Тамақтану объектілерін өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу


ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕГІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВТОМАТТЫ ӨРТ ДАБЫЛЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ



бет5/10
Дата20.05.2022
өлшемі5.42 Mb.
#458158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
практика

2 ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕГІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВТОМАТТЫ ӨРТ ДАБЫЛЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
Ғимараттар өрт туралы дабыл беру жүйелерімен жабдықталуға тиіс. Дабыл беру тәсілі (техникалық құралдар немесе ұйымдастыру шаралары) 2.02-11-2002* ҚР ҚН, 2.02-15-2003 ҚР ҚНжЕ, 9-қосымшадағы 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес тамақтандыру объектісі ғимаратының көлемдік-жайғастыру шешіміне байланысты анықталады. 2.02-11-2002* ҚР ҚН сәйкес автоматты өрт сөндіру және өрт сигнализациясы көзделуі керек [7,8,9,10,11,12];

Сурет 6 - Автоматты өрт сөндіру және өрт сигнализациясы


Автоматты өрт сөндіру құралдарын таңдау жобада өрттен қорғалатын бөлмелердің және техника-экономикалық негіздеменің технологиялық және конструкциялық ерекшеліктерін ескере отырып көрсетілуі керек (6-сурет).


Тамақтандыру объектілерінің ғимараттары бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.
Жылулық автоматты өрт сигнализациясы түскі ас залында, құрғақ өнімдер сақталатын бөлмеде, тиеу, ыдыстар, ас үй жанындағы киім-кешек бөлмесінде, ас үй жанындағы шаруашылық қоймасында көзделуі керек.
Шикізатты және дайын өнімді сақтауға арналған қоймаларды түтінге сезімтал автоматты өрт сигнализациясы құралдарымен жабдықтау қажет. Осындай сигнализацияның іске қосылғаны туралы сигнал кезекші қызметкер тәулік бойы болатын бөлмеге немесе жақын арадағы өрт бөліміне жеткізілуі керек.
8.22 3.02-02-2001 ҚР ҚНжЕ сәйкес 10 қабаттан төмен ғимараттарда 50 және одан көп адамды тасымалдауға арналған табиғи жарық берілмейтін дәліздерде түтін шығаратын құрылғылар болуы керек [2,3,4,5].
Табиғи жарық түспейтін үйасты қабатында жобалауға рұқсат етілетін тамақтандыру объектілерінің бөлмелері түтін шығарылатын құрылғымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Ауданы 200м2 және одан үлкен киім ілетін бөлмелерде түтін шығару жүйесі жабдықталуға тиіс. Түтін шығаратын желдеткіштер түтінге сезімтал өрт хабарлағыштарынан дистанциялы іске қосылуы керек. Өрт кезінде үрлеу-сору желдеткіші жүйесінің тиісінше іске қосылуы қарастырылуы керек.
Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары жүйелері мен қондырғыларына ұсынылатын кауіпсіздікке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әзірленеді және нақты типті және модификацияның өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.
Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары электр жабдықтау сенімділігі бойынша ӨАЖҚ бойынша 1-санатты ток қабылдағыштармен қамтамасыз етіледі.
Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының электр жабдықталуы мен құбыр жолдары жерге қосылады (нөлденеді). Жерге қосу белгісі мен орнын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес белгілейді. Сорғы станциялары немесе өрт орындары үй-жайларында орнатылған басқару
түйіндері мен қолмен іске қосу крандарын қоспағанда, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын басқару түйіндері мен қолмен іске қосу крандары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршайды және пломба салады. Қорғалатын үй-жайларда орналасқан автоматты өрт сөндіру қондырғыларын басқару түйіндері осы үй-жайлардан 0,72 сағ. өртке төзімділік шегімен өртке қарсы қоршаулармен және ара жабындармен, қорғалатын үй-жайлардан тыс - шынылайды немесе тор ара жабындармен бөлектейді. Ілгекті құрылғылар (ысырмалар, шұралар, крандар) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттарының эргономикалық талаптарына сәйкес келуге және сұйықтық ағынының бағытының көрсеткіштерімен (меңзерлермен) және «АШЫҚ» және «ЖАБЫҚ» деген жазулармен жабдықталуы тиіс және автоматты өрт сөндіру қондырғыларын абайсызда немесе өз еркімен қосылу немесе ажыратылу мүмкіндігін болдырмайды. Автоматты өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен жұмыс істеуге тек кауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша арнайы нұсқаулық пен оқудан, кауіпсіздік ережелері мен орындалатын жұмысына қатысты лауазымына сәйкес нұсқаулықты білуін тексеруден өткен тұлғалар жіберіледі. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын пайдаланған кезде:
1) автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарын қандай да бір жабдықты ілу немесе бекіту үшін пайдалануға;
2) автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарына өндірістік жабдықтар мен санитарлық аспаптарды қосуға;
3) автоматты өрт сөндірудің спринклерлік қондырғыларының құбыр жолдарында орнатылған ішкі өрт крандарын өртті сөндіруден басқа мақсаттар үшін пайдалануға тыйым салынады.
Өрт сөндіру мен басқару түйіндерінің сорғы станцияларының үй-жайларында сорғы қондырғысының негізді сұлбасына сәйкес сорғылар, басқару түйіндері, ысырмалар мен басқа жабдықтар нөмірленген сұлба іледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет