Тамақтану объектілерін өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу


ЖЕКЕ ТАПСЫРМА: М. ӘУЭЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ АСХАНАСЫНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ



бет8/10
Дата20.05.2022
өлшемі5.42 Mb.
#458158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
практика

3 ЖЕКЕ ТАПСЫРМА: М. ӘУЭЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ АСХАНАСЫНЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ


3.1 Тамақтану орындарындағы өрт жағдайын оқшаулау


Өртке төзімділік шегін ұлғайту немесе конструкциялардың өрт қауіптілігі сыныбын төмендету мақсатында оларды мерзімдік ауыстыру немесе қалпына келтіруге мүмкіндік бермейтін арнайы оттан қорғау жабындылары мен сіңдірмелерін пайдалануға жол берілмейді.
Өрт кауіпсіздігі бойынша аспалы төбелер олардың өртке шыдамдылығын арттыру үшін аспалы төбелер қолданылатын аражабындар мен жабындыларға қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.
Аспалы төбелерден кейінгі кеңістікте тұтанғыш газдарды, шаңсорғыш қоспаларды, сұйықтар мен материалдарды тасымалдау үшін қолданылатын каналдар мен құбыр өткізгіштерді орналастыруға жол берілмейді.
А және Б санаттарындағы үй-жайларда аспалы төбелер көздеуге жол берілмейді.
Тамақтандыру объектілері ғимараттарындағы өртке қарсы тосқауылдар мен қоршау конструкциялары қосылатын жерлерде (оның ішінде ғимарат конфигурациясы өзгеретін жерлерде) осы тосқауылдардан өтіп, өрттің таралмауын қамтамасыз ететін іс-шаралар көздеу қажет.
Өрттен қорғау бөліктеріне объект ғимаратын ажырататын өртке қарсы қабырғалары олар өрт ошағы тарабынан ғимарат конструкциялары жарылған кезде өрттің өрттен қорғаудың сабақтас бөліктеріне тарамауын қамтамасыз ететіндей етіп жобалау қажет.
Өрттен қорғау тосқауылдарындағы саңылаулар өрт кезінде жабылатын болуға тиіс.
Ашық күйінде пайдаланылуы мүмкін есіктер, қақпалар, люктер мен клапандарды өрт кезінде олар өздігінен жабылуын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықтау қажет.
Өрттен қорғау тосқауылдарындағы терезелер ашылмайтын, ал есіктер, қақпалар, люктер мен клапандар өздігінен жабылуын және саңылауы тығыздалуын қамтамасыз ететін құрылғылармен қамтамасыз етілуі тиіс.
А және Б санаттарындағы екі немесе одан да көп үй-жайларда өртақ тамбур-шлюздер құруға жол берілмейді.
Негізгі және арнайы өрт сөндіру машиналарының өтуі үшін кірме жолдар 3.01.-01-2002* ҚР ҚНжЕ, ІІ 89-80* ҚНжЕ, ІІ-97-76 ҚНжЕ талаптарына және осы нормалардың 7-бөлімінің ережелеріне сәйкес көзделуге тиіс [7,8,9,10,11,12].
Ықтимал өртті сөндіруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған конструкциялық, көлемін жоспарлау, инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар 2.02.-05-2002* ҚР ҚНжЕ 6-бөлімінің ережелеріне сәйкес жобалануға тиіс. Оларда тұтанғыш газдар, жарылғыш заттар, сондай-ақ тез жанатын материалдар қолданылатын немесе сақталатын үй-жайларды үйасты және жоғарғы ірге қабаттарда орналастыруға жол берілмейді.
Құстарды күйдіруге қолданылатын тұтанғыш газдар бар баллондарды тамақтандыру объектілері үй-жайларында орналастыруға жол берілмейді. Қоқыс шығаратын жабдықтың құбыры жанбайтын материалдардан жасалуға тиіс.
Қоқыс жинайтын камера қоқыс шығаратын жабдықтың құбыры астында орналастырылуы әрі 1-типтегі өртке қарсы қоршаумен ажыратылуы тиіс. Қоқыс жинайтын камера құбырының желісінде автоматты синклерлер орнатылуы тиіс.
Қоқыс жинайтын камераның мұржасы тікелей сыртқа шығуы тиіс әрі ғимарат есігінен қабырғамен (экранмен) ажыратылуы тиіс; қоқыс жинайтын камераның мұржасының үстінде жанбайтын материалдардан қалпақ орнатылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет