Таланттар


ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ



бет78/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151
Таланттар

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ


1993 жылдың 2 тамызында Каскелең аудандық әкімшілігінде (№451) тіркелген.


Лицейді ашқан – қазақ әдебиетінің ежелгі тарихын зерттеуші ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің доценті Алма Қыраубайқызы.

Лицейді ашудағы мақсаты – ауыл балаларының білім деңгейін көтеруге өз үлесін қосу және өз бағдарламасы бойынша жаңаша оқыту жүйесін іске асыру.


Лицейде гуманитарлық қазақ мәдениетінің бірнеше саласы тереңдетіліп оқылады. Атап айтқанда: Ежелгі әдебиет, Қазақ мәдениетінің тарихы, Шығыс мәдениеті (Ислам мәдениеті), Көне жазу, Әдеп (Қазақтың дәстүрлі тәрбиесі және тұрмыс-салты). Қазақстан тарихымен танысу 1-сыныптан басталады. Бастауышта «Тілашар» сабағы жүріп отырады. Осы оқытылып жатқан сабақтардан жақсы нәтиже жеткен. Біздің жыл санауымызға дейінгі көне сақ, ғүн, түрік дәуірлеріндегі аңыздар мен орта ғасырдағы жазба ескерткіштерден жақсы хабары бар. Осы сабақты 6, 7, 8- сыныптарда оқытатын ұстаз А. Қыраубаева университеттің 1-курсының бағдарламасы бойынша жүргізуде. Оқушылар қазір Орхон ескерткіштерін, «Қорқыт ата кітабын», «Оғыз қаған жыры», «Құтты білік», әл-Фараби еңбектері сияқты тарих қойнауына сақталған құнды мұралардың мазмұнын тәуір біледі. Араб әліппесімен жазылған кітаптарды, «Шалқар» газетін оқи алатын дәрежеге жеткен. Жоғарғы сыныпқа барғанда Орхон жазуын үйренбекші. Яғни «Көне жазу» сабағы қазақ тарихындағы ең көне әліппелермен таныстырады, үйретеді.
«Шығыс мәдениеті» сабағы бірнеше курстарға бөлінген. Соның алғашқысы – Ислам мәдениеті. Бұл сабақтың мақсаты – Исламды мәдениет ретінде таныту. Оның тарихымен, пайғамбарлар жөніндегі аңыз әңгімелермен, Құранның мазмұнымен таныстыру, әдеп-парыздарды түсіндіру, имандылыққа тәрбиелеу. «Шығыс мәдениетінің» келесі курстарында «Қытай мәдениеті», «Парсы мәдениеті» сабақтары жоспарланған. Балаларды имандылыққа тәрбиелеуге «Тілашар» сабағы да бағытталған.
Лицейде қыз балалардың «Қол өнері» сабағына үлкен мән беріледі. Болашақ өміріне қажетті дағдыларды үйретуге тырысады. Түрлі тағамдар, оның ішінде үлттық тағамдардың дайындалу әдістерін көзбе-көз жасап үйретеді. «Өттім-біттім» емес, нақты үйреніп шыққанын қадағалайды. Тоқу, тігу, пішуді үйретеді.
Оқушылардың парасаттылық тәрбиесіне көп мән беріледі. Әдеп сабағын 1-сыныптан бастап жылма-жыл оқыту жоспарланған. Сәлемдесу әдебінен басталған сабақ жоғарылаған сайын мазмұны тереңдей түседі. Жоғарғы класта отбасы қарым-қатынасына ұласады. Шығыс және Еуропалық этикетке де көңіл бөлінеді.
Лицейдің мақсаты – қазақ баласын әлем сахнасына қазақ құбылысы етіп шығару. Қазақ мәдениетін әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі деп қарайды. Өз мәдениетін терең білумен әлемдік мәдениетті білдіру көзделген. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі оқытылады. Балалар ағылшын тілінде диалогтер сөйлесу дәрежесіне жеткен.
Лицей оқушылардың емін-еркін пікір алысуына қатты мән береді. Оқытудың демократиялық жолдарын ұсынады. Сабақ үстіндегі ұстаз бен оқушының еркін пікірлесуінің куәсі болдық. «Пікірім дұрыс бола ма, болмай ма?» – деген жасқанушылық байқалмайды. Пікірлесу мәдениетін едәуір меңгергені көрінеді. Лицейдегі оқудың ең бір жетістігі деп осыны айтуға болады.
Лицейде рейтинг жүйесі жолға қойылған. Балалардың сабаққа қатысуынан бастап ынтасына дейін ескерілген рейтинг жүйесі жақсы нәтиже берген. Оқушылар ауырғанда болмаса, сабақтан қалмауға тырысады. Оқуға аса ықыласты. Оның себебі оқушының қызығушылығын оята білгенінде.
Лицейдің бүкіл құрылымы адамгершілік, бір-біріне деген сенім негізінде жүргізіледі. Ұстаздар мен директор, ұстаз бен ұстаз, ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас өте сыпайы, әлеуметтік мінез-құлықтың кішіпейілділікке құрылған белгілері танылады. Амандасу әдебі, қарым-қатынас мәдениетін еңбектенуде қалыптастыру үшін, оқушыға өте сыйластықпен қарайды.
Алдын ала ескертусіз сауалнама жүргізілгенде оқушылардың өз мектебін аса қадірлейтіні анық аңғарылды. Аты-жөні көрсетілмеген бір оқушы: «Бұл мектепте әр адам өз жұмысын біледі», – деп жазған. Мұнда ұстаздан оқушыға дейін өз жауапкершілігін тиянақты орындауына мән беріледі. Оқушылар өздерін еркін сезінеді. Айқай-шу, қатыгездіктеп аулақтаған.
Ұстаздарға қойылатын талабы ерекше. Жиырма шақты тоқтамнан тұратын талап адаамгершілік педагогикасына негізделген. Онда: «Баға құнды емес, бала құнды. Әр бала – өзінше қайталанбайтын ғажайып құбылыс», – деген жолдар бар. Ең негізгі мән беретіні – баланы жасытпай оқыту.
Лицейде 5 сынып бар: 1, 2, 6, 7, 8. Он бес мұғалім оқытады. Оның бесеуі – әл-Фараби университетінен, біреуі – Әлем тілдері университетінен, бірі – Қыздар педагогикалық институтынан: ғылым кандидаты, аспиранттар, университет ұстаздары, таңдалып алынған мектеп мұғалімдері. Ауыл ата-аналарының жағдайы төмендігіне байланысты өте аз төлемақы алып отырса да (айына 300 теңге), қайырымдылық жұмыс жүргізуде. Қиыншылықтарға қарамастан, ұлттық мектептің деңгейін көтеруге өз үлестерін қосуда.
Сабақтан тыс жұмыстары да оқушылардың көпшілік алдында еркін сөйлей алу, өзін сабырмен, еркін ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. «Зерде», «Жырау және жыраулық дәстүр», «Әсемдік әлемі» факультативтері мен үйірмелері, тұрақты «Би мәдениеті» және басқа кештер, кездесулер жиі болады. Лицей оқушылар ғана емес, бүкіл ауыл өміріндегі ұлттық мәдени орталық рөлін атқарып отыр. Ондағы өткізілген айтыстарға, Абай күндеріне, Жамбылдың туған күніне арналған кештерге, Лицей күшімен ұйымдастырылған концерттерге ауыл адамдары, ата-аналар ықыласпен келеді. Ата-аналар қазақ мәдениетінің көп ұмытылған тұстарын Лицейде оқитын балаларынан үйренетіндігін айтады.
Қазақ мәдениетін оқып-білуге басқа ұлт өкілдері де құштар. Бірнеше балқар, түрік балалары, орыс мектептерінен келген балалар да оқиды. Олар қазір қазақ тілін едәуір меңгерген.
Бұл мектеп-лицейдің құндылығы: Ескі авторитарлық педагогикадан шығып, баламен қарым-қатынастың адамшылық негізіне бет бұрған.
Сабақтың қалыптасқан түрлерімен бірге, лекция-диалог, лекция-практикалық сабақтар қолданылады. Оқушылар толық түсінбеген тақырып қайталай өтіліп, одан да түсінбегендерді түстен кейінгі «жетілдіру сабағына» жібереді. Оқушыны мақтау-қолдау тәсілдері жақсы нәтиже береді. Қалыптастыру кезеңі үшке бөлінеді:
1. Өз мүмкіндігіне сендіру кезеңі (бірінші жылы).
Бұл кезде бағалар көтеріңкі қойылады.
2. Күнделікті еңбек етуге дағдыландыру кезеңі (екінші жылы). Баға еңбегіне қарай бағалана бастайды.
3. Нақты нәтижесі бойынша бағалау.
Рейтингте жинаған балының қорытындысы апта сайын шығарылып отырады.
Оқушылар алғашқы кездегі салғырттықтан, қатыгездіктен, жалқаулықтан арыла бастады. Өз пікірін жалтақтамай айтатын дәрежеге жетті. Қызығушылығы жоғары.
«Ежелгі әдебиет», «Ислам мәдениеті» сабағынан А.Қыраубаеваның өзі ойластырған «Шиыршық» тәсілі қолданады. Ол бір ауқымды мәселеге (тақырыпқа) бірнеше рет қайта оралуға негізделген. Және таяныштар арқылы да айтылған тақырыпты баланың есінде қалдыруға көп мән береді.
Лицей жетекшісі А. Қыраубайқызы Лицейдің 6-7- сыныптарына арналған «Ежелгі әдебиет» атты оқулық жазып бітірген (Кітап кейін басылып шықты. – А.Қ.). Болашақта Лицейге университет профессорларын көбірек тарту жоспарланған.
Бұл мектеп-лицей Жандосов ауылының балалары үшін үлкен жұмыстар істеп жатыр. Тіпті Алматыдан, басқа облыстан келіп оқитындар бар.
Биылғы оқу жылында Білім министрлігі экспериментті мектеп ретінде мемлекеттік бюджетте алу жөнінде шешім шығарған. Бірақ жергілікті бюджетке қаражат жоқтығына байланысты, Қаскелең ауданы ала алмаған. Лицей мемлекеттік мектеп болудан қашпайды. Осы мектепті кеңейтсек деген тілегі бар. Өйткені Алматыдан келіп оқуға тілек білдірушілерді сыйғыза алмай отыр.
Гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейі – ұлттық білім беру реформасына алғаш қадам басқан қазақ мектебі деп шамалауға болады. Оның тәжірибесіне мән берілуін сұрар едік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет