ХХ ғасыр әдебиеті - «Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте.
- Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді,
- биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп,
- бала-бозбаланың қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде,
- үлкендік жоқ...»
- Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті?
- М. Әуезов «Ақын қонақтар» Абайдың портреті
- 2. “- Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген
- екі атауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы
- тауларды көшіп-қонып жүрген.»
- Жамбыл тауының етегінде, қақаған қыстың боранды күнінде
- туыппын...”
- Қай ақынның сөзі?
- Ж.Жабаев «Менің өмірім»
- 3. «Алдымда неше қатар тұрса да оқ,
- Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.
- Сұлуын дүниенің жисаң-дағы,
- Бір жарымдай болмайды көңілім тоқ...»
- Үзінді қай жырдан, кімнің сөзі?
- Қозы Көрпеш – Баян сұлу. Айбас сері
- 4.«- Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды.
- Айтуға бір оңайы болса игі, бірінен-бірі өткен қиын.
- Бұл кітап – Абай өлеңдерінің жинағы. Абаймен дос болған
- әрі ақын талантына таңырқап ден қоюмен өткен Әуез оның
- өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы
- қара танытпақ болады...»
- Кімнің сөзі?
- Мұхтар Әуезов «Менің өмірбаяным»
|