Тамақтану объектілерін өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу


Өрт сөндіру кезінде еңбекті қорғау және еңбек кауіпсіздігі



бет9/10
Дата20.05.2022
өлшемі5.42 Mb.
#458158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
практика

Өрт сөндіру кезінде еңбекті қорғау және еңбек кауіпсіздігі
Төтенше жағдайларды жойған кезде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Еңбек кауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі нұсқаулығының, басқа да еңбек қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің және осы ұсыныстардың талаптарын сақтау қажет. ӨСЖ кауіпсіздік шараларының сақталуына жауапты тұлға арқылы жылу сәулеленуі жоғары, құрылыстардың бұзылуы мүмкін газдалған зоналар мен жерлерде жұмыс істейтін адамдардың қорғауын қамтамасыз етуі тиіс. Аппараттардың жарылу, мұнай өнімдерінің кенет төгілу және шығу қауіпін анықтап барлық жеке құрамға жеткізу, дабыл түскеннен кейін өртте жұмыс істеп жатқандардың әрекеттерін белгілеу.Еңбек кауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі іс-шаралар объектінің мамандарымен бірлесе әзірленеді және авариялық жағдайларды жою жоспары мен өртті сөндіру жоспарында көрсетіледі. Жеке құрамға арнайы жылылықты қорғау қару-жарақсыз ұзақ уақыт жұмыс істеуге жылу ағысының тығыздылығы 4,2 кВт/м2 жоғары емес болғанда жол беріледі.


ҚОРЫТЫНДЫ

Диплом алды іс-тәжірибе 31 қаңтардан 15 сәуір аралығында Өрт және өндірістік қауіпсіздік орталығында өттім.


Диплом алды іс-тәжірибе барысында мен салалардың кешенді технологиялық объектілеріне өз бетінше енуге және өндірістік жағдайларда алған білімін білікті пайдалануға; алынған нәтижелердің дұрыстығына баға беруге және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың ұқсас нәтижесімен сыни салыстыруды меңгердім.
Қорытындылай келе тамақтандыру объектісінің жобалық құжаттамасы құрамында оны пайдалану кезіндегі өртке қарсы талаптардың орындалуын айқындайтын тарау (немесе объектінің, оның ғимараты мен имаратының паспорты) қарастырылуға тиіс.
Қолданыстағы ғимараттардың немесе ондағы жекелеген бөлмелердің функционалдық мақсаты тамақтандыру объектісі етіп өзгертілген жағдайда, сондай-ақ көлемдік-жайғастыру және конструкциялық шешімдер өзгертілген жағдайда осы ғимараттардың немесе бөлмелердің жаңа мақсатта пайдаланылуына сәйкес нормативтік құжаттаманы басшылыққа алу қажет.
Тамақтандыру объектілерінің жобаларында жылыту, желдету және ауа алмастыру жүйелерінің жөндеуге жарамдылығы және жарылу-өрт кауіпсіздігі қамтамасыз етілуі қажет. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарының эргономикалық талаптарына сәйкес орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет