Тамақтану объектілерін өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу


ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІ



бет2/10
Дата20.05.2022
өлшемі5.42 Mb.
#458158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
практика

1 ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІ
Қоғамдық тамақтандыру объектісін жобалау және салу кезінде осы нормалардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мынадай нормативтік құқықтық актілерді:
- «Өрт кауіпсіздігі туралы» Заң;
- 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ Ғимараттар мен имараттардың өрт кауіпсіздігі;
- 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ Өртке қарсы талаптарды қамтитын қоғамдық ғимараттар мен имараттар [7,8,9,10,11,12];
- 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.
- 446-77 ЭӨК СТ Құрылысты жобалаудың өртке қарсы нормалары. Есептік өрт жүктемесін анықтау әдістемесі.
- ҚӨҚЕ-01 «Құрылыс-монтаждау және оттық жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт кауіпсіздігі ережелері;
- ҚР ӨҚЕ 08 «Қазақстан Республикасындағы өрт кауіпсіздігі ережелері, Негізгі талаптар;
- салалық және арнайы өрт кауіпсіздігі ережелері ЭОЕ, МемСТ және өрт кауіпсіздігін реттейтін басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алу қажет.
Биіктігі 10 м асатын тамақтандыру объектілерінің ғимараттары және бір қабаттан көп жерасты қабаттары болатын ғимараттар үшін, сондай-ақ аса күрделі және бірегей ғимараттар үшін қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің өртке қарсы талаптарын сақтаумен қатар, қосымша инженерлік-техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары кешенін қамтитын, оларды өрттен қорғау ерекшеліктерін көрсететін арнайы техникалық шарттарды әзірлеу қажет.
Тапсырыс беруші объектіні ғимараттың жоғарғы қабаттарынан адамдарды тасымалдау, оған судың есептік шығынын беру мүмкіндігі есептелген механикалық сатымен немесе буынды көтергіштермен қамтамасыз еткен жағдайда 9 қабаттан асатын тамақтандыру объектілерінің ғимараттарын жобалауға және салуға болады. Қосымша өрт техникасының түрлері мен саны мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісілуге тиіс. Тамақтандыру объектісінің ғимаратына, оны салу кезінде пайдаланылатын құрылыс конструкцияларына, заттары мен материалдарына арналған нормативтік және техникалық құжаттамада қолданыстағы нормативтерде регламенттелген өрт-техникалық сипаттамалар болуға тиіс. Мемлекеттік өртке қарсы қызметпен және тізімін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган белгілейтін басқа мүдделі органдармен келісілген осындай бас тартудың орнын толтыратын іс-шаралар қарастырылған жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган нақты объектілер бойынша өртке қарсы талаптардан негізделген ішінара бас тартуға рұқсат береді [2,3,4,5].
Тамақтандыру объектісінің жобалық құжаттамасы құрамында оны пайдалану кезіндегі өртке қарсы талаптардың орындалуын айқындайтын тарау (немесе объектінің, оның ғимараты мен имаратының паспөрты) қарастырылуға тиіс.
Қолданыстағы ғимараттардың немесе ондағы жекелеген бөлмелердің функционалдық мақсаты тамақтандыру объектісі етіп өзгертілген жағдайда, сондай-ақ көлемдік-жайғастыру және конструкциялық шешімдер өзгертілген жағдайда осы ғимараттардың немесе бөлмелердің жаңа мақсатта пайдаланылуына сәйкес нормативтік құжаттаманы басшылыққа алу қажет. Тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында конструкциялық, көлемдік-жайғастыру және инженерлік-техникалық шешімдер және өрт болған жағдайда:
- өрттің қауіпті факторларының әсері салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде дейін, олардың жасына және дене жағдайына қарамастан, сыртқа ғимарат жанындағы аумаққа тасымалдау мүмкіндігін;
- адамдарды құтқару мүмкіндігін;
- өрт құралымдарының жеке құрамының жақын келу және өрт ошағына өрт сөндіру құралдарын жеткізу, сондай-ақ адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқару шараларын өткізу мүмкіндігін;
- өрттің қатар орналасқан ғимараттарға таралмауын;
- залалдың және өртке қарсы шараларға кеткен шығындардың экономикалық тұрғыдан негізделген арақатынасы кезінде ғимараттың ішіндегі мүлікті және ғимараттың өзін қоса алғандағы тікелей және жанама материалдық залалды шектеуді қамтамасыз ететін шаралар көзделуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет