Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


 Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми



Pdf көрінісі
бет8/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
Абайдың-таксономиясы

1 Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми 
негіздері мен теориялық тетіктерін зерттеудің методо-
логиялық қағидаларын анықтау 
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми 
қордағы теориялық қағидаларын анықтау өзара тығыз 
байланысты үш сала бойынша жүргізілді: а) ғылыми қордағы 
теориялық қағидаларды саралау; б) зерттеудің мето-
дологиялық ұстанымдары мен қағидаларын негіздеу; в) зерттеу 
нəтижелерін жинақтау. 
а) Ғылыми қордағы теориялық қағидаларды саралау 
жүйелеудің жалпы теориясы аясында жүргізілді. Талдау ны-
санына алынған теориялық қағидалардың құрамындағы ұғым-
дардың мəні, олардың өзара қатынасы онтологиялық жəне 
гносеологиялық тұрғылар негізінде сараланды. Талданып отырған 


15 
нақты қағида аясындағы категориялық мəні бар ұғымдардың 
жалпы жəне жалқы сипаттары, олардың өзара байланыстары 
мен қатынастарындағы бір деңгейлі, əр деңгейлі сатылардың 
ерекшеліктері пайымдалды. Осы ерекшеліктерді талдау, 
олардың əрқайсысына тəн басты белгілердің мəнісін ашу жəне 
мағыналық көлемін анықтау жүйелі талдау талаптары 
бойынша жүргізілді.
Абай ілімі жүйесінде маңызды орын алатын «Имани гүл», 
оның құрамдастары туралы ұғымдарды түсінуде жүйелеу 
методологиясының заңдылықтарына сыймайтын тұрғы ба-
рына назар аударылды. Сол секілді ақынның «Сегіз аяқ» 
өлеңінің алғашқы шумағындағы «алыстан сермеу», «жүректен 
тербеу», «шымырлап бойға жайылу», «қиуадан шабу», «қи-
сынын табу», «тағыны жетіп қайыру» ұғымдарының аста-
рында халықтың дəстүрлі мəдениеті, дəстүрлі дүниетанымы 
аясында ғана дұрыс біліп, дұрыс түсінуге болатын мəн бары, 
оның абайтану ғылымында терең пайымдалмай, қайбір 
жағдайларда жалаң, лайықсыз, тіпті теріс түсіндіріліп келе 
жатқанына сын айтылды, методологиялық тұрғыда жаңа тұжырым 
жасалды. Белгілі бір бүтін құбылыстың құрамдастарын ұғым, 
ұғымдық аппарат кеңістігінде сипаттау жүйелеудің жалпы 
теориялық əрі терең мəнді заңдылықтары негізінде жүзеге 
асуы қажеттігі тиянақталды. Олай болмаған жағдайда бүтін 
мен бөлшек, жалпы мен жалқы сипаттағы ұғымдардың ара-жігі, 
логикалық жүйесі сақталмайтыны дəйектелді. 
Зерттеудің методологиялық ұстанымдары мен қағидалары 
негізделді. Зерттеу нəтижелері жинақталды. Бөлім бойынша 
орындалған жұмыстардың нəтижелері мақала (БҒСҚК), 
монографиялық тарау, концепция түрінде дайындалды.
Зерттеу жұмыстары барысында Абайдың рухани мұра-
сының, ілімінің қазіргі өркениеттегі орны мен маңызын пайымдау 
біздің заманымыздың, біздің қоғамымыздың аса өзекті, 
көкейкесті ғылыми мəселесі екені туралы қағида дəйектелді.
Ғылыми қордағы теориялық қағидаларды саралау ба-
рысында Абай ілімін белгілі бір ұғым немесе ұғымдар тобы, 
олардың нақты мағынасы негізінде анықтаудың ғылыми-
теориялық, методологиялық тиянағы жеткіліксіз екені туралы 
қорытынды жасалды. Абай ілімінің аясында жекелеген 


16 
ұғымдарды эмпирикалық түсінік кеңістігінде аңғару жəне 
соның негізінде болжам деңгейінде ой түю, пікір ұсыну 
тəжірибесі сыншылдық тұрғыдан пайымдалды. Абай ілімі 
сияқты күрделі жəне көп қырлы құбылыс туралы пікірлерді 
жүйелі түрде жүргізілген ғылыми пайымдау нəтижесінде дəйек-
теп, дəлелдеу қажеттігі туралы методологиялық талап ұсы-
нылды. Күрделі жəне көпқырлы бірбүтін құбылысты зерт-
теудің методологиялық негізі де күрделі жəне көпқырлы 
болатыны сарапталды. 
Абай ілімінің жүйесін анықтауда тиісті ұғымдардың жалпы 
жəне дара мағыналық сипаттарын өзара сабақтас, өзара 
байланысты, өзара шектес құрамдастарының бірбүтін күрделі 
тұтастығы мен қызметі кеңістігінде саралау туралы қағида 
ұсынылды. 
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың ғылыми 
негіздері мен теориялық тетіктерін зерттеудің қағидаларын 
анықтау зерттеудің теориялық, методологиялық тəсілдерін 
негіздеуге алып келді. Оның нақты өлшемді нəтижелері 
теориялық, методологиялық ұстанымдар, концептуалдық 
тұжырымдар түрінде «Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың концепциясында» көрініс тапты. Концепция он екі 
бөлімнен тұрады: 1) Тұжырымдама туралы жалпы мəліметтер; 
2) Абай ілімінің жалпы сипаттамасы; 3) Абай ілімін қоғам 
дамуының қазіргі кезеңінде білудің, түсінудің жəне 
қолданудың өзектілігі; 4) Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде 
Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың зəрулігі; 5) 
Ағымдағы жағдай жəне Абай ілімін қоғам өмірінің барлық 
салалары мен деңгейлерінде білуді, қолдануды тежейтін 
факторлар; 6) Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде Абай ілімін 
білудің, түсінудің жəне қолданудың тиянақты жолы; 7) Абай 
іліміндегі танымдық үдеріс психологиясының иерархиялық 
жүйесі; 8) Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың 
ғылыми негіздері мен тетіктерін жасаудың методологиялық 
ұстанымдары; 9) Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
10) Тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нəтижелер; 
11) Тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нəтижелердің 
əлеуметтік маңызы; 12) Тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері 
мен іс-шаралар. 


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет