Қолданысқа енгізу мүмкіншіліктері: Абай ілімін білудің
жəне қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері – іргелі
жəне пəнаралық зерттеу нысаны. Оны жүзеге асырудан күтілетін
нəтижелер мақалалар, монография, кітаптар, оқу пəні, оқу
құралдары, тұжырымдамалар, əдіс, тəсіл, модель, ғылыми-
ақпараттық база түрінде құжатталады деп күтіледі. Сонымен қатар
мына жайды атап өту қажет деп білеміз: Абай ілімін білудің,
түсінудің жəне қолданудың ғылыми-теориялық негіздері мен
тетіктерін жасау тиісті технология негізін жасаумен шектеседі. Ол –
Абай ілімін білудің, түсіну мен қолданудың ғылыми-теориялық
тұрғыда негізделген технологиясы. Ол да тиісті тəртіпте
құжатталады деп күтіледі. Жобаның тақырыбында кездесетін
«қолдану» сөзіне қарап, оны қолданбалы сипатта екен деп ойлап
қалуға болмайды. Бірақ оны қолданудың əлеуметтік маңызы зор.
Сондықтан зерттеу нəтижелерін қолданудың механизмдері мен
тетіктері жасалады (Абайтану семинарлары; е-ресуратар базасы;
Абайдың шығармалар жинағы; Абайдың кісілік кодексі, т.б.).
Зерттеу нəтижелерін оқу процесіне жаңа оқу пəні ретінде енгізу,
оны оқу-əдістемелік құралдармен қамтамасыз ету көзделеді.
Жоба жетекшісінің басшылығымен жəне тікелей қатысуымен
дайындалған жəне көпшіліктің пайдалануына ұсынылған
абайтану ғылымының ғылыми-ақпараттық базасының негізі
қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ақпараттарды қамтиды.
Абай ілімін білудің жəне қолданудың ғылыми негіздері мен
теориялық тетіктерін жасауға қажетті дерек көздері осында
жинақталған. Олардың қатарында «Абайтану. Таңдамалы
еңбектер» сериялық басылымының 50 томы, он томдық
«Абайтану антологиясы» бар. Бұлар – зерттеу нəтижелерін
өндіріске енгізуге, қолдануға қажетті орта, жағдай жасаудың
басты көрсеткіші. Осы орта, жағдай аясында зерттеу нəтижелерін
10
тəрбие, білім беру деңгейлерінің бəрінде қолданудың негіздері,
құралдары мен тетіктері жасалуда.