Таным деңгейлері мен әдістері
Кең түрде алғанда, гректің «methodos» деген сөзі «жол» деген мағына береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерінде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше-түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге болар еді. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдістер жасалып, нәтижелі қолданылады. Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін құрайды. Олар - эмпирикалық жэне теориялық білім. Олар, әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Қайсыбір зерттеу эмпирикалық сатыдан, яғни ғылыми деректерді жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетін зат (объект), я болмаса құбылысты (феномен) бақылау қажет. Аса назар аударатын нәрсе - ғылымдағы бақылаудың ерекшелігі, өйткені ол «tabula rasa» - таза такта емес. Таным субъектісі (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетін объект жөнінде белгілі бір пікір, түжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен мақсатқа лайықты бақылауға кіріседі. Тәжірибелік таным барысында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жүйеге келтіріледі.
Әрі қарай ғылым теориялық деңгейге - тәжірибелік білімді үгым, тұжырым, заң т.с.с. ғылыми кұралдар арқылы өңдеуге көтеріледі. Теориялық таным арқылы біз зерттелетін заттың ішкі тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын аша аламыз.
Енді теориялық білімнің құрылымына келер болсак, оларға проблема (мэселе), гипотеза (болжау), теория, заңды жатқызуға болады.
Таным үрдісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте проблема дүниеге келеді. Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді.
Сондықтан кейбіреулер проблеманы - білмейтінімізді білу дейді. Мұндай ахуалдың пайда болуының негізінде сан алуан қайшылықтар жатыр. Ол белгілі бір құбылыс жөнінде екі әртүрлі пікірдің пайда болуынан, я болмаса ескі теория мен жаңадан ашылған ғылыми деректің арасындағы қайшылық т.с.с. себептерден болуы мүмкін. Көп жағдайда мәселенің шешілуі - оны дұрыс қоя білумен байланысты. Ол үшін, әрине, барлық жиналған ғылыми деректер мен тұжырымдарды тағы да ой елегінен өткізіп, проблеманы айқын сезіну қажет. Шешілген проблема ғылыми білімді тереңдетіп, сонымен қатар жаңа проблемаларды тудырады.
Гипотеза (болжау) - белгілі бір зерттеліп жаткан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді. Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады. Мысалы, ғылымда таңғаларлық бірнеше ғана мәселе бар. Ол - осы Дүниенің өзі, содан кейін тіршілік, ең соңында, рухани пенде - адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.
Бұл мәселелер жөніндегі діни көзқарастарды жақшаға шығарып қарағанда, материалистік философия мыңдаған жылдар бойы бұл Дүние мәңгілік өмір сүріп жатыр деген көзқараста болды. Мәселенің қиындығы - осы Дүниедегі бірде-бір зат, я болмаса құбылыстың мәңгілік өмір сүре алмайтындығында, өтпелілігінде еді. XX ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер «Ұлы Жарылыс» (Grand Explosion) гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза Дүниенің мәңгілік еместігін, осыдан 13 млрд. жыл шамасында вакуумның жарылуынан пайда болғанын болжайды. Осы гипотеза арқылы Ғарыштағы «инфра-қызыл сәуле толқындарының ығысуын», «дүниенің кеңею үстіндегі үрдісін» түсінуге болатын сияқты. Уақыты келгенде (млрд. ж.ж. кейін) бұл Дүние өзінің ішкі гравитация күші арқылы тартылып, яғни коллапсқа ұшырап, өз өмірін токтатады. Келесі жарылыс Дүниенің «жаңа үлгісін» әкелуі мүмкін. Мұндай болжамдар адамның ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптығын көрсетпей ме?! Таңғаларлық нәрсе - осы гипотезаға ұқсас идеяларды осыдан 120 ж. бұрын орыс теософы (teos - кұдай, sofia - даналық) Е.Блаватская өзінің «Құпия доктрина» деген еңбегінде айтқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |