Таланттар



бет74/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151
Таланттар

МҰХИТ – МҰҒАЛІМ

Оқушы мұғалімнің қылығын қайталайды. Мұхит мырзаның сабақты бастасынан-ақ бір сыпайлықты көріп, риза болдық.


– Мырзалар мен бикештер, бүгін сіздердің сабақты жақсы біліп, мені қуантатындарыңызға сенемін, – деді. Дайындалмаған бір балаға:
– Сіздің ісіңіз ренжітіп тұр, – деді. Бір кезде бәрі «Қорқыт ата кітабындағы» «Дерсехан ұлы Бұқаш туралы жырды» ойнауға кірісті.
Марал бикеш:
– «Баяғы заманда Байындыр деген хан болыпты. Ұлан-асыр той жасап, ақ отау, қара отау, қызыл отау тіктіріпті. Ұлы барлар – ақ отауға, қызы барлар – қызыл отауға, не ұлы жоқ, не қызы жоқ қу бастар қара отауға кірсін», – депті. Тойға келген Дерсехан не күй кешті? Ол байғұста не ұл, не қыз жоқ еді. Дерсеханды қара отауға кіргізіп, астына қара киіз төсетіп, алдына қара қойдың басын тартты.
Дерсехан үйіне қара күйедей түтеп келді… Осы кезде Дәнияр мырза қайғылы Дерсеханды көрсету үшін, бір қолымен басын ұстап, екінші қолында кішкене көрпешесі бар, ортаға шықты. Көрпені астына басып отыра қалды да, алдыдағы Дина бикешке:
– Ай, хан қызы, құдай бізге не ұл, не қыз бермеді. Неліктен құдайдың қаһарына ұшырадық! Бұған кінәлі кім? – деді.
– Көтер басыңды, Дерсехан! Қойдан – қошқар, түйеден – үлек, жылқыдан айғыр сойдыр. Ашты тойындыр, кедейді киіндір. Құдайдан бала сұрайық, тілегімізді берер!
Марал бикеш: «Сонымен, тойға жиналған көпшілік аспанға қол жайып, «Дерсеханға бір ұл бере гөр!» – деп тілейді. Көптің тілегі қабыл болып, көп ұзамай, Дерсехан бір ұлды болады. Қабырғаң болса жүрерсің, шеміршек болса нығаяр. Бала өсе береді.
Байындыр ханның бір тажал үлегі мен құрсауланған қызыл көз бұқасы бар еді. Аулада үш баламен топай ойнап жүрген Дерсеханның ұлын сынау үшін, бұқаны босатып жібереді.
Сахнаға екі саусағымен өгіздің мүйізін бейнелей, ақырып Алмас мырза шықты. Дерсеханның ұлын ойнаған Мәди мырза онымен тіресіп тұрып жіберіп қалып еді, Алмас сюжетке сәйкес омақаса құлады. Мәдидің айтуынша, батыр бала былай деп ойлапты: «Үй дуалын баған ұстайды, ол – үйге тірек, бұқаның маңдайына несіне тіреуіш боламын?"
Мәди мырза қылышын суырып алып, бұқаның басын кескен белгісін жасады. Содан Қорқыт ата балаға Бұқаш деп ат қойыпты».
Сабақтың қызығы алда болды. Бұқаштың рөлін ойнаған Мәди мырза қырық қарақшынының айдап салуымен әкесінің атқан оғынан жараланып жатпай ма? Анасы боп Дина бикеш келіп, жасын төгіп жылайды.

Қасы-көзің қиылып,


Жатырмысың, құлыным!
Аш көзіңді бір мезгіл,
Кеудеңде болса шыбының!
Он екі мүшең мұз болып,
Тынды ма аққан бұлағың!
Тәтті өмірің үзіліп,
Сөнді мен жанған шырағың! Шырағым…

Бәріміздің сай-сүйегіміз сырқырап, көзге жас келіп қалды. Биыл біраз қиындықты бастан өткізген Кәмила бике білдірмей бетін басып, көзін сүртіп жатыр. Шығарманы оқудан былай, ойнап көрудің баланың бұғып жатқан көп сезімдерін іске қосатынын байқауға болады. Тіл де жаттығады.


Ендігі кезекте Мәди: «О, кейуана, ханым анам!» – деп сөзін бастау керек еді. Жараланып жатқан жерінен басын көтерді де, көзі бақырайып, жалынышты дауыспен: «Сөзімді жаттаған жоқпын», – демесі бар ма?
Мұнда күлмегенде, қайда күлесің? Желке жақтан математик Дәулетбек мырза қарқылдайды, Мұхит мырза сахнадан шіңк-шіңк. Көрермендер ішін басып, қарқ-қарқ, шиқ-шиқ етіп, қойылымды көпке дейін жалғастыра алмады.
Бір кезде есін жиған Мұхит мырзаның: «Қойыңыздар енді...» – деген дауысын естідік.
Мұхит мырза балаларға бағасын қойып бола бергенде, фойеден Нұрлан Өнербаевтың әні естілді. Қоңыраудың болғаны белгілі болды.
Мұхит мырза Мәдиге қарап: «Сіз мені ренжіттіңіз», – деді. Бірақ шындап ренжіген жоқ қой деймін, артынан Мәдидің арқасынан қағып, әңгімелесіп шығып бара жатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет