Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялық (немесе клеткаішілік). Тіршілік циклі қожайын алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалық формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғиошақтық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады. Тіршілік циклі қожайын алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалық формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғиошақтық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады. Лейшманиялар дерматотропты (теріні зақымдайды) және висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды) түрлер деп бөлінеді. Лейшманиялар дерматотропты (теріні зақымдайды) және висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды) түрлер деп бөлінеді. Висцералді лейшманиозды қоздырушы — Leishmania donovani. Ол бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі жасушаларында, лимфа түишшде, тері астындағы ретикулоэндотелиалды жасушаларда кездеседі. Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалық Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған. Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер, шиеборілер) саналынады. Таратушылары болып үсақ қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа арқылы таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялық формаға айналады да кобейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100—200-ге дейін жетуі мүмкін. Олар жасушаны бүзып жаңа жасушаларға отіп отырады. Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер, шиеборілер) саналынады. Таратушылары болып үсақ қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа арқылы таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялық формаға айналады да кобейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100—200-ге дейін жетуі мүмкін. Олар жасушаны бүзып жаңа жасушаларға отіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |