Танымдық психикалық үрдістер



бет68/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   75
стом

Субординация- қызметіне қарай бір-біріне бағыну, яғни шені кіші қызметкерлердің өзінен жоғары қызметкерлерге қызмет бабыңда қатаң бағынуы.
Кіші (шағын) топтағы психологиялық процестер: шешім қабылдау, топ болып қысым көрсету, қақтығыс
Кіші (шағын) топ - дербес іс-эрекет субъектісі. Оның мазмұнына психологиялық сипаттама беруге болады. Шағын топтың рухани өмірі мен психологиясының бірлігі оның жеке ерекшелігімен бірлеседі. Демек, оның қүрамындағы түлгалар бір-бірімен қызметтес сипатта болады:
- өзара қатынас - индивидтің эртүрлі эмоциялы күйлерін
ілестіруден және адамдардың өзара эрекетінің нэтижесінде
туындайтын субъективті байланыстар.
Шағын топтың өзін-өзі дамытуы мен қалыптасу механизмі, адамдардың мінез-құлығы мен бірлескен іс-эрекетін ынталандьфу өзара қатынаста шартталады.
топтық үмтылуға шағын топ мүшелерінің бірлескен күші мен мінез-қүлқы негізінде мақсаты, міндеті, қажеттілігі, мотивтері жатады. Адамдардың іс-эрекеті және қоғамдық өмір жағдайының эсерімен үмтылу жүйесі қалыптасады және дамиды.
топтық коңіл-күй белгілі кезеңдегі адамдардың түрлі көңіл-күй жиынтығы. Жалпы топ мүшелерінің эмоциялық дайындыгы мен көріністері күрделі эмоциялық күйге жатады. Топтық көңіл-күй жеке адамдардың сезімін күшейтеді, олардың өмірі мен іс-эрекетіне, топтың түтастай дамуына эсер береді.
дәстүрлер - шағын топ мүшелерінің бірлескен іс-эрекетінің үзақ тәжірибесі негізінде және өмір нормаларын, ережелерін, әрекеттер мен мінез-құлық стереотиптерін күнделікті өзара қатынаста сақтау негізінде қалыптасады. Осы Дәстүрлерді шағын топтың эр мүшесі қажетсінуі керек.
Шагын топ психологиясы эрбір уақыт аралығында ерекше атмосферамен, белгілі күймен және дайындығымен сипатталады. Сондай-ақ, шағын топтағы эмоционалды ахуал топ мүшелерінің үмтылуының тиімділігі мен бағыттылығын анықтайды. Әр шағын топ қоғамның қүрамында болғандықтан, ірі қауымдастықтардың бітімі олардың психологиясына тән. Сонымен қатар шағын топ психологиясының өзіндік ерекшелігі тұрақты болады.
Шешім қабылдау - жетекші мақсатқа жету жолындағы бастапқы ақпараттар анықталмаған жағдайда іс-эрекетті түбегейлі қайта қалыптастыру (өзгерту) актісі.
Шешім қабылдау процесі ақпараттар мен психикалық реттеуді өңдеудің мақеатқа бағытталған іс-эрекет жүйесінде барлық деңгейде орталығы болып табылады.
Шешім қабылдау процесінің кезеңдері ақпараттың дайындық шешімімен, дұрысын айтқанда шешім қабылдау тэртібі - таңдау, құрастыру мен эталон гипотезаның түзетулерін немесе іс-әрекет бағдарламаларын өңдеу және баламаларын салыстыру.
Американдық әлеуметтік психологияда эртүрлі әлеуметтік[ психологиялық феномендерді түсінуге қажетті ортақ теориялық| негіз жоқ. Әр түрлі топтағы адамдардың мінез-құлықі заңдылықтары механикалық тэуелділікке тіреледі: топ "қысымі көрсетеді", ал топтың мүшелері топ қысымына бағынады немесе! бағынбайды; топ кейбір жеке адамдарға тартылады, ал: басқалардан қашады немесе керісінше оларды өз ортасынан; шығарып тастайды; егер топ ішіндегі байланыстар көбейсе, онда топ жүмыла түседі, егер оның мүшелерінің саны көбейсе, онда топтық байланыстар азаяды және үзіледі. Американдық әлеуметтік психологияның өкілдері кез келген әлеуметтік топты сырттай байланысқан және өзара эрекеттесетін жеке адамдардың механикалық агрегаты ретінде көруге дайы.н.
Психологиялық түрғыдан алғанда қақтығыс(конфликт) -адамдардың санасындағы, қатынастарындағы жағымсыз сезімдермен байланысты қарама-қарсы бағыттардың тоғысуы.
25 Тұлға аралық қақтығыстар, олардың шешу жолдары .
Қақтығыс жер бетінде тіршіліктің пайда болуымен қатар дамыды десек қателеспейтін шығармыз, өйткені тіршілік иесінің сүрыпталып, сақталуы үшін тіршілік етуін жалғастыру үшін күрес жүргізуге тура келді.
Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғанған. Конфликт бұрыннан ғылыми зерттеудің объектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады.
Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік
үшін күрес соғыстары болған.
Қытай ойшылы (б.з.д. ҮІ-Ү ғ.ғ.) Лао-цзы: «Барлық тіршіліктің дамуы - инь мен янь энергияларының үйлесімділігінде» - деп түжырымдаған.
Жер шарының қай жерінде болмасын, эрбір адам эртүрлі жағдайда «конфликт» деген құбылыспен кездеседі. Тіпті біздің арамызда ешқашан дау-дамайға түспеген адам жоқ шығар. Ғылыми эдебиеттерде қақтығыс эртүрлі мағынада түсіндіріледі. Бұл терминнің анықтамасы өте көп.
Жалпы «конфликт» сөзі латын тілінен енген, тікелей мағынасы -дау-дамай (қақтығыс). Адамның өмірі қақтығыссыз өте алмайды, өйткені адам болған соң өзінің пайымдауы, өз көзқарасы, өз түсінігі болады. Бір мәселеге екі адам екі жақты қарайды.
Зерттеулерге қарағанда қақтығыстың 80 пайызы қақтығысқан адамдардың еркінен тыс түзіледі екен. Ол адам психикасына байланысты, ал көбі оған мэн бере қоймайды. Қақтығыстың пайда болуына септігін тигізетін конфликтогендер бар. «Конфликтоген» сөзінің түсінігі - қақтығыстың өрши түсуі.
Конфликтогендерді үш типке бөліп қарастыруға болады:
біреуден асып түсуге ұмтылу;
агрессияға бой үру;
эгоизмге бой ұру.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине ренішті кешіре білу - бұл жоғары жетістік және оны этикамен қоса барлық діндер құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған, өйткені өз ар-намысын, ез жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Даулы мэселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қасиеттерін өмір эрекеттерімен ұштастыруға ұмтыла отырып, жақсы қасиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп эртүрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Басқа сөзбен айтқанда, қақтығыс - екі не одан да көп индивидтің немесе топтың қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, қызығушылығының қанағаттандырылуына
эдейі бөгет жасау немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту процесі.
Қақтығыс формуласы, оның белгілері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет