«Мотивация»
Қатысушылар 2 шеңберге бөлінеді. Ішкі шеңбердегілер қарсы
тұрғандарға жеке қасиеттері, дағды, тұлғалары, мінез-құлқы, өздерін
ұстауы т.с.с. комплимент айтады. Тыңдаған қатысушы: «Рақмет, мен
де солай ойлаймын. Сонымен қоса мен кестені жақсы тіге аламын»
деген секілді өз бейімділігі мен ерекшелігін қосып отыру керек. Бұл
оқушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, жаңа жұмысты
құлшына атқаруға кірісуге мотивация болады.
«Мүмкін»
Сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды
ойлануға және зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында «мүмкін»
деген сөз орамын қолданыңыз. Мысалы, Демократияның маңызы
қандай? Демократияның мәні қандай болуы мүмкін?
Бірінші сұрақ мұғалімге таныс, жалғыз ғана жауапты
көздейді. Ал екінші сұрақ анағұрлым ашық болып көрінеді.
«Мынандай адамды табыңыз...»
Оқушылар топ ішін аралап, төмендегі кестеде көрсетілген
ерекшеліктер барларын жазып, 4-6 адамнан тұратын шағын топ
құрайды, бір-бірімен жақынырақ танысады.
Кіта
п оқуды
ұнататын
2-ден
көп бауырлары
бар
Үш
тілде сөйлейтін
Ақ
түсті киім
киюді ұнататын
Киім
інде жасыл
түс бар
Музык
алық аспапта
ойнайтын
Шетел
де болған
Бейтан
ыс адамдармен
тез тіл таба
білетін
Барл
ық нәрсені
қағазға
жазбай, есінде
сақтай алатын
Астана
ға дейінгі пойыз
билетінің
бағасын білетін
Ән
салуды
ұнататын
Алма
жеуді ұнататын
Биле
уді ұнататын
Жұмы
с жасағанда
Лекци
яның алғашқы
Шаңғы
тебуді ұнататын
музыканы
қоюды
ұнататын
15 минутына
ғана шыдай
алатын
Достарыңызбен бөлісу: |