Таланттар



бет76/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   151
Таланттар

МҰҒАЛІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Өз шығармашылығын тоқтатқан мұғалім баладан шығармашылық күте алмаса керек. Өзінің шығармашылық қуаты бар мұғалім баланы қуатттандырады.


Бір күні төте жазуды үйреткенде, әр балаға арабша екі-үш шумақтан өлең ұстаттық:

– Шәмшігүл халқына бір гүл болады,


Ақыл, білік қосылса нұр болады.
Қызыл гүлім, шешіп бер жұмбағымды, –
Парасатты кісілер кім болады?

– Гүлмира, ақылың бар жас баласың,


Кісілікті меңгерсең бас боларсың.
Ер Қабанбай, Бөгенбай кімдер еді, –
Қазақтың қорғап қалған астанасын?

– Серігім, анаңның шын серігі бол,


Жігіттің жасығы емес, берігі бол.
Сұрағыма ізденіп жауап берші,
Абайдың не себептен қайғысы мол?

– Салауат, ер қазақтың ұрпағысың,


Сен-дағы көк жүзіне шырқа құсым.
Хан Абылай кім еді, айтып берші,
Болса егер оқып білген бұл танысың?

– Кәмшаттың мен білетін жаны таза,


Ылайым алыс болсын пәле-жала.
Қырмызым, жұмбағымның шешуін айт,
Заманынан жан бар ма туған оза? –

деген сияқты, ақындық шыбыттан туа қоймаса да, бала жүрегін қозғауға жарады-ау деймін, ұзамай, қайыра өлеңмен жауап ала бастадық.


Сабақтың ережедегідей қатып қалғаннан гөрі, шығармашылыққа итермелейтін түрлерін тапқан мұғалімдердің еңбегі еленетін еді. Айсұлу бике дыбыстарды түсіндірудің жаңа бір әдісін ойлап тапты. Ал бастауыш балаларына: «Дыбыстар» тақырыбын қорытындылаймыз», – демейді, «Дыбыстар әлемі туралы ертегі айтып беремін», – дейді. Содан ертегі басталады:
– Баяғы заманда дыбыстар елінде Қатал атты патша болыпты. Ол өз қарамағына бірнеше дыбысты алып, өзгелеріне әлімжеттік көрсетсе керек. Осы оқиғадан кейін дыбыстар жан-жаққа бөлініп, кетіпті. Еркіндікті ұнататын әнші дыбыстар бір бөлек, таңбалар бір бөлек тарапты. Бір күні оларға Қатал патша ашуланып, қол астындағы дыбыстарды «Тастөбе» зынданына қамап, сиқырлап тастапты деген суық хабар жетті. Ұялшақ бауырлар: «Ұямыз бір бауырымыз еді ғой, қиындықта іздемесек, көмектеспек, ұят қой», – деп, жолға шығыпты. 8 түйені жолға жабдықтап, 8 батыр да шығыпты.
– Ал, балалар, 8 түйеге қандай батыр мінді?
Керуен күн бата жолға шығып, таң ата құр сүлдерлері жүрген, үндемейтін екі батырға жолықты. Олардың тағы үш бауыры бар екен. Сөйлей қалса, қос дыбыс айтады екен.
– Таңбалар: ь, ъ және я, ю, ё.
Керуен екі тәуліктей жол жүріп, бір ауылға келді. Бұл ауылда 12 әнші бар екен. Оның біреуі тілді еркін меңгермеген, шеттен келген әнші екен. Ол кім? Жергілікті 11 әншінің дауыстары әр түрлі естіледі екен. Ішінде өте бір қу дыбыстар бар екен.
– Неге дыбыстар әр түрлі?
– Өйткені жуан, жіңішке сөйлейтіндер бар.
– Қай дыбыс қу?
– У, өзі қу. Жуан да, жіңішке де, дауысты да, дауыссыз да бола алады.
Демін алған керуен дереу жолға шықты. Ұзақ жол бұларды белгісіз өлкедегі ауылға әкеп тіреді. Ондағы елдің үні қызық екен. Біреулері ырылдап, біреулері ыңылдап, біреулері ымдап сөйлеседі екен. Тұрғындарының жалпы саны жетеу екен.
– Бұлар кімдер, қалай аталады?
Оқушылар үнді дыбыстары екенін айтып, атап санап шығады.
Жөн сұрасып, жағдайды айтып, бұлар осы маңда ысылдап, пысылдап, ышқынып, күрсініп жататын 11 тас төбешік барын естіп, бел шешіп, дем алмастан, тас төбелерді бетке ұстай қозғалады. Тас төбелерге келген соң, әркім өз бауырының атын атап, дауыстайды.
– Қай дыбыс қандай дыбыстарды шақырады?
Балалар ұяң дыбыстардың жұптарын атай келіп, одан соң қалған қатаң дыбыстарды анықтайды.
Сөйтсе, сиқырды жеңудің басты шарты Мейірімді келтірмеу керек екен. Бірақ осы оқиғадан кейін мейірім әр дыбыстың жүрегінен орын алып, бауырларды табыстырған екен. Табысқан бауырлар бұдан кейін тату тұрыпты.
Сонымен балалар сурет салады. Динараның суретінде: Бастауыш, Баяндауыш, Толықтауыш, Пысықтауыш, Анықтауыш деген балақайлар әрқайсысы өзінің сипатына сай қимылдауда: Бастауыш машинаның рөлінде отырып жатыр. Баяндауыш артындағыларға жағдайды түсіндіріп, баяндап тұр. Ілесіп Толықтауыш келе жатыр. Пысықтауыш соңындағы Анықтауыш деген бикешке бірдемені пысықтап айтып беруде. Анықтауыш бикештің бастауыштың қасында тұрмағаны болмаса, суреттен-ақ баланың тақырыпты меңгергені көрініп тұрды.
Айсұлу бике осы сабағымен және еркін әрі тартымды сөйлеуімен, әртістік қабілетімен республикалық мұғалімдер байқауында бірінші орын алды. Басқа мұғалімдеріміз Айсұлу бикенің «оқушылары» болып қатысып, рөлге кіріп, ойнап отырды.
Сабақтарды ойын түрінде жүргізуге көп мән берілді. «Ежелгі әдебиет» сабағында тақырыпты өтіп болған соң, сценарий құрастырылып, рөлдер белгіленіп, оны жылдық оқушылары алдында ойнайды. Жақсы шыққандарын бүкіл мектепке көрсетіп отырдық. Бұл тақырыпты есте сақтаудың, бала шығармашылығын дамытудың, бұйығылықтан құтқарудың жолдары еді.
Кей тақырыптарды синхронды оқытуды ойластырдық. Бірнеше мұғалім әрқайсысы өзінше, бірақ бірін-бірі оқи отырып, сабақ жоспарын жасады. Бір ғана «Әл-Фараби» тақырыбын әдебиетші, тарихшы, музыка, сурет пәнінің мұғалімдері бірігіп өткізген күндеріміз болды.
Әдебиеттен сабақты түсіндіріп тұрып, мазмұнына қарай шағын бөліктен соң, айтылған әңгіме бойынша таяныш (тірек белгі) жазуды ұсынамыз. Бұл тәсіл, біріншіден, оқушының сабақты көңіл бөліп тыңдамаса, таяныш жаза алмайтындығын есінде ұстауына, екіншіден, үй тапсырмасына дайындалғанда, жұмысын жеңілдетуге көмектесетін еді. Бұл сабақтан оқулық шығып үлгірмеген кездің өзінде таяныш жазу арқылы өтілген сабақты еске сақтап, талдаудан еш қиналған жоқпыз.
Сабақ барысын ойластырғанда, балаға қайтсем көмек беремін, қалай жұмысын жеңілдете аламын деп ойлану керек. Жол таба алмайтын қиындыққа, тұйыққа тіреп қоюға болмайды. Өйтсе, баланың ықыласы өледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет