Таланттар



бет54/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151
Таланттар

Сабақтың пайдалы жақтары:
...Пікір айтуға біраз төселіп қалдық.
...Кейде дайындала алмасам да, өзіме қажет кішкентай ғана жақсылық алуға келемін.
...Мен өзімді мұғалім ретінде сезіне бастадым. Баланы ақ жүрекпен, ынтамен тыңдау керек екен.
...Мен де мұғалім болған кезде оқушыларымды талдауға түгел қатыстырсам деймін.
Мұғалім үшін шәкірт қойған бағадан артық баға жоқ.. Олардың пікірімен санасу кісіні қамшылап отырады.


АРМАН – САБАҚ

Өзіме ең бір ұнайтыны – лабораториялык сабақ. Шағын ғана белмеде 10-12 студент пен оқытушы отырады. Лупамен қарағандай, бір-бірімізге іріленіп көрінеміз. Дауыс, түр әлпеті өзгеше бір салтанатты жағдайға, адамдық қалыпқа ауысады. Мұнда айқайлаған жалпы сөзден гөрі жүректен шыққан жай дауыс әсерлі. Бір-бірімізді енді аңғарғандай болып, сөйлей отырып, көзімізге үңілеміз. Айналадағы сынық орындық, суық бөлме естен шығып кетеді. Ал, жалпы, Сиявуштың арман қаласы секілді болашақтың арман – сабақтарын аңсаймын. Онда он шақты адамға арналған, әр ұстаздың студентпен бетпе-бет сөйлесетін шағын бөлмесі болмақ. Әдемі дөңгелек стол, жұмсақ орындықтар. Мұғалім мен студент арасында суық арақашықтық жоқ. Ұядай жылылық бар. Балалар кіріп келгенде, олар білмейтін бір қызық кітаптарым жаюлы, тапсырмаларым дайын, өзім бір ертегінің кейіпкеріндей, аса шабытпен күтіп отырсам. Шәкірттерім мені көргенше, мен оларды көргенше асықсақ...


Тезірек болшы, арман – сабақ.


«СТУДЕНТТЕН СӘЛЕМ...»

Оқу жылы аяқталды, көңіл жайланды.


– Осы курсқа келесі жылы келетін жаңа студенттерге не айтар едіңдер? – деймін.
Олар тез-тез болашаққа хатын жаза бастайды. Оны келесі жылғы студенттерге жыл басында оқып беремін. Кейде мұғалімнің көп ақылынан гөрі студенттің – студентке айтқан ақылы өтімді. Ақыл айтудың бұл да бір түрі.
Сонымен, былтырғы студенттің биылғы студентке тілегі:
«85-жылдың күзі ең қызықты, ең бір қуанышты күн болды. Біз Гулнәфис екеуміз 303-аудиторияны әрең іздеп тауып, келіп партаға отырдық. Сабақтың қиыны да, оңайы да бар. Оны әр адам шыдамдылықпен жеңуі керек. Мен үшінші қатардың сол жағынан санағанда екінші орында отырамын. Жалқаулығым бар. Кейінгілерге тілегім: «оқу инемен құдық қазғандай» деген рас, жалқауланбай оқы. Өзім жалқаулығымнан біраз зиян көрдім».
«Менің айтарым – оқуыңыз төмен болып қалса, оқасы жоқ, ең бастысы, адамгершілігіңіз бәрінен жоғары болсын!»
«Мұғалімдермен сәлемдесіп жүруді ұмытпа!».
«Еңбек нәтижесі денеңді, келбет-көркіңді қалай нұрландырса, оқу нәтижесі де ойыңды, дүниеге көзқарасыңды сондай нұрландырады».
«Сабақтан кешікпе, қалма. Деканат жатақхана бөлгенде, осыған қарайды».
«Жексенбі күні кітапханада болғандар жақсы үлгереді».
«Ортаңа қадірлі болуды ойла. «Өнерлі өрге жүзеді» деген қазақ атам. Өнеріңді көрсетуден ұялма».
«Ата-анаң ертелі-кеш алыста жүрген сені ойлап, неғып хабарсыз кетті деп алаңдап отырады. Айына ең болмаса, бір рет өзіңнің амандығыңды білдіріп, хат жазып тұр. Жылы киініп, уақытымен дем алып жүр. Өйткені еңбегіңнің нәтижесі денсаулығыңа байланысты».
«Өзім уақытты дұрыс пайдалана алмағаныма өкінемін. Әсіресе қыздарға айтатыным: Майда-шүйде әңгімемен уақыт өткізіп алмаңдар. Көктемгі кезде сабақтан қалу көп болады. Енді 5 минут ұйықтай тұрайын деп, бүкіл бөлмедегі қыздар сабақтан қалып қойған күніміз болған. Өте бір тығыз шаруаң болмаса, ертерек ұйықтауға тырыс. Меніңше, ең жаман әдет – сабақта қалғып отыру. Ол – лекторды да, өзіңді де сыйламағандық».
«Сабаққа дайындалуды түнге қалдырма».
«Ішімдікке әуес болып, болар-болмас нәрседен ұшып кетпеуіңе тілектеспін!».
«Осы оқуға мен екі жыл еңбек істеп барып түстім. Ата-бабаларымыз айтқан ғой, «Еңбекпен келген нанның дәмі ауыздан кетпес» деп. Жұмыста жүргенде: «Осыдан оқуға түссем, жақсы оқыр едім», – деп ойлайтынмын. Енді, міне, арманыма жеткен сияқтымын. Еңбектенсең, нәтижесіз болмайды».
«Күнделікті сабақты қарамадым дегеннің өзінде бір қарап қою керек. Жазуды ертеңге қалдырмай, сол күні орындап тастасаң, ана сабақтан, мына сабақтан жиналып қалмайды».
«Менің орнымдағы студент соңғы катардың бұрышында отырмын деп мойымаңыз. Оқимын деген ниет болса, орынның бәрі бірдей емес пе? Меніңше, осы орын – ең жақсы орын. Сабаққа кешігу, келмей қалу деген жаман әдет болмасын. Жолдастырыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет