Танымдық психикалық үрдістер


Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері: қажеттік ,әуежділік, мақсат, әрекет, операциялар



бет43/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75
стом

Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері: қажеттік ,әуежділік, мақсат, әрекет, операциялар


Іс-әрекет мақсаты және түрткілері психикалық үрдістерді реттеп әрі оны басқарып отырады.
Адамды әрекетке келтіруші күш - қажеттік. Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие болып есептелетін адам затты әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мүрат күйінде өрнектелуі мүмкін.
Адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетынталандырушы сеп-түрткі (мотив) жатыр. Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады.
Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түрткілері де.
мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Турткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына, нәтижесіне әсер етеді.
Жеке адамды қандай да болмасын іс-әрекетке итермелейтіннегізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек етупроцесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасау адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттіліктер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек эәрекеті еңбек құралдарын пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттер біртіндеп дами келе,қажеттердің жаңа тобын- рухани қажеттерді (білім, көркемөнерт.б.) туғызады.
Әуежділік- бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде бұл - шындыққа сай заңдылық ретіндеықпал жасап, объективті қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет (мотивация) қылық пен іс-әрекетті психикалықреттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева).
Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, адамның мотивтік-қажетсіну аймағыдеп аталатын күрделі жүйенің ажыралмас бірлігі. Мотивтік - қажетсіну аймағы тұлғаның өмір бойы қалыптасып, дами беретін барша сеп-түрткілерінің жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады.
Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі - психикалық көрсетпе-талаптар(установки). Көрсетпе - талаптар жеке адамның қандай да қажеттігін қанағаттандыру үшін болған әорекетке өзі сезінбеген дайындық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе-талап - объектіні белгілі бір күйде қабылдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға күні бұрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналық дайындықты өткен тәжірибемен ұштастыра әрекетке кірісу негізі.
Мақсат.Мақсат нақты іс-әрекеттік және өмірлік болып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, сан қилы іс-әрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың әрбірі өзінің нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара іс-әрекеттің мақсаты жеке адам бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетін қайсы бір қырына ғана сәйкес болуы ықтимал. Өмірлік мақсатқа келетін болсақ, ол дара іс-әрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды біріктіруші фактор. Жеке мақсаттардың әрқайсысы өз орнымен орындалуы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асуын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешегінің санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың іске асу жолдарын сезінуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет