Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет82/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94
Абайдың-таксономиясы

ХLIX том 
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. ХLIX том / Х.Ж. Сүйіншəлиев. Абайдың 
қара сөздері / жалпы ред. басқ. Ж. Дəдебаев. – Алматы: Қазақ университеті
2020. – 238 б. 
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық 
тоғызыншы томында Х.Ж. Сүйіншəлиевтің 1956 жылы жарық көрген «Абaйдың 
қара сөздері» еңбегі берілді. Кітапта Абай қара сөздерінің мазмұны, түрі, стилі, 
тілі туралы мəселелер терең əрі жан-жақты зерттелген. Ақын творчествосын 
толық бейнесінде көрсету үшін оның алуан сырлы қара сөзді мұраларын əлі 
зерттей түсу – қазақ əдебиеттану ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі. 
Бұл ретте қолыңыздағы кітап осы саладағы тұңғыш қадам ретінде саналмақ.
Кітап студенттер мен магистранттарға, докторанттарға, филолог-
ізденушілерге, ғылыми қауымға жəне көпшілікке арналған. 
Мaзмұны: 
Бірінші бөлім.
Оқушының есіне 
Бірінші тарау. Ұлы ақын – реалист 
Екінші тарау. Абай қара сөздерінің текстологиясы мен зерттелуі туралы 
бір-екі сөз 
Үшінші тарау. Абайдың қара сөздерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны 
Төртінші тарау. Абай прозасының түр, стиль, тіл ерекшеліктері 
Қорытынды 
Екінші бөлім. Мақалалар 
Абайдың қара сөздері мен нақылдары 
Абай Құнанбаев (1845-1904) 
Үшінші бөлім. Автордың монографиясы туралы алғашқы пікірлер 
Уахатов Б. Сəтті бастама 
Дүйсенов М. Абайдың қара сөздері туралы еңбек 
Сəрсекеев М. Абайдың прозалық сөздері 
L том 
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. L том. Ойлар мен толғаныстар / жалпы ред. 
басқ. Ж. Дəдебаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 240 б. 
ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ)
ISBN 978-601-04-4948-0 (50-том) 
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық сериялық басылымының 
елуінші томы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт 
Кемелұлы Тоқаевтың «Абай жəне ХХІ ғасырдағы Қазақстан», «Абай – рухани 
реформатор» атты мақалаларымен ашылған. Қазіргі филология ғылымдары 
саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан белгілі, көрнекті ғалымдардың Абай 
жылында жазылған жəне дайындалған зерттеулерінің таңдамалылары 
топтастырылды.
Кітап орта мектептің жоғары сынып оқушыларына, студенттер мен 
магистранттарға, докторанттарға, қоғамдық-гуманитарлық ғылым салаcында 


248 
ізденушілерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге
сондай-ақ көпшілікке арналған. 
Мaзмұны: 
1. Тоқаев Қ.-Ж.К. АБАЙ 
1) Абай жəне ХХІ ғасырдағы Қазақстан 
2) Абай – рухани реформатор 
2. Жақып Б. Халқына сəуле шашқан жарық жұлдыз 
3. Нұрышева Г. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп... (Абайдың 
экзистенциализмі) 
4. Дəдебаев Ж. Абайдың көркемдік əлемі 
5. Қалижанов У. Абай ілімі 
6. Ысқақұлы Д. Абай мұрасы – қазақ халқының рухани ұстыны 
7. Салқынбай А. Абай даналығы жəне дала шындығы 
8. Тарақов Ə. Абайдың шығармашылық мұраты 
9. Тебегенов Т. Абай қара сөздерінің халықтық-педагогикалық маңызы 
10. Картаева А. Абайдың сөз өрнектері М. Əуезов əңгімелерінде 
11. Мұсалы Л. Абайтану саласындағы ерекше екі құжат 
12. Түсініктер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет