2.3 Хроматография
Хроматографиялық әдіс тамақ өнімдернің құрамын және қасиеттерін зерттеу үшін қолданады. Олар басқа инструменталды әдістермен орындалмайтын зерттеулер жасауға көмектеседі.
Хроматографиялық әдістің негізінде физика-химиялық үрдістердің кең шеңбері жатыр: тарату, адсорбция, ионды алмасу, диффузия, кешен түзу және т.б.
Тарату механизмін негіздейтін үрдіс табиғаты байланысты, басқаша айтқанда қозғалатын және қозғалмайтын фазалар бөлінетін қоспалар арасындағы қарым-қатынас түріне байланысты келесі хроматографияның негізгі нұсқалары болады: тарататын, адсорбциялық, ион алмастыру және гель-фильтрлеу.
Хроматографиялық әдіс таңдалған қозғалатын және қозғалмайтын фазаға сәйкес топтауға болады. Газдық хроматография (ГХ) қазғалатын фазасы газ болатын әдістерді біріктіреді, ал сұйықтық (СХ) – методы, қозғалатын фазасы сұйықтық болатын әдістерді біріктіреді.
Екі фазаның агрегаттық күйіне байланысты хроматографияның келесі түрлері бар: қатты-сұйықтық хроматография (ҚСХ), сұйықтық-сұйықтық (ССХ), газдық-адсорбциялық (ГАХ), газдық-сұйықтық (ГЖХ).
Қазіргі уақытта газдық хроматография (ГХ) дамып келе жатыр, осы жағдай автоматтық детектирлейтін сезімтал және әмбебап хроматографтар құруды қоздырды. Осы әдіс ұшқыш (сонымен қатар жоғары температурада ұшқыш) қосылыстарды бөлу және талдауға арналған. Қазіргі уақытта органикалық компоненттерді талдаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Сапаны бақылау, өнімді сертификаттау, технологиялық бақылау және экологиялық қауіпсіздік кезінде қолданады.
ГХ әдісі автоматтандыруға оңай беріледі, сондықтан басқа заманауи физико-химиялық зерттеулерден артықшылығы орасан. Әртүрлі органикалық және бейорганикалық қосылыстардың күрделі қоспаларын талдаудың сапалық және сандық әдісі бола отырып, ГХ тамақ өнімдерін кешенді зерттеуде қолданады.
Газдық хроматография басқа хроматографиялық әдістерден ерекшелігі газ қозғалатын фаза ретінде қолданады, ерітілген зат қозғалмайтын фазада біраз ерітілген немесе абсорбцияланған газ немесе бу ретінде колонкадан қозғалады.
Қоспаның компоненттерін бөлу колонкада қатты дене немесе қозғалмайтын сұйықтық бетінің бойымен газ тәрізді қоспаның қозғалуы кезінде әртүрлі талданатын компоненттер адсорбциялығы немесе ерітілуіне негізделген.
Колонкадан өткенде кейбір компоненттер белсенді адсорбенттермен ұсталады (абсорбцияланады) немесе инертті тасымалдағыш бетіне енгізілген қозғалмайтын сұйық фаза пленкасында ерітіледі. Әртекті адсорбциялану немесе сұйық фазамен әртүрлі әрекеттесу нәтижесінде қоспа компоненттері колонканың бойымен әртүрлі жылдамдықпен қозғалады. Сұйық фазада едәуір сорбциялығы бар заттар молекуласының қозғалысы азаяды, адсорбцияланбайтын немесе еретілмейтін компоненттер колонкадан бірінші шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |