Пульсациялық тәсілдер аз шығынмен араластыру, гомогендеу, еріту, тұздау т.б. процестерді жылдамдатуға мүмкіндік береді. Бұл кезде ортаның ары-бері қозғалысы минутына 200-300 тербеліске жетеді.
Пульсациялық әдістер пульсаторлар арқылы жүзеге асырылады.
Пульсаторлар әртүрлі типті болады. Ең көп тараған түрлері – поршенді, мембранды, сильфонды, олар колонналарда т.б. экстракторларда жұмысшы сұйыққа тікелей әсер ету арқылы тербеліс қозғалысын туғызады немесе пульсаторлардың бөлшектерімен жұмыскер сұйықтарды түйістіру, болмаса ауа немесе газ буфері арқылы тербеліс туғызады.
П невматикалық пульсаторлар.
12 – сурет
1-ресивер; 2- электр қозғалтқышы; 3- пульсатор; 4- құбыр; 5- аппарат; 6- пульсациялық тетік; 7- пульсация камерасы.
Системадағы сұйықтың тік тербелістері екі түрлі себептерден болады. Пульсация камерасында (7) сұйық ауа қысымының әсерімен төмен түседі, ал оның жоғары көтерілуі – аппарат пен пульсациялық камерадағы деңгейдің әртүрлі болуына байланысты. Пульсатор кезек-кезек қысым мен шығаруды қосып отырады. Реттегіш механизм белгілі бір формадағы және ұзақтығы белгілі қысым импульстарын алуға мүмкіндік береді. Бұл технологиялық маңызы бар мәселе.
Пульсаторлардың жұмысы қарапайым және шығын аз кетеді. Энергия тұтыну аз мөлшерде. Жұмыс көлемінде айналмалы бөлшектердің болмауы көптеген орталарды жылдам араластыруға мүмкіншілік береді.
Пульсациялық араластыру қондырғылары:көлденең пульсаторлар: 1- реактор; 2-люк; 3-араластырғыш тетік,4- құю шығару түтікшесі
Тік пульсаторлар: 1-реактор; 2- араластырғыш тетік
13 - сурет
Пульсациялық араластырғыштар қарапайым, араластыру сапасы өте жоғары. Көптеген аппараттарды пульсациялық системаларға жеңіл айналдыруға болады. Пульсациялық араластырғыштарда араластырумен қатар, өнімдерді газбен не ауамен аэрациялауға (толтыруға) болады. Бұл үшін камерада газды сұйықта ерітетін тетік қойылады.
Пульсациялық тәсілді сүзу (фильтрация) үшін қолдануға да болады.
Фильтр – реактордың сызбасы.
14 - сурет
Фильтр үздіксіз режимде жұмыс істейді. Сүзуге қарсыласу шамасы әр кезде тұрақты, өйткені кері циклде фильтрат қайтып келіп, сүзгішті тазалап отырады. Сондықтан фильтрдің өнімділігі тұрақты және жай фильтрлерден 3-5 есе көп. Фильтр – реакторларды бір қатарға жинауға болады, әр фильтр сұйықтың тура ағынды сатысы болып табылады.
Экстракция (еріту) процесін жылдамдату үшін колонна типтес пульсация аппараттары қолданылады. Колонналарда пакетті қондырғылар бар, олар шеттері қайырылған тік бұрышты тесіктері бар, тәрелкелер түрінде жасалған ( 15 – сурет). Бұдан, сұйық ағыны белгілі бір бұрышпен қозғалады және әрбір келесі тәрелкеде жиілікке байланысты ол өзінің бағытын өзгертіп отырады. Сондықтан бүкіл колоннада қозғалыс бұралаңдаған қисық түрлі боп келеді.
Колонналардың өнімділігі жай аппараттардан 2-2,5 есе көп. Мысалы, пульсация мақта ұлпасынан (жмых) өсімдік майын алу үшін қолданылған. Мақта ұлпасының ылғалдылығы - 3,6%, түйіршіктерінің орташа Д = 6мм. Бөлшектердің орташа диаметрі өте маңызды көрсеткіш, өйткені ол май өтетін беттің мөлшерін көрсетеді. Өнімді 40 мин өңдейді, жиілік минутына 40 пульс. Пульсация қолданғанда май шығымы 6-8%-ке өсіп, қалдықта қалатын май 0,2-0,3%-ке азайып, еріткіштің шығыны азаяды.
Сонымен қатар пульсация тері тұздауды жылдамдату үшін қолданылады.
Технологиялық ереже бойынша, тұзды сумен тұздаған кезде терінің сапасы өте жақсы болады. Теріні тұздауды (тузлукование) жылдамдату үшін төртбұрышты бетон астауларда (чан) пульсациялық араластыру тетігі қолданылады. Ол төртбұрышты аппараттан, төрт гидравликалық сауыттан – пульсокамерадан, тартқыш құбырлардан, гидравликалық түтіктерден (сопло), золотникті таратқыш механизмнен тұрады.
Қондырғыда 8 түтікті (сопло) аппарат бар, олар суға батырылған 33 мм-лік 32 түтікшеден және 25 мм, бетті суғарып тұрған 16 түтікшеден тұрады. Бір пульсацияның толық берілгендігі көлемі 350 л-ге тең. Бір пульсацияның ұзақтығы - 1,5 сек. Пульсациялар қысылған ауаның (1,5 4) 105Па көмегімен пайда болады. Пульсацияның жиілігі тиеу кезінде – 8/мин, тұздау кезінде – 2/мин.
Тұздықтау кезінде астауға тұз салады, су құяды, араластырғаннан соң терілерді салады. Терілерді алып, салу үшін тор - кәрзеңке пайдаланылады.
Золотник пульсокамералардағы ауа беру жағдайында тұрғанда олардан тарату құбырлары мен түтікшелер арқылы тұздықтың күшін үнемі толықтырып отырады. Осы мақсатпен астаудың ортасына арнаулы тұз еріткіш те орнатылған.
Астаудың әртүрлі деңгейінде орнатылған түтікшелерден шыққан ағын терілердің арасын ашып, тұздықтың олардың арасына кіруіне жағдай жасайды.
Судың деңгейінен жоғары орналасқан түтікшелер судың бетіндегі терілерге тұздық құйып, оларды тұздауға мүмкіндік береді.Золотник айналып тұрған кезде бүкіл процесс көп рет қайталанады.
Сонымен, пульсациялық қондырғы арқылы процесті жылдамдату тұздықты үздіксіз күшейту, тері мен тұздықтың өзара қозғалысы арқылы іске асады, бұл шекара қабатын азайтып, терінің үстіңгі қабатының жылдам тұздалуын қамтамасыз етеді.
Төменгі жиіліктегі пульсацияны қолдану қосылған ауаның шығынын азайтып, пульсокамералардың көлемін толық пайдалануға мүмкіншілік береді.
Жоғары жиіліктегі пульсациялық қондырғының жұмысы теріні тиеу кезінде оларды батыруға жұмсалатын қол күшін керек етпейді, өйткені бұл кезде терілердің үстінен тұздық құйылып, олар қозғалыста болады. Салыстырмалы зерттеулер көрсеткендей, тұздың жинақталуы жылдам жүреді, сақтау кезінде олардың бұзылуы байқалмайды. Ал терілерді жай тұздағанда, сақтау кезінде олардың кейбір жерлері бұзылуы мүмкін.
Пульсация арқылы тұздау кезінде тұздықты астауда күшейту өте жылдам, мысалы, тұздықтың көлемі 8 м3 болғанда, концентрацияның 1,7- нен 1,95 %- ке дейін өсуі 20 мин, ал жай астауда тұздықты күшейту үшін басқа ыдысқа ауыстырып, сонда күшейту керек.
Пульсация кезінде тұздықтау жылдам жүреді, оны терідегі тұздың мөлшерінің көбеюінен және су мөлшерінің азаюынан байқауға болады.
, тұздықтар,(сағ.)
|
Тұз мөлшері %
| Су мөлшері % |
Пульсатор-
мен
|
Пульсатор
-сыз
|
Пульсатор-
мен
|
Пульсатор-
Сыз
|
0
|
0
|
0
|
65
|
65
|
1
|
4,8
|
4,1
|
59,0
|
59,8
|
2
|
6,2
|
5,6
|
57,3
|
58,2
|
4
|
8,6
|
7,3
|
55,1
|
56,1
|
6
|
10,0
|
8,7
|
52,5
|
54,8
|
7-лекция
Достарыңызбен бөлісу: |