Танымдық психикалық үрдістер


Әрекет.Іс-әрекеттің құрамды бөлігі, жекелеген қызметі әрекет



бет44/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
стом

Әрекет.Іс-әрекеттің құрамды бөлігі, жекелеген қызметі әрекетдеп аталады. Адам әрекеті көп жағдайда саналы болады. Олар белгілі түрткілер бойынша іске асады және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Әрекеттер сананың бақылауында болып отырады. Жеке де қарапайым, күнделікті міндеттерді орындауға бағытталған әрбір аяқталған іс-әрекет элементін әрекет деп атайды. Кез-келген заттық әрекет кеңістік пен уақытқа байланысты белгілі қозғалыстардан жинақталады. Мысалы, «а» әрпін жазу әрекеті бірнеше элементтерден тұрады, қаламсапты саусақтармен қалай ұстау керек, кеңістікте қалай жазу керек және т.б. әрекеттерден құралады.
Әрекеттер тәжірибелік және ақыл-ой болып бөлінеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тәжірибелік әрекеттерді меңгеру үрдісінде бала заттар мен әрекеттің тәсілдерін меңгереді. Баланың заттар мен операциялар әрекеті таным іс-әрекетінде үлкен рөл атқарады.
Әрекет - бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетіні түсіндіріледі. Адамның мақсаты әр қырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар өз алдына үсақ мақсаттарға бөлінеді.
Енді әрбір әрекет әртүрлі жолмен орындалатынына көңіл аудару керек, яғни әртүрлі тәсілдермен орындалады. Әрекетті орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әртүрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әртүрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекті мүмкіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясын мақсат міндет деп аталады.
Міндетке байланысты операция әртүрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ әрекеттерге бөліне алады. Осылайша, операциялар - іс-әрекеттің ірілеу бірліктері.
Операцияның басты қасиеті, олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Әрекеттен операцияның айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі - ол автоматтық әрекеттер мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттіңавтоматтандырылған компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап автоматтандырылған әрекеттерге қарағанда (мысалы,рефлекторлық қимылдар) ұзақ жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан операциялардың екі түрі болады: бірінші түріне адаптация, яғни бейімделу арқылы пайда болған операцияны жатқызамыз. Ал екінші түрі автоматизацияның арқасында дағдыға айналып, санасызәрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы әрекеттерді жатқызу болады. Бірінші түріне айтарлықтай сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: операция мен әрекеттер арасында айқын шекараны бөлу қиынға соғады.
Енді іс-әрекет құрылымындағы үшінші, ең төменгі деңгейге отелік. Ол - психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекет теориясында психофизиологиялық функциялар деп психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды. Осындай мүмкіндіктерге түйсікке қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен әсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категориялар қатарында жүйке жүйесінің морфологиясында бекітілген және өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға туылған сәттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.
А.Маслоудың жорамалдауынша, төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылған жағдайда ғана едәуір жоғары деңгейдегі қажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру ой ниеті туындайдайды. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады.
Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашан да толыққанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дамуына орай оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация процесінде адамның қажетсінуінде шек болмайды.
А.Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізінтүсінуге зор үлес қосты. Басшы адамдардың мотивациясы,олардың жан-жақты қажетсінуімен айқындалатынын түсінді. ,
Бүкіл ұйымның ойлаған мақсатына жету үшін басшыларадамдардың ең қажетті нәрселерін, мүмкіндігінше толыққанағаттандыруға тырысу қажет.
Басшы өзінің қарамағындағыларды мұқият бақылауы, сөйтіп қандай қажеттілік олардың белсенділігін арттыратындығын білуі тиіс. Қажеттілік уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындықтан, адамдарға бір рет колайлы жағдай жасағаннан кейін, ол үнемі жұмысқа тиімді әсер етеді деп есептеуге болмайды. Уақыт өтекеле мотивация көзқарасы да өзгереді. Мәселен, бұрын экономикалық тәсіл басым болса, енді мотивацияға әлеуметтік- экономикалық тәсіл бола бастады. А.Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы. Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп карамай, оларды өзін-өзін жетілдіретін және өзін-өзімеңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырды. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратынкөптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес санатқа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет