ЕР
1-4бет 16
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
– сенім білдірілген операциялар жүргізу (ақшаларды басқару, ипотекалық қарыздар және
тазартылған құнды металдармен және сенім білдірілген тапсырмалар бойынша талап ету құқықтары);
– сейфтік операциялар жүргізу (сейфтік (ұяшық) жәшіктерді, шкафтар мен үй-жайларды жалға
беруді қосқанда, құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен
құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер);
15
. Банктер туралы Заңға сәйкес Ереженің 14-тармағында бекітілген операциялардан басқа,
Банк қызметтердің келесі түрлерімен айналысуға құқылы:
– Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес банктік операциялардың жекеленген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен банктердің қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын
мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- ақпаратты тасымалдаушылардың кез келген түрінде банктік қызмет мәселесі бойынша арнайы
әдебиеттерді жүзеге асыру;
- меншік мүлікті өткізу;
– төлем карточкаларын шығару, өткізу, тарату және қызмет көрсету, саудалық-қызмет көрсету
кәсіпорындарында төлем құралы ретінде карточкаларды қабылдау, банкоматтар мен POS-терминалдар
арқылы қолма-қол ақша беру;
- чектік кітапшаларды шығару, өткізу және тарату;
– электрондық қызмет көрсету арналары арқылы банктік қызметтер көрсету (Интернет-
банкинг, ұялы байланыс банкингі);
– электрондық ақшаларды шығару, өткізу, сатып алу және өтеу, сондай-ақ электрондық
ақшалармен операциялар жөніндегі ақпараттарды өңдеу және жинау бойынша қызметтерді ұсыну;
- кепіл мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асыру;
– қаржылық қызметпен байланысты мәселелер жөніндегі кеңес беру қызметтерін ұсыну;
– банктік қызметпен байланысты, не облигация иелерінің өкілдері ретінде мәселелер жөніндегі
басқа тұлғалардың мүдделерін көрсетумен;
– жабық электрондық сандық қол қою кілтіне қол қойылған ашық электрондық сандық қол қою
кілтінің сәйкестігін куәландыру, сондай-ақ ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын
уәкілетті мемлекеттік органның болуы кезінде, банктік қызметті пайдаланатын Банктің клиенттеріне
қатысты тіркеу куәлігінің шынайылығын растау;
– Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары-резиденттерінің атынан сақтандыру
шарттарын жасау, банк пен осындай сақтандыру ұйымдарының арасында тиісті шарт болған кезде.
– банкаралық клиринг (төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау,
сонымен бірге қолардың өзара есебін жүргізу және клирингке қатысушылардың таза жайғасымын
анықтау).
16. Банк брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметті Қазақстан Республикасының
заңнамаларына және Банктің ІНҚ-ға сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген
лицензияның негізінде жүргізеді.
17. Банк Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларда және
тәртіпте банктік қызметтерді ұсыну үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті органының келісімін
алдын ала алуға міндетті.
18. Банктер туралы заңда қарастырылған операцияларды жүргізгені/қызметтерді көрсеткені
үшін Банк тарифтер мен комиссияларды бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |