Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі


«Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынадай ережелерді ұстану



Pdf көрінісі
бет50/77
Дата30.01.2023
өлшемі1.69 Mb.
#468919
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
249 әдіс тәсіл pdf

«Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынадай ережелерді ұстану 
қажет: 
1. 
Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана 
ең басты мәселені айқындау. 
2. 
Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді 
тоқтатпау. 
3. 
Кез келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді 
көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу.
4. 
Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, «ашылуы» үшін оларды 
қолпаштап, ынталандырып отыру. 
5. 
Идеяларды бағалау мен іріктеуді тек шығармашылық идеялар 
келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана бастау. Мұндай жұмысты 
алғашқы әрекетке (идея келтіруге) қатынаспаған сарапшыларды 
жұмылдыру. Сарапшылар ой қозғауда келтірілген барлық ұсыныстар 
мен идеяларды мұқият зерттеп, оларды жүзеге асыру мәселесіне баса 
назар аударады. Сарапшылар ұсынылған идеялардың ішінен нақты 
жағдайларда қолдануға тұрарлықтарын таңдап алады.
«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады: 
 

Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, 
сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша 
келтіреді.

Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін 
жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш 
күмәнданбай (мәселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне 
қарамай) келтіре беруі керек; 

Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, өйтпеген 
жағдайда оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы 
мүмкін; 

Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле 
беріледі; 

Идеяларды келтіру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана 
оларды талқылау жұмысы басталады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-6 минут) 
аяқталған соң, оқушылар бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл 
сынып болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, 
тізімдерін толықтырады (4-20 минут) 
«Ой қозғауда» балама келтіру (аналогия), қиял-фантазия, инверсия
эмпатия тәсілдері кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет