245
ХLVII том
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. XLVII том / Қасым А. Aбaй жəне
парсы
əдебиеті / жалпы ред. басқ. Ж. Дəдебаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. –
212 б.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп
томдық басылымының қырық
жетінші томында А. Қасымның «Абaй жəне парсы əдебиеті» еңбегі берілді.
Зерттеуде Абай мен классикалық парсы əдебиеті ақындарының шығармалары
тақырып үндестіктері, идея, композиция, сюжет,
бейнелілік ерекшеліктері
тұрғысынан қарастырылып, Абай мен
парсы ақындарының лирикалық
өлеңдеріндегі табиғат, философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық
жəне ғашықтық тақырыптағы жырларының үндестіктері мен өзгешеліктері
сараланды. Абайдың «Ескендір» поэмасы парсы тіліндегі нұсқалармен, «Əзім
əңгімесі» мен «Масғұт» поэмалары фольклорлық туынды «Мың бір түн»
негізінде
салыстырыла талданып, олардың сюжеттік ұқсастықтары мен
өзгешеліктері, кейіпкерлерді бейнелеудегі ерекшеліктері жүйеленді.
Кітап
зерттеушілерге, əдебиеттанушыларға, шығыстанушыларға, фоль-
клортанушыларға, студенттер мен магистранттарға, Абай шығармашылығы мен
парсы əдебиетіне қызығатын көпшілік оқырманға арналған.
Мaзмұны:
Алғы сөз
Айнаш Қасымның «Абай жəне парсы əдебиеті»
монографиялық зерттеуі
туралы
Кіріспе
Абай поэзиясындағы парсы əдебиетінің сарындары
Абай жəне парсы əдебиеті
Абай мен Рудаки поэзиясындағы табиғат лирикасы
Абай мен Сағди поэзиясындағы ұқсас ой-сарындар
Абай мен Хафиз шығармашылығындағы жүректің əспеттелуі: ғашықтық
тақырыбы
Абай поэмаларындағы шығыстық сарындар
Абайдың «Ескендір» поэмасы жəне парсы əдебиетіндегі
«Ескендірнамалар»
«Əзім əңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» ертегісімен жəне парсы
ақындары шығармаларымен ұқсастықтары, ерекшеліктері
«Масғұт» поэмасындағы бас кейіпкер бейнесі,
шығарманың сюжеті,
идеясы
Қорытынды
Библиографиялық тізім
Филология ғылымдарының кандидаты дəрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның авторефераты
Резюме
Summary
Достарыңызбен бөлісу: