпы 
ғылыми жəне жеке бағыттар бойынша нақтылап отыру қазіргі 
абайтанудағы жаңа бір үрдіске айналу қажеттілігін сезінеміз. 
«Жеке бағыт» дегенде белгілі бір деңгейде шарттылыққа 
жүгініп отыратынымыз анық. Əйтпегенде, жеке бағыттар өзара 
тұтастық құрайтындығы, осыдан «Абайтану» атты қазақ 
əдебиеттану ғылымының аса ауқымды, мол зерттелген, ендігі 
заманғы танымға тартуды күн тəртібіне шығару үрдісі үзіл-
мейтін тұтас бір ғылым саласын қалыптастырғандығы ұғы-
нықты. 
Жеке саланың бірі – бұл Абайдың өмірбаянына қатысты 
деректердің жиналу, қорлану, саралану, ғылыми міндеттерге 
«жегілу» үрдісі. 
Негізінде бұл саланың ғылыми арқауы Абай өмір сүрген 
дəуір, Абай жасаған орта, Абай ақындығының өмірлік негіз-
дерінде тұғырланады. 
Абайдың дүниеге келген күнінен басталып, ақын дүниеден 
озғанға дейінгі уақытта «Абай өмірбаяны» атты салаға негіз 
еткенде де бұл уақыттың кеңістігі (кең мағынасындағы уақыт 
кеңістігі де, географиялық аумақтың кеңістігі де кірігуі тиіс 
кеңістік – Қ.М.) Абай дəуірінен тым əріге, ататек, арғы тарихқа 
тартып жатады. 
Абайдан соңғы кезең – ақындық дəстүр, рухани ұлағат 
маңыздылығында күні бүгінге, келешек өрістерге бастай беретін 
кеңістік.
Абайдың шығармашылық өмірбаянындағы нақтылы даталы 
уақыт шегі таңбаланған сəттер, оқиғалар, кезеңдерден, тарихи 
тұлғалар, адам есімдерінен, жеке туындының мəтіннамалық 
тұғыр, басылым тарихынан т.б. тұтастанған дерекнамалық 
талаптарда тұтас қарайлап зерделеу мүмкіндігі шектеліп, шет 
жағалап ғана меңзелген фактілерді, қилы себептерден орнығып 
қалған жекелеген жаңсақтықтарды, абайтанудың тарихи 


106 
тəжірибесінде, осы заманғы өзекті бағыттарында арнайы 
зерделеу қажеттілігі бар. 
Абайтанудың тарихындағы дерекнамалық негіздердің абай-
танудың қазіргі заманғы зерттеу ұстанымдарын қалыптастырып 
дамытудағы ықпалды мəні Абайдың соңғы үш томдық 
академиялық басылымын (2020) əзірлеу барысында да Абайдың 
шығармаларын баспадан шығару үрдісінде ұдайы көлденең түсіп 
отырған Абай шығармаларының текстологиялық мəселелері 
өзектілігінде айқындала түсті. 
Мұхтар Əуезов Абайдың өмірбаянын 1933, 1940, 1945, 1950 
жылдарда қайыра өңдеп, қайта қарап, төрт нұсқасында жазуының 
түп себебінде кезеңдік саяси идеологиялық талаптардан 
өмірбаяндық фактілердің қолжетімсіздігі болғандығы сынды 
бірнеше мəселе бар. Абайдың əдеби мұрасының таралу, сақталу, 
жиналу, баспа жүзін көру деректері жылма жылғы ыждаһатты 
еңбектің нəтижесінде біртіндеп түзілді. Қилы дереккөздерді 
Абай өмірбаянының 1933 жылғы алғашқы нұсқасы жазыла 
бастаған 1924-1927 жылдарда тұтас қамтып қарау, зерттеу, 
зерделеу де қолжетімді бола қойған жоқ. 
Мұхтар Əуезов жазған өмірбаяндық төрт нұсқада қамтыл-
маған деректер де (негізінен архивтік деректер) кейінгі кезеңде 
айналымға түскеннің өзінде қайсыбір мəселеде деректің 
нақтылығы бойынша келісіп, келіспейтін пікірлер де туындады. 
Абайды тануда ақын тұлғасының жеке бас өмірбаяндық 
деректері де, шығармашылық ғұмырбаянына қатысты деректер 
де елеулі маңызға ие болатындығы тұрғысында абайтану 
тарихындағы дерекнамалық негізді арнайы зерттеудің қажет-
тілігінде Абайдың жеке бас өміріне, қалыптасып өскен ор-
тасына, Абай дəуіріндегі тарихи-əлеуметтік мəселелерге, 
руханияттағы өзекті күйлердің дерекнамалық негіздеріне; Абай 
шығармаларының жазылу мерзімі, туу себебі, сақталу жолдары, 
жиналу реті, баспа жүзін көруі, жеке жинақ болып шығу 
фактілері жəне Абай мұрасының текстологиялық мəселелерінің 
түп себебі турасында, сонымен бірге абайтанудағы іргелі 
зерттеулердің осы мəселелерді қамту, қозғау дерегі мен деңгейі; 
Абайдың əдеби мұрасын шет тілдерге аударудың өзекті 
мəселелерінің абайтану саласы мəнінде əлі күнге арнайы зерттеу 
нысаны есебінде қамтылмай, қарастырылмай отырғандығы; 


107 
абайтану бойынша толықтырылған жаңа библиографиялық көр-
сеткіштің қажеттілігі; абайтану тарихын толықтырып, тұтас-
тандырып жазу өзектілігі сынды күн тəртібінен түспейтін басым 
зерттеу проблемалары мен жүзеге асырылуы тиісті міндеттері 
бар. 
Мұхтар Əуезовтің Абайдың туысы мен өмірі мəселесінде 
1933 жылғы жинақта тұлғалық өрісіне кең тоқталған Абайдың 
əкесі Құнанбай Өскенбайұлының өмір тағылымын Абай өмір-
баянының кейінгі нұсқаларында шектеп баяндауына тура 
келді. Абайдың болыстық қызметі туралы да тартына сөйле-
меске болмайтын.
Мұхтар Əуезовтің 50 томдық шығармалар жинағында ел 
арасынан жиған Абай туралы естеліктердің басым көпшілігі 
басылым көрді. Абай туралы естеліктер жеке жинақтарда да 
шығып келеді. Мерзімді басылымдарда да жарияланып отырды. 
Абайдың ресми өмірбаянына кірмей қалған көп дерек атаулыны 
тықпалай беру, ретсіз. Ал ақындық тұлға болмысын ұғыну, тану, 
тұтас, бүтін бітімінде білмекке ұмтылуда, əлемдік тұлғатану 
тəжірибесіндегі дерек атаулыға зеректік, ұсақ-түйек əңгіме деп 
қарамай, тұлға тағдырына тиесілі ірілі-ұсақты дереккөздердің 
барлығын қисынды тұтастықта ғылыми негіздеу өнегесінде 
естеліктердің мейлінше толық қамтылып, қорытылуы абайтануда 
Абай өмірбаянын толықтырып жазудың өзіндік бір факторы 
есебінде мəнді. 
Қазіргі абайтанудағы белгілі бір фактілерге қатысты болжал 
деректердің қосарланып келуі; нақтылы адам есімдеріне қатысты 
жаңсақтықтар; шығармалардың жазылу мерзімін көрсетудегі 
сəйкессіздіктер; бір туындының шығу тарихына қатысты 
қосарлы деректер, қосалқы мағлұматтар; өлең мəтінінің əр басқа 
болып хатқа түсу фактілерінен туындайтын текстологиялық 
түйткілдер, бір сөздің жазылу фактісінде мəтін аясындағы 
мағынасынан түпнұсқа мəнін айыру қиындығы туындайтын 
тілдік қолданыстың күрделі иірімдері; туындының түпнұсқалық 
немесе аударма туынды мəніндегі айқындалуы тиіс шығар-
машылық сырлары; Абай мұрасын шет тілдерге аудару үде-
рісіндегі мəтінтанымдық ұстанымдар мəселесін арнайы зерделеу; 
т.б. өзекті шығармашылық мəселелер бар. 


108 
Абайтануда кейінгі кезеңде зəру деректермен толыға түскен 
Абайдың ақындық кітапханасы мəселесінде де арнайы, мақсатты 
зерттеулер қажет. Қолда бар деректің ізімен түгендеудегі 
салғырттық; қолда жоққа аса ынталы емес екендігіміз бір мəнде 
ғылымның қаржыландыру жағынан қағажу көріп келе жат-
қандығына да байланысты. 
Қазіргі қазақ əдебиеттану ғылымының гранттық жобаларға 
«байланып» қалуы, жаппай əлеуметтік желіде топтасып түскен 
сурет шығару əлегімен өтетін қилы атүсті ғылыми конферен-
циялар да түбегейлі ғылыми зерттеулерге деген сұранысты көз-
ден таса етіп, көлегейлеуін қояр емес.
Абайды тануды күрделі философиялық категорияларда 
қамдаудың алдында Абайдың шығармашылық ғұмырбаянын 
айқын ғылыми жүйеде сіңіру өзектілігі тұр. Абай өлеңдерінің 
таралу, жиналу, сақталу фактілерінде Абай мұрасын арнайы 
көшіріп, қолжазба кітап етіп ел арасына таратуда көп еңбек 
жасаған, Мұхтар Əуезов ол адамның көшірме қолжазбаларын 
Абай шығармаларының түпнұсқасы мəнінде тануға болады деп 
айрықша мəн берген Мүрсейіт Бікеұлының осы бағыттағы 
еңбегіне қатысты Мұхтар Əуезовтің белгілі бір себептерден 
көшірмеші еңбегін екінші планға ысырып сөйлеген тұсы да бар. 
Сонымен бірге Абай мұрасының бас текстологы Мұхтар 
Əуезовтен кейінгі жоқшысы Қайым Мұқаметханов Мүрсейіт 
қолжазбалары дегенде ұдайы «құрақ ұшып» тұрмайды. Абай 
шығармаларының 2020 жылғы толық академиялық басылымын 
дайындау барысында Мүрсейіт Бікеұлының 1905 (1906), 1907 
жылғы, Абайдың тұңғыш жинағы жарық көргенге шейінгі (1909) 
көшірме қолжазбаларының қазіргі жазуға тұтас көшірілген 
нұсқасында текстологиялық салыстырулар жүргізе отырып 
жұмыс істеуге тура келді. Үш томдық толық жинақтың баспадан 
шығуын ақпараттандыруда бұл фактілер де аталып отырды. Осы 
мəнде көпшіліктің көкейінде жұмыс тек Мүрсейіт көшірмелері 
арқылы жасалған, Мүрсейіт көшірмелеріне қатысты Қайым 
Мұқаметқанов ескертпелері ескерілмеген ғой дегендей де сауал 
тұрды деп ойлаймыз. Себебі кейінгі бір ашық дəріс тұсында осы 
сұрақ қойылды да. Академиялық басылымның жұмыс тобына 
Абай шығармаларының 1933, 1939-40, 1954, 1957, 1977, 1995 


109 
жылдардағы ресми, ғылыми толық басылымдарының барлы-
ғымен жұмыс істеуге тура келді.
Басылым шыққан соң «1995 жылғы жинақты қайта шығара 
салыпты» деген де ескертпелер естуге тура келді. Абайдың көп 
жаңадан табылған өлеңі қосылмапты деген де айыптау 
дауыстары естіліп қалып жатты. Басқадай да сырттан тон 
пішулер бар. 
Абай – бар қазақтың Абайы. Абай жалғыз. Асықпай, 
аптықпай қарайлататын қарасы қалың мəселелері бар Абай 
тұлғасының. Бұл – ортақ шаруа. Бар қазақтың жоғы – Абайдың 
жоғы. 
Абайдың мерейтойлы жылдарында жинақтары шығып 
жатады. Баспалар көбейген заман. Бұл мəнде Абай мəтініне 
бақылау жасап отыратын құқы бар бір Орталық болғаны жөн 
көрінеді. Ойласу қажет. Аударма ісінде, шет тілге аударуда Абай 
шығармаларының қай басылымы алынатыны қадағалануы керек. 
«Махаббатсыз, дүние бос», «Махаббатсыз – дүние бос». Осы екі 
мəтін Абай туралы айтқан адамның аузына алдымен түсетін 
тіркес. Өнімді айналымда жүретін тіркес. Осы екі нұсқасында 
қатар алынып келеді, тоқтаған жоқ, толастаған жоқ. Кім өзіне қай 
нұсқа ұнайды, соны кірістіреді сөзіне. Жалпы көпті былай 
қойғанда, Абайды аударатын мамандар қай нұсқаға жүгінгені 
жөн? 
Текстологиялық саралауда түпнұсқа мəнді мəтіндер болып 
табылатын Абайдың немере бауыры Кəкітай Ысқақұлы мен 
баласы Тұрағұл Абайұлы шығарған 1909 жылғы тұңғыш жинақ 
пен Мүрсейіт Бікеұлының көшірме қолжазбаларындағы басым 
нұсқасы ‒ «дүние дос». Бұл тіркес Абайдың қара сөздерінде де 
бар. «Махаббатпен жаратқан адамзатты» дейтін Абай Алласына 
шəк келтірмесе керек. Дүниенің махаббаттан тұратынын бір 
білгенде Абай білер. Дүние қай махаббатсыз бос? Ол Алланың 
махаббатымен жарылқанып жаралды емес пе! «Дүние достың» 
мəселесі басқа. Материалдық игілікке құнығу. Махаббатпен 
жаратылған дүниені сезінбеу. Қара сөздің қисыны да көп, қиюы 
қашып, қасаң ұғымдарға байланып қалғандары да бар.
Осы мəндес екі сөздік қосарлы ұғымдар Абай шығар-
маларының əр басылымында «өріп» жүр. Солай əр басқадан 


110 
айнымай, бірі-біріне «бағынбай» келе жатқан басылымдар бар, 
бола да беретін сияқты. 
Жинақты дайындау барысында жұмыс тобы мүшелерінің 
кейде бір сөзді сағаттап, табандап отырып талқыға салған 
уақыттары болды. Бұл басылымның да уақыт тығыздығына 
қарамастан ғылыми ұстанымдарда дайындалғандығы, ілгерідегі 
басылымдар өнегесі де, əлемдік тəжірибе де, кейінгі кезеңнің 
текстологиянық қолайлы мүмкіндіктері де ескеріліп, кəдеге асып 
отырып дайындалған басылым болғандығы айтылуы керек.
Қаншама сөз салыстыру, қолжазба нұсқалар қолдан өтті. 
Қилы қисындар, өзекті мəселелер қарасы қалыңдап, малтық-
тырып тастаған күндер болды. Біртіндеп жүйесі сұлбаланып, 
сұрыпталып отырды.
Абайтану тарихында текстологиядан тысқары тұрған 
дерекнамалық негіз жоқтай болып көрінеді кей тұста. Өмірбаян 
да, архив те, естелік те, т.б. текстологиялық түйткілге əлдебір 
ыңғайында қатысты болып шығып отырады. 
Абайдың əдеби мұрасын хатқа түсіруші Мүрсейіт Бікеұлы 
туралы деректер тапшы. Соның өзінде бірқанша мағлұмат бар. 
Бұл адам кім еді? Абай өлеңін көшіру жұмысын қашан бастаған? 
Қолжазба көшірмелерінің мəтіндік ауытқулармен жазылуы не 
себептен? Мүрсейіт Бікеұлының тегі нендей себептерден əр 
жылдардағы Абай басылымдарында, естеліктерде, Абай 
энциклопедиясында əр қалай, бірде Бекіұлы, бірде Бікейұлы, 
бірде Бікіұлы, енді бірде Бікеұлы болып жазылып жүр? 
Адам есімдерінің ресми деректерде əрқилы жазылуы 
абайтануда бір бұл емес. Абай өлеңдерінің көшірме қолжаз-
балары ХІХ ғасырдың соңында Санкт-Петербургке де жеткен. 
Осында Абай өлеңдерінің Сəдуақас Шормановтың 1897 жылғы 
қолжазба жинағынан көшірілген Кудашев деген адамның да 
қолжазбасы бар. Осы Кудашевтің «князь» титулын өзіне есім етіп 
жазған деректер бар. Бірде С.Кудашев, бірде В.С. Кудашев, бірде 
К.В. Кудашев деп жазылады. 
«Кудашев В.А. (т.-ө. ж.б.) – князь. Қазақ халық əдебиетінің 
үлгілерін жинақтауға атсалысқан. К. қазақ əдебиеті мұраларын 
Садуақас Мұсаұлы Шормановтың қолжазбасынан көшіріп алып, 
«Қырғыз əндері мен аңыздарының аудармасы» деген атпен 
(1897) Санкт-Петербургтегі геогр. қоғамның архивіне тапсырған. 


111 
Онда Абай өлеңдері де бар. Қолжазбаның фото-көшірмесі 
Абайдың Семейдегі əдеби-мемориалдық музейінде сақтаулы [1,
293]. 
Мұхтар Əуезов энциклопедиясында Кудашев туралы дерек 
берілмеген [2].
М.Мырзахметов құрастырған «Абайтану» библиография-
лық көрсеткішінде Кудашев есімі аталмаған [3]. 
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты А.Əбдіғаппарова 
«Абай Құнанбаевтың естілік мəселесі төңірегінде жазған қара 
сөздері» атты зерттеу мақаласында К.Н. Кудашев еңбегіне 
сілтеме жасайды [4, 108]. 
«Абай шығармаларының аудармасы туралы айтатын болсақ, 
орыс тілінде ең алғаш аударма 1897 жылы Абайдың көзі тірісінде 
жасалған. Оны 1946 жылы Əлкей Марғұлан тапқан
К.Н. Кудашевтың «Перевод киргизских песен и легенд» 
қолжазбаларынан көруге болады» [4]. 
Князь Кудашевтің есімі абайтану тарихында əр уақытта да 
аталып келеді. Жəне жазылуында ұдайы өзгеріс бар. 
Шəкəрім Құдайбердіұлының əдеби мұрасы ақынның көзі 
тірісінде баспа жүзін көргенімен, текстологиялық мəселелерде 
нақтылайтын түйткілдерінің аз емес екендігі де айтылып келеді. 
Бұл – өз алдына кең тақырып. Арап Еспенбетовтің Шəкəрім 
мұрасын текстологиялық тұрғыдан зерттеу мəселелерін ғылыми 
негізде қисындау ұстанымдарында Зəки Ахметовтің Абай 
текстологиясына орай келтірген деректерінің бірінде
К.Н. Кудашевтің аты-жөні «Құдашев» деп берілген (Техникалық, 
типографиялық қате болуы да ықтимал – Қ.М.) [5, 268]. 
Содан барып Сəйфи Қудашев деп жіберген зерттеулер де бар. 
Кейінгі бір деректе, Абай мұрасының орыс тіліне аударылу 
фактілеріне қатысты аударма мəселелері бойынша зерттеуде бұл 
есім К.Н. Кудашев болып жазылып жүр. Қайсысы дұрыс дегенді 
арнайы қарастыру қажет. 
Белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұқаметқановтың тегі де 
бір жинақ, бір зерттеуде Мұхамедханұлы, бірінде – Мұхаметқанов, 
тағы бірінде тағы басқаша? 
Мұқаметханов (Ғибадулқайым) Қ. [1, 415]. 
Мұхаметханұлы Қ. Абайдың ақын шəкірттері», кітаптар 
топтамасы [6]. 


112 
Мұхаметханов Қ. Көп томдық [7]. 
Мұхамедханов Қ. Хаттар сөйлейді [8].
Мүрсейіт (Нұрсейіт) Бікеұлы (1860-1917). 
«Ол екеуі ақылдасып, Абай ауылдары жайлайтын жерін 
жақсы білетін Абайдың əдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлының 
бел баласы Рақымбайды Қасқабұлақтан шақыртып алдырды» [9, 
21-24]. 
«Жазуы өте жақсы екенін əрі өлең өнеріне Мүрсейіттің 
бейімділігін таныған Абай балаларын оқыттырып, оны қолында 
ұстаған. Мүрсейіт Біке баласының бойына біткен зор қасиет 
ертек пен қиссаларды айта жүріп оларды көшіріп алуға ерінбеген. 
Келе-келе ол Абай шығармаларын көшіруге кіріседі. Сөйтіп, оны 
таратуға көп еңбек жасағандығы тарихтан аян. Күні бүгінге дейін 
Абай өлеңдерінің баспа жүзін көргендері тегіс Мүрсейіт 
қолжазбасымен салыстырылып отырылады. Мүрсейіт Бікебала-
сынан Мұхтар да сабақ оқып, алғаш сауатын ашқан мектеп үйі 
осы Ескі Там» [9, 24]. 
«Мүрсейіт (Нұрсейіт) Бікеұлы (1860-1917) – Абай өлеңдерін 
қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізуге орасан зор еңбек 
сіңірген кісі. Мүрсейіттің 7-ші атасы – Əнет баба. Əнет – 
Абайдың 7-ші атасы Əйтекпен бір туыс. Əнеттің бір ұлы – 
Байболат, Байболаттан – Бақай, Бақайдан – Тоққожа, Тоқ-
қожадан – Көбікен, Көбікеннен – Біке. Бікеден – Мүрсейіт. Орыс 
мектебінде 4 жыл, содан соң Бұхарда оқып, білім алған. Семей 
облыстық əкімшілігінде қызмет істеп жүрген кезінде Əбдіқызы 
Зағипа дауына байланысты Абайдың тапсыруымен Зағипа 
атынан арыз жазып, ұлықтарға жеткізген. Тағы да бір қыздың 
дауында қызға көмектесіп, жандаралдың сыртынан оның мөрін 
басып, азат етеді. Сол үшін Өскемен уезіне жер аударылады. 
Сұлу шоқы болысы Терістаңбалы елінің Көпен руындағы нағашы 
атасы Рай деген кісінің қолында тұрып, бала оқытып, молда 
болады. Бірнеше жылдан кейін Тобықты еліне қайтып келеді. Сол 
күннен бастап оны Абай өз ауылына алғызып, бала оқыттырады. 
Мүрсейіттің балаларға жазып берген «Жарапазан» өлеңін көрген 
Абай оған өз өлеңін жинап, жазып жүруді тапсырып, қалам 
ақысын төлеп тұратынын айтады. М. бұл тапсырманы 
ыждағатпен орындайды. Өлең жазылған дəптерді сұраушылар 
көбейген соң М. оларға да көшіріп беріп отырады. Абай өлеңдері 


113 
5 дəптерге жазып алынған, олардың екеуі – қазірде Қазақстан 
Республикасы Ұлттық ҒА-ның сирек кездесетін қолжазбалар 
қорында, біреуі – М.Əуезовтің əдеби-мемориалдық мұражайы 
қорында. Абайдың Семейдегі мемлекеттік əдеби-мемориалдық 
қорында сол дəптердің фото-көшірмесі бар. 1909 ж. Абайдың
С.-Петербургте жарық көрген тұңғыш өлеңдер жинағын даярлау 
кезінде ол Тұрағұл мен Кəкітайға көп көмек көрсеткен. М. 
қолжазбалары Абай шығармаларының басты да негізгі нұсқасы 
болып саналады» (М. Бейсенбаев) [1, 422]. 
Мұхтар Əуезов С.Нұрышевтің Абай мұрасына қатысты 
ескертпелеріне орай жазғанында Мүрсейіт Бікеұлының Абайдың 
мұрасын жеткізудегі орнына қатысты Абай шығармаларының 
қолжазба көшірмелері 1896 жылдан бастап жазыла бастағанын, 
Мүрсейіт көшірмелері кейіндеу жасалғанын айтады. 
Мүрсейітті көшірмеге Абай қайтыс болғаннан кейін кірісті 
дегендей қабылданатын деректер де бар. Мүрсейітке 1909 жылғы 
жинақтың қолжазбасын дайындау тапсырылғанына орай 
жасалған ұйғарым да болуы мүмкін. Қайым Мұхаметхановтың 
Мүрсейіт Бікеұлы туралы пікірінде Мүрсейітті терістеу жоқ. 
Барды барынша айтқан деуге болады. 
«Мүрсейіт Абай шығармаларын ақынның түгел өз қол-
жазбасынан көшірген емес. Басқа адамдардың да жазбаларын 
пайдаланған жəне ақын өлеңдерінің ел аузында сақталғандарын 
қағаз бетіне түсірген. Абайдың 1909 жылғы жинағымен Мүрсейіт 
қолжазбаларын салыстырып қарағанда, сөз қайшылықтары 
кездесіп қалып отыратыны да сондықтан» [7, 316]. 
Қайым Мұхамедханов Абай өлеңдерін көшірушілерден
Р. Жандыбаев, Оразке Уақбаев, Əкімал Мамырбаев, т.б. қолжаз-
баларын пайдаланғанын айтады. 
«Сонымен қатар Абай өлеңдерінің көбін ерте кезден жаттап, 
естеріне сақтаған Төлеу Көбдіков, Сапарғали Əлімбетов, Шəкір 
Əбенов ақындардың, Əрхам Кəкітайұлы Ысқақов, Шабдан 
Əлмағамбетов, Рахымжан Мамырзақовтардың мағлұматтарын 
ескердік. Абайдың шəкірттері, жақын достары – Көкбай, 
Кəкітайдың жазбаларына ерекше көңіл аудардық» [7, 317]. 
«Мүрсейіт (Нұрсейіт) Бікеұлы (1860-1917). Абайдың пікір-
лес замандасы. Абай шығармаларын көшіріп, ел арасына тара-
тумен тарихта аты қалды. Абай өлеңдерін жинап, көшіріп, елге 


114 
таратуды кəсіп етеді. Абай оның ақысын төлеп отырған.
М. көшірген Абай шығармаларының қазір 3 данасы белгілі. 
Соның біреуі Қазақстан ұлттық кітапханасы мен ҒА-ның 
қолжазбалар қорында жəне Мұхтар Əуезовтің ғылыми-мəдени 
орталығындағы жазушының жеке мұражайында сақтаулы. М-тің 
осы еңбегін Ə. өте жоғары бағалады, өзінің ақын туралы 
зерттеулерінде үнемі еске алып отырады.
...Сондайлық тəрбие, үлгі-өсиет үстінде Абайдың өлеңдерін 
өз аузынан ұғып жаттаған Пəкизат, Уəсила, Əсия, Рахила сияқты 
оқымысты, тəлімді қыздар өсіп, ұзатылар уақыттарында жасау 
сандықтарының түбіне ең асыл бұйым етіп Абайдың өлең 
жинағын əкететін болған» дейді «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 
(1845-1904)» монографиясында. Осындағы жасау ретінде алып 
кетіп отырған жинақтар негізінен М-тің көшіруіндегі 
қолжазбалар еді. Сондықтан ұлы суреткер: «Жалпы Абай мұра-
ларын көшіріп, таратушылар арасында Мүрсейіт Бікеұлының 
еңбегін айрықша атап өту керек», ‒ деп бекер айтпаған» (Т. Əкім) 
[2, 453]. 
Қайым Мұхамедханұлы «Абайдың бір өлеңі» атты зерттеу 
мақаласында Абайдың «Көз жұмғанша дүниеден» атты күні 
бүгінге шейін кімге арналғаны тұрғысында əр қилы дерек 
айтылып келе жатқан бір өлеңінің мəселесінен ой қозғайды. 
Осы ойтүрткі мақала бізді де біраз ойландырған кезінде. 
Жазба дерегі тапшы беймəлім уақыттың қай сыры қайда 
қалмаған. Белгісіз дүние бір бұл емес деп «жылы жауып» 
қойғанбыз. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының «Нүсіпхан» дастаны 
қайта ой қозғады [10]. 
Қазақтан қажылық сапарға барған адамдар туралы дастандар 
топтамасында берілген бұл туындыда Нүсіпхан атты Тобықты 
елінің адамы саудамен Омбы барып, қайтар жолда қатты 
науқастанып қалып, ел-жұртымен, сапарлас жігіттермен қош-
тасып жатып досы Ыбырайға сəлем жолдайды.
Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының жинағында берілген [10] 
«Нүсіпхан» дастанында баяндалатын оқиға, Тұрсын Жұрт-
байдың «Құнанбай» кітабында [11] айтылған «Түсіпхан» 
дастаны, оның шығу тарихы, Бейсенбай ақын туындысы екендігі 
туралы дерек, дəйектер Абай шығармаларының əр жылдардағы 
басылымдарында əр қилы түсінік беріліп жүрген, 1995 жылғы 2 


115 
томдық толық жинақтың бірінші томында [12] басылған «Немере 
інісі өлгенде айтқаны» тақырыбы жақша ішінде берілген «Көз 
жұмғанша дүниеден» деп басталатын жоқтау сарынды жырдың 
бір сыры осы бірде «Нүсіпхан», бірде «Түсіпхан» аталып жүрген 
дастанға қарай тартады. Қайсыбір айырмашылықтары болға-
нымен, екі дастанның да əңгімесі бір. Қызылжар жағына 
саудамен барған Тобықты елінің бір жас адамының жолда 
ауырып қайтыс болуы, төрт жамағаты бар екендігі, жасының 
жиырма беске келгендігі, баласыз екендігі, бейсенбіден жұмаға 
қарағанда дүниеден өтіп, өлерінде Ыбырайға (Абайға – Қ.М.) 
сəлем айтып кеткендігі, Құнанбайдай үлкеннің қажылық парыз 
өтеуге баруын қалайтыны, кіші əйелі Жамалды қоса ала баруды 
аманат еткендігі, əрі қарай өлімін естірту, қажылық, Меккедегі 
қонақ үй, Жамалдың Меккеде бақилық болуы баяндалады. 
Шығарманың негізгі желісі – мұсылмандық жолы, дін, иманның 
жайы.
Авторы кім болғанда да, бір адам сияқты. «Нүсіпханның» да, 
«Түсіпханның» да шығу тарихына, сақталу жайына қатысты 
қилы деректер бар. Не дегенде де осы дастандағы оқиға 
жаңғырығы Абайдың «Көз жұмғанша дүниеден» өлеңінде бай-
қалатындай. 
Дастан кейіпкері – Тобықты елінің кісісі. Ыбырайдың – 
Абайдың ең жақын, дос адамы. Сауданы кəсіп етіп, мол дəулет 
жиған, Қарынбайлығы жоқ, жұрт аузына іліккен, көпке жаққан 
бір жан. 
Қайым аға Мұхамедханов 1933 жылғы жинаққа кірген бұл 
өлеңге ол жолы түсінік берілмегенін, «Жылы белгісіз өлеңдер» 
ретінде басылғанын хабарлайды. 1939 жылғы жинақта «Əкімбай 
өлгенде» деген атаумен басылған. «Əкімбай өлгенде» өлеңі 1939 
жылғы жинақта басылып (1 том, 235-236 б.), былайша түсінік 
берілген: 
«Əкімбай өлгенде» деген өлең дəл Əкімбай өліміне арналған 
ба, жоқ басқа бір жақынының өліміне арналған ба, осы күнге 
шейін анық емес. Əкімбай өз баласы, Ділдəдан туған. Бұны 
Ысқақ асырап алып, соның қолында жүргенде жас шағында өлген 
екен. Сөз қисынына қарағанда, өзінің екі бауыр жақыны туралы 
өлең сияқтанғандықтан айтушылар Əкімбай деп ұйғарды», – 
деген (275 бет). 


116 
1945 жылғы жинақта да «Əкімбай өлгенде» деп басылған 
(261-262 бет), 487-бетте «Əкімбай (1865-1874) Ділдадан туған 
Абайдың баласы...» деген түсінік берілген» [7, 333]. 
Қ.Мұхамедханов бұл өлеңнің 1957, 1977 жылғы жинақтарда 
«Баласы өлген анаға Абай шығарып берген жоқтау» болып 
басылғанын да айтып өтеді. 
Жəне өлеңнің көпшілік сол тұста (1956 жыл) біле бермейтін 
бір тың дерегін келтіреді. 
«Ал шынында бұл өлеңді алғаш рет Мұхтар Əуезов 1925 
жылы, Семейде шығып тұрған «Таң» журналының екінші 
санында (73-74 бет) жариялаған. Өлеңнің басында: «Абайдың 
басылмаған өлеңдері» (Бір немере інісі өлгенде айтқан) деп анық 
түсінік берген» (335 б.) 
Бұл өлеңге қатысты өлең Абайға туыс, дос, сауда кəсібімен 
айналысқан ауқатты, жомарт мырза Түсіпхан дейтін Тобықты 
елінің азаматының қайғылы қазасына арнап шығарылған жоқтау 
үлгісіндегі туынды деген ойымызды болжам ретінде 2020 жылғы 
толық академиялық жинақтың бірінші томының түсініктер 
бөлімінде шет жағалап айтқан едік [12, 534]. 
Бейбіт Сапаралының дерегіне қарағанда осы болжамымыз 
шындыққа жақындайтындай көрінеді [13]. 
Абайдың «Көз жұмғанша дүниеден» өлеңінің кімге арналып 
айтылғандығы тұрғысында Б.Сапаралының аталған еңбегінде 
бірқанша толымды дерек бар.
«Оу, əке, өрістен жау əкетті саяғыңды», – деп келетін тұсына 
қарағанда ел ішінде кең тараған «Түсіпхан», «Түсіпханның 
қоштасуы» деп аталатын жыр Абай ауылының Қайролла 
Əліпбаев, Қабден Есенғариннің айтуында Абайдың немере інісі 
болып келетін Түсіпхан Сəдуақасұлы туралы дейді автор. Жəне 
бұл жырдың толық нұсқасы белгілі архивші Бейсенбай 
Байғалиевтің қолында екендігін, ШҚО Тарбағатай ауданында 
ақын, термеші Тілеш Мəткəрімов орындап жүргенін 
баяндайды. Түсіпханның төртінші əйелі Жамал Ноғай-
қызының, Құнанбай Өскенбайұлының қажылық сапарында 
күйеуінің өсиет етуімен сол кісіге ілесіп уəкіл қажылыққа бар-
ғаны, 
сол 
жерде 
қайтыс 
болғаны 
туралы 
да
М.Ж. Көпейұлының «Нүсіпхан», Абай еліндегі «Түсіпхан» 


117 
дастандарындағы оқиға желісін өмірлік негізде қанықтыра түскен 
деректермен бөліседі. 
Бұл – Абайдың бір туындысының жазылу тарихына қатысты 
əлі де айқындауды күтетін бір дерек. 
Абайдың əр туындысының жазылу, сақталу, таралу, басы-
лым көру деректерін, сондағы текстологиялық ауытқуларды 
түгендеп, салыстырып отыру – қазіргі Абай текстологиясының 
жалпы əлемдік текстология теориясы мен тəжірибесіне ұштасып 
жатқан бір міндеті. 
Абайдың əдеби мұрасында текстологиялық түйткіл көп 
дегендік – Абай шығармаларының авторлық құқықтағы абайлық 
маңызына күдік, күмəн келтіретін факт есебінде қабылданбауы 
керек. Тұтас сүйегі мығым туындыдағы бірер сөз, бірлі-жарым 
тыныс белгісінің қойылуындағы əрқалыптылық шығарманың 
төлтумалығына сенімсіздік тудыратын факторлар болып табыл-
майды.
Əлем əдебиеті тарихында əдеби мұраны жадқа сақтап 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру тəжірибесі арғы замандардан 
қалыптасқан ықпалды шығармашылық дəстүр. «Институт жади» 
деп те зерттеулерде аталып отырады [14]. 
Ауызша туып, ауызша сақталған «Манас», мыңдаған эпи-
калық озық туындылар... Абай дəуірінде жазба дəстүрде туған 
шығармалар жалпы халық арасында кітап болып емес, ауызша, 
əнге қосып айту, көшірме қолжазбалар қалпында таралды. 
Бірер сөз Абай өлеңінің өзгермейтін өзіндік поэтикасын, 
авторлық стилистикасын орнынан «қозғай» алмайды. Бұл – сөз 
арасындағы бір ескерту. Ұшқары пікір ауарайын құбылт-
пағанымен, көңілде кірбің қалады. Сол үшін де Абай 
текстологиясы бойынша табанды салыстырулар, ғылыми 
негіздеме қажет. 
Абайтану тарихындағы дерекнамалық негіздердің Абайдың 
əдеби мұрасын зерттеушілерге қатысы тұрғысында да өзіндік 
шешімін табуы тиіс мəселелері бар. 
Абай туралы бүркеншік есіммен жазылған немесе ұжымдық 
еңбектегі монографиялық тараулардың авторлығы тұрғысында 
да жеке дерекнамалық зерттеулер қажеттігі бар.
ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылымдарда бір автордың 
бірнеше туындысы жариялануы себепті, басқа да саяси себептері 


118 
болуы мүмкін бүркеншік есіммен берілген материалдар жиі 
кездеседі. 
Абайтану тарихында арнайы зер салуды қажет етіп отырған 
бір сала – Абайдың əдеби мұрасының шет тілдерге аударылу 
тəжірибесінің дерекнамалық негізі. Бұл бағытта арнайы библио-
графиялық көрсеткіш түзу қажеттілігі де бар. 
Абай сөзін орыс тіліне аудару тарихы бойынша деректерді 
жүйелеп, реттеу осы бағыттағы жалпылама, кей тұста жалаңдау, 
бір зерттеуден бір зерттеуге «көшіп» жүрген дайын трафарет 
пайымдаулардың түпнегіз тереңдегі мəніне қарайлауға мүмкіндік 
туғызар еді. 
Абайтану тарихында ескерілуі тиіс бір сала құнды жəдігер – 
Мұхтар Əуезовтің «Абайтану» арнаулы курсынан оқыған 
дəрістерінің конспектілері. Осындай конспектілердің негізінде 
жазылған Бексұлтан Нұржекеұлының «Əуезовтің үш лекциясы» 
эссесі лектордың «Абайтану» курсының бағдарламасында 
көзделген дəріс мазмұнының шартараптан, шалғайдан қамтып, 
еркін шығармашылық кеңістікке «шығып кететін» сəттерін қаз-
қалпында, қаймағын алмай жеткізілуімен өтімді [15]. 
1960 жылғы 3 желтоқсанда жазылған дəріс конспектісінде 
студенттердің бірі Мұхтар Əуезовке Шəкəрім туралы сұрақ 
қойған екен. Бұл ұзақ жылдардан кейінгі, 1958 жылы Шəкəрім 
алғаш ақталғаннан кейінгі уақыт.
«–Студент жолдастар, – деп бастағаны есімде. Сұрақ 
Шəкəрім жайында болатын. – Шəкəрім Мағаштардан ірі ақын 
болған. Орысша көп оқымаған кісі. Орыс поэзиясынан алатын 
нəрі онша болмаған. Мағауия орысша оқыған. «Медғат-Қасым» – 
романтикалы аса күшті роман. Ол – сол білімнің жемісі. Шəкəрім 
«Еңлік-Кебекті» қайта өлең етеді. Онда Мағауиядағыдай 
Кеңгірбайды қабан демейді. Өзінше билердің бұрынғы жолына 
тартып Кеңгірбайды ақтайды, заман айыпты, Кеңгірбай айыпты 
емес дейді. «Қазақ айнасы» дейтін Шəкəрімнің өлеңдері бар. 
Біраз скучныйлау. Абайдың өткір тілі жоқ. «Қалқаман-Мамыр» 
деген поэмасы бар. Ол заманды кінəлайды, айыптайды, бірақ 
Мағауиядай қатты кінəламайды... 
‒ Кейін келіп аударма да жасаған. «Дубровскийді» өлеңмен 
аударған. «Лəйлі-Мəжнүнді» жырлап, «Шолпан» журналында 
бастырған отызыншы жылдары. Ол өзі Физули негізінде 


119 
жырладым деуші еді, кейін тексеріп көрсем, ол олай емес екен. 
Нағыз сопылық үлгісіндегі жыр – Асанкарим варианты 
(нұсқасы). Шəкəрім жазған – осы вариант. Шəкəрім жай «Физули 
жырлаған» дегенді естіген ғана болуы керек. 
Осы Асанкаримнің (бəлкім, Асан Карим де болар) кім екенін 
анықтауға ынтам да, мүмкіндігім де болған емес. Зерттеушілер 
ендігі анықтаған да шығар, кім біледі. 
«Үш анық» деген кітабы бар. Нағыз діни кітап. Қолжазба 
түрінде ғана қалған. Пьеса жазбақ болған. Тек қолжазбада ғана. 
Қалай жазуды білмейтін. Бірнеше шығарған əні бар. «Сегіз аяқ» 
үлгісіндегі шығарған өлеңі бар. Кейбіреу оны Абайдікі деп қайта-
қайта ұсынады. «Сегіз аяқты» əуелі мен жазып едім. Абай: «Сегіз 
аяқ» олай емес, былай жазылады, – деп, «Сегіз аяқты» сонан соң 
жазып еді, – дегенін естуші едім». 
Осы шағын үш дəрісте абайтану, абайтану мəселелерінде 
Абайдың ақындық мектебі; Абай поэзиясындағы өлеңдік өлшем; 
Абайдың ақындық кітапханасы; Абайдың əн өлең дəстүрі; Абай 
қара сөздерінің жанрлық тегі, жазылу тарихына қатысты көл-
көсір құнды дерек, толымды танымдық тоқтам қамтылған.
«Бұл мəнде Мұхтар Əуезовтің «Абайтану» курсына арнап 
жазылған «Абайтану дəрістері» бағдарламасында қамтылған 
дерек, дəйектер ұдайы жаңғыртылып, толықтырылып, бүге-
шігесіне шейін, түбінен қопара тартып баяндалып отырғанын 
көреміз. Шығыс пен Батыстың ілім-білімін жетік меңгерген 
ғұлама ғалым Мұхтар Əуезов Абайға соғатын əр сөз, əр тыныс, 
əр дыбыстың арқау, астарына жайған бай мазмұнды танып, 
игеруде «елеусіздеу» көрінетін елеулі деректердің ғылыми 
айналымға тартылуы өзекті.
«Абай қазақ музыкасы жайында» деген тақырыпта Мұхтар 
Əуезов мəн берген мəселелердің Абайдың музыкалық мұрасы 
бағытындағы жаңашылдық мəні қазіргі музыкатануда қаншалық-
ты ескеріліп жүргендігі ойландырады.
«Қатты шырқауға баспай, сезімталдықпен айтуға бейім 
əндерді Абай шығара бастағанын айта келіп: 
– Сол жайды сезе бастаған адамның бірі – Жаяу Мұса, – деді. 
– Өзгеден ол Абайға жақын, камерный сезімді, айқайсыз келеді 
əндері. 


120 
«Содан қазіргі əндерге ойысты. Шəмші Қалдаяқовтың 
əндерін ел сүйіп айтады. – Осы арада біраз сөзін жаза алмай 
қалсам керек. – Абай көшесінде тұрсам, «Өзің, сəулем! Өзің, 
сəулем» деп боздап айтып келе жатыр СХИ-дің студенттері. 
Маусымның аяқ кезінде Фрунзеден (қазіргі Бішкек – Б.Н.) келе 
жатсам, бір топ қол ұстасып алған балалар Ұзынағаштың ар 
жағында, «Самсыда «Өзің, сəулем! Өзің, сəулем!» – деп өкіріп 
айтып жүр. Білімі болмаса да, халықтың сезім пернесін дəл басқан 
əндер. Мұның бəрі – Абай бастаған камерная музыка». 
1960 жылдың 12 желтоқсаны. Бұл күні жəне бір конспект 
жазылады.
Абайды танудағы алыс уақыттарда қалған дерек, дəйектері 
бас көтереді.
«– Абайдың қара сөздерінің бəрін ғақлия деу дұрыс емес. 
Қара сөз деп атаған – Абайдың өзі. Бұл сөз еш жанрмен үйлес-
пейді. Абайдың 90 процент сөзі өлеңімен тамырлас. Сатира қара 
сөзі де бар. 1. Ұғымдырақ айту үшін жазған, соған тырысқан;
2. Қара сөзде молдалардың өз тілдерімен өздеріне қарсы шығады. 
Бұл жағынан православиеге қарсы шыққан Толстойға ұқсайды. 
«В чем моя вера?» деген кітабын Абай оқыған. Мен осы ескі 
кітапты қыстаудан тауып алып оқығам. Толстойдың көрме үйінде 
қолжазбасын көрдім. Бір хат Семейден жазылыпты. Ол 
Елікбаевтікі екен. Ол дауласыпты, «Сіз неге Мұхаммедті 
ұнатпайсыз?» – деп жазыпты». 
Толстой еңбегінің осы дəрістегі атауын абайтану тарихында 
кездестіреміз бе? Семейден хат жазған Елікбаев кім? Шəкəрім 
Толстоймен хат алысқан дегенді естігенбіз. 
Мұхтар Əуезов дəрісінде «Жазғытұры» өлеңіндегі поэти-
калық тəсілдерге берілген түсінік те тосын танымдық аспек-
тілерде маңызданыпты. 
Осылайша, 1960 жылы 1-курста оқитын Бексұлтан 
Нұржекеұлы ғұмыры есінен шықпаған бір сəттерді сағынышпен 
баяндап отырып, оқушысын абайтану тарихындағы өзіндік мəні 
бар беймəлім деректерге кенелтеді.
«Көп ұзамай 2-курсқа Мұхтар Əуезов лекция оқып жүргенін 
білдік. Біздің кезегіміз келесі жылы келмек, оны күтуге 
кейбіріміздің шыдамымыз жетпеді. Біразымыз тəуекел деп өз 


121 
сабағымыздан қашып, Əуезов лекция оқитын аудиторияға алдын 
ала кіріп, арт жағын ала жайғасып алдық. 
Алғаш барған күнді дəптеріме белгілеместен жазып отырған 
екем. Шамамен не қарашаның аяғы, не желтоқсанның басы 
болуы керек». 
2-курста Бексұлтан Нұржекеұлы Мұхтар Əуезов дəрісіне 
қатысқан жоқ. 
«Келесі жылы Мұхаң бізге лекция оқымады. Бірінші курсты 
бітіріп жатқанымызда Мəскеуде қайтыс болды. 
Ұрланып қатысқан сол үш лекция маған айрықша ыстық. 
Бəлкім басқаларды да бей-жай қалдырмас. Кім біледі бір керегіне 
де жарап қалар. 12.07.2001». 
Бұл эссе жарық көргелі де он бір жылдай уақыт өткен екен. 
Осы үш дəрістің мазмұнын түзген үзік-үзік деректердің 
абайтанудың жоталы салаларымен сабақтасып жатқан елеулі 
маңыздарына мəн берілді ме? 
Бұл естелік сынды студент дəптеріндегі жазбалар
(Р. Рүстембекова, А.Қанафин, т.б.) конспектілері бір-екеу 
еместігі де даусыз, алайда жылдам уақыт, ағынды жылдар ол 
жазбаларды да, оны жазған Абайға, Əуезовке ынтық авторларды 
да арадан алыстатып барады.
Абайтану тарихында жеке салалар бойынша дерек жинау, 
қорыту, толықтыру тəжірибесінде жүйелі сабақтастықта жұмыс 
жүргізіп отырудың толыққанды жүргізілмегендігі туралы мəселе 
қозғалуы керек. 
Абайдың орыс тіліне, əлем тілдеріне аударылу үрдісі тарихи 
теориялық-тəжірибелік аспектіде зерделеніп, арнайы танымдық 
мазмұн түзуінің қажеттілігі де бар. 
80 жылға жуық оқытылып келе жатқан «Абайтану» арнаулы 
курсында Абайдың əдеби мұрасын шет тілдерге аудару оқу 
бағдарламасында қамтылған емес. Абайтанудың бір мəселесі 
мəнінде Абайдың орыс, Батыс əдебиетінен аударма шығар-
малары қамтылады, ал Абайды аударудың тарихы, өзекті 
поэтикалық талап-шарттары, тəжірибесі оқытылмайды.
1914 жылы Нұқ Рамазанов мазмұнын қара сөзбен орыс тіліне 
аударған Абайдың «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Адамның 
кейбір кездері», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» 


122 
өлеңдері «Əл шарихат» («Восточный сборник») жинағында 
жарияланған. 
Семейлік ағайынды Белослюдовтардың Абай шығарма-
ларын орыс тіліне аудару, орыс жұртшылығына Абайды таныс-
тыру, жеткізу бастамашылдық ынтасы анықтамалық ақпараттар 
ауқымында айтылып келеді.
Абай мұрасының қытай, қарақалпақ, басқа да туысқан түркі 
халықтары тілдеріне аударылу тəжірибесі туралы шетелдерде 
жазылған толымды тарихи-теориялық саралаулар жасаған 
еңбектер [16], [17] абайтану айналымына түсіп отырғандығы 
туралы да ауыз толтырып айтарлық танымдық зерттеулер 
отандық абайтануда əзірге жазылған емес. 
Абай шығармаларының шет тілдерге аударылу, басылым 
тарихы, Абай мұрасын насихаттау шараларына қатысты жеке-
леген деректердің қайшылықтары кездесіп отырады. Бұл мəнде 
басын ашып, айғақтайтын, айғақтау мүмкін болмаған жағдайда 
ескертпемен көрсетіліп отыруы тиіс бұрмаланған мəліметтер бар. 
«Косталецкий Николай Федорович (19 ғ.б. – ө.ж.б.) – орыс 
демократы, педагог. Қазіргі Павлодар облысы ауылдарында 
қазақ балаларымен аралас өсіп, жергілікті тілді жете меңгерген. 
Қазан университетінің Күншығыс факультетін бітірген соң 
Омбыдағы кадет корпусында Күншығыс тілдерінің оқытушысы 
болған. Осында Ш.Уəлихановқа, Халиулла Өскенбаевқа дəріс 
берген. Ол Халиулладан «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік-
Кебек», «Қалқаман-Мамыр» қиссаларын, «Есім-ханның ескі 
жолы», «Қазақ билерінің ерте кездегі шешімдері» туралы 
материалдармен қатар, Абай өлеңдерін жаздырып алған. Ол Абай 
өлеңдерінің көшірмесін кітап етіп бастыру мақсатымен 19 
ғасырдың 60-жылдары Петербург университетінің профессоры 
И.Н. Березинге табыс еткен. Бұл қолжазба атақты ғалымдар
П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің, П.М. Мелиоранскийдің 
қолдарынан өтіп, жақсы баға алған. Бірақ қолжазба белгісіз 
себептермен жарық көрмей қалған. К. тапсырған бұл қолжазба 
қазір С.-Петербургтегі Орыс геогр. қоғамының архивінде 
сақтаулы. Абайдың інісі Халиуллаға жазған хаты, Құнанбай мен 
Ғабитхан молданың С.-Петербургтегі Күншығыс халықтарын 
зерттейтін институттың кітапханасындағы хаттары да осы
К. арқылы келіп түскен (Т. Барақұлы)» [1, 279]. 


123 
Бұл деректі осы ыңғайлас басқа деректермен салыстырып 
қарау қажет. Басқа мəліметтер жөн де болар, ал Абай өлеңдерін 
кітап етіп бастыру мақсатымен ХІХ ғасырдың 60-жылдары 
Березинге табыс етті деген ақпарат Абайдың сол 60-жылдарда, 
тіпті 60-жылдардың соңына қарай болғанда да өлең жазуға 
түбегейлі кіріспегендігін ескергенде, сенімсіздеу.
Косталецкий абайтану тарихында аталып жүр ме? 
И.Н. Березинге Абай өлеңдерінің көшірмесін тапсырған кім 
болғандығы тұрғысында келесі бір деректе осы анықтама авторы 
князь В.А. Кудашевті атайды [1, 157]. 
Нақтылап, басын ашатын тұстары бар. 
Абай өлеңдерін С.-Петербургке алып барған Косталецкий 
ме? Кудашев пе? Шорманов па? Үшеуінің де қатысы бар екендігі 
басы ашылып, нақтылы жағдай, іс барысында айғақталғаны жөн 
болар еді. 
«Садуақас Мұсаұлы Шорманов (1849-1927) – Абай 
шығармаларын баспадан бастырып шығарушылардың бірі.
С.-Петербургке қазақ əдебиетінің көптеген нұсқасын алып 
барған. Олардың ішінде Абай өлеңдері мен Мəшһүр-Жүсіп 
Көпеев жырлары да болған. С. бұл шығармаларды орыс оқы-
мыстыларына табыс етіп, баспадан бастырып шығару ісін 
ұйымдастырған. Бұл қолжазбалар қазір С.-Петербургтегі Салты-
ков-Щедрин атындағы кітапхана қорында сақтаулы. «Құдашев 
өлеңдер жинағын Абай аулынан, оның балаларынан жазып алған 
болу керек деп жорамалдаған едік. Кейін С. жинағы табылғаннан 
кейін оның С. жинағынан басынан аяғына дейін көшіріліп 
алынғаны мəлім болды, – деп жазады академик Əлкей Марғұлан 
өз еңбегінде. С. нұсқасының көшірмесі Абайдың Семейдегі 
мемлекеттік қорық музейінде сақтаулы. (М. Бейсенбаев)» [1, 
501]. 
Бұл мəселеде арнайы салыстыру, саралау, зерттеу жұмысын 
жүргізу қажеттілігі бар. 
Халиулла Өскенбаевқа қатысты анықтамада Н.Ф. Косталецкий 
аталған [1, 590]. 
Түп ізіне түсетін дерекнамалық фактілер абайтану тари-
хында аз емес сияқты. 
«Қазақ» газеті Абайдың өмірі мен шығармашылығына 
қатысты мақсатты түрде материалдар беріп отырғаны белгілі. 


124 
Осында жарияланған бір əдебиет кеші туралы кім жазған дейтін 
мəселеде бір жаңсақтық бар деп ойлаймыз. Салыстыра қарағанда 
қай ақпараттың Абай кешіне қатыстылығы мəселесі бой көтерді. 
«Соңғы екі жылда бұл айдармен оншақты материал жарық 
көргені оқырманға аян. Бұл жолы беріліп отырған екі 
материалдың бірі – 1915 жылы 13 ақпанда ұлы ақынның туға-
нына 70 жыл толуына арналған кеш жайында. Мұны, абай-
танудың білгірі Мекемтас Мырзахметовтің айтуынша, Нəзипа 
Құлжанова жазған. «Қазақ» газетінде сол жылғы 28 наурызда 
жарияланған» [9, 35]. 
Бұл кеш туралы хабардың «Қазақ» газетіндегі басылымында 
авторы «М» болып жазылған. Əрі бұл кештің Абайдың туғанына 
70 жыл толуына арналған кеш болғандығы хабарламада 
көрсетілмеген. Райымжан Мəрсеков осы кеште жасаған баян-
дамада Абайға тоқталып өтеді, баяндама негізінде тұтас қазақ 
əдебиетінің жай-күйінен. 
«Қазақ» газетінде басылған кеш туралы ақпарат-мақаланың 
кіріспесінде кештің мəн-жайы қысқаша айтылған. 
«13 февральда Семейдегі саудагерлер клубында қазақтың 
жас талапкерлерінің ыждаһатымен мұсылман атынан жаралы-
ларға деп ашылған науқасхананың һəм қазақ мұқтаж оқушы-
ларының пайдасына болған қазақша əдебиет кешінде болған-
дарды жазбақшымын. Кеш басталарда сағат 8 жарымда 
Райымжан мырза Марсеков шығып, қазақ əдебиеті туралы біраз 
сөз сөйледі» [18,159]. 
Жаралыларға жəрдем үшін өткізілген кеш. Бірінші дүние-
жүзілік соғыстың жаралыларына. 
Хабарды «М» деп жас шəкірт Мұхтар Əуезовтің де жазуы 
мүмкін көрінді. Əлде, Мəрсеков пе? Мақаланың «Қазақ» 
газетінің қазіргі қаріпке көшіріліп басылған жинағындағы 
нұсқасы мен «Абай» журналында жарияланған мəтінінде 
бірнеше текстологиялық ауытқу бары көрінді. Араб қарпінен 
қазіргі жазуға көшірудегі «дəстүрлі» түйткілдер сияқты. Газет 
нұсқасының көшірмесіндегі «Есеп пайдасы» деген тіркес «Абай» 
журналында «Саф пайдасы» деп берілген. Таза пайда дегені. Осы 
дұрыс көрінеді. 


125 
Ғылыми басылымдардың түпнұсқаны сақтау, соған қарай-
лау мəдениетінде ойласатын, ықтияттайтын мəселелер бар-
шылық. 
Абай энциклопедиясындағы мəліметте Нəзипа Құлжа-
нованың 1915 жылғы Семейдегі əдебиет кешін «Қазақ» газетіне 
жазғандығы туралы мағлұмат жоқ. Ал «Қазақтың» 1916 жылғы 
№164-нөмірінде шығарды дейтін «Əдебиетімізге көз салсақ» 
дейтін мақаласының дерегін де нақтылау қажет сияқты. «Қазақ» 
газетінің қазіргі қаріппен шыққан жинағынан ол мақаланы 
таппадық. «Ол Абайдың «Желсіз түнде жарық ай...», 
«Жазғытұры» деген өлеңдерін алғаш орыс тіліне аударды 
(«Сибирьский студент», 1915, Кн.3-4. с.82-83)», – деген дерекке 
орай ағайынды Белослюдовтар Абай өлеңдерін орыс тіліне 
аударатын адам іздегенде бұл істі Нəзипа Құлжановаға 
тапсырулары да мүмкін деген ой түседі.
Əр деректің абайтану тарихында белгілі бір деңгейдегі 
ғылыми айқындамасы жасалып отыруы жағынан да кенжелеп 
келеміз. Кезінде саяси тұсаулардан сескендік. Ендігінің де толып 
жатқан өз «себебі» бар. 
Абай дəуірі, Абай ортасы, Абай өмірі, Абай шығар-
машылығы ұзын тарихтың өлшемімен келгенде «қол созым» 
жерде тұр. Түгендеймін, табамын, келер ұрпаққа табыстаймын 
деген ынта болса, сол жолда қамсыз, «мұңсыз» еңбек жасап, тер 
төгуге мүмкіндік болса... 


126 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет