Таланттар


ҰЛТҚА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ҚАЖЕТ



бет143/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   151
Таланттар

ҰЛТҚА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ҚАЖЕТ


Алма Қыраубаева – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде дәріс береді. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Жуықта қалалық білім беру басқармасының шақыруымен Астанада болып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арнайы әдістемелік лекциялар оқыды. Сол күндері ғалым апаймен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді.
Сізді мемлекеттік білім беру жүйесі жайлы нақты ойлар айтып, анық қадамдар жасап жүрген ұстаз ретінде білеміз. Сондағы жаңашыл пікірлеріңіз жайлы тереңірек білгіміз келеді?
– Мемлекеттік білім беру саласына жүйелі түрде ежелгі дәуір әдебиетін оқытуды кіргіздім. Менің айтып отырғаным – XІІІ-XIV ғасыр әдебиеті. Енді осыны қалай оқыту жөнінен астаналық отыз шақты мұғалімге лекция өткіздім. Меніңше, ежелгі әдебиетті орыс сыныпта оқитын қазақ балаларына да оқыту керек. Олар Пушкинді, Толстойды, Лермонтовты жақсы біледі. Қазақстан білді дегенің өзінде Абайды естуі мүмкін. Сондықтан да қазақтың баласы орыс болып кетті деп әлемнің рухани қазынасы ортайып қалмайды. Ол – тек қазақ үшін, сол халықтың ұрпағы үшін қажет дүние. Бүгінгі таңда оқулықтан тыс сабақ үйрететін мұғалім шамалы. Құр босқа «Мен қазақпын» дегеннен ештене шықпайды. Ежелгі әдебиетті, мәдениетті жаңғырта отырып, сол кездегі әлемдік туындылармен салыстыру арқылы бүгінгі уақытпен қабыстыру керек. Осылай баланың қызығушылығын оятуға болады.
Сіз баспасөз беттерінде «ұлттық мектеп» деген пікірді жаңғыртып жүрсіз. Ұлттық мектеп пен қазақ мектебінің айырмасы қандай?

  • Бізде қазақ мектебі бар, бірақ ұлттық мектеп жасалған жоқ. Ол үшін уақыт керек. Әрі бір адамның мүмкіндігі жетпейді. Бір мектепті ұлттық мектеп ретінде жасауға неге болмасын. Барлық мектепте бір уақытта іске асатын шаруа емес – бұл. Ең бастысы, мемлекеттік қолдау қажет. Әйтпегенде бүкіл ұлт мүддесін, ел тағдырын бір шенеунік ұйқылы-ояу отырып, шеше салуы мүмкін. Мысалы, айтайын: үлкен психолог, доктор, педагог Құбықұл Жарықбаев орта мектептерге әдеп сабағын еңгізе алмай жүр... Қазір бізде тәжірибе жасаушылар көп. Әркім әрқалай ізденуде. Сөйте тұра ұлттық мектептің тұтас жүйесін жасаумен айналысып жүрген жанашырды білмедім.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет