Әдіс түрлері:
Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс
Түсіндірмелі –иллютсрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп ортырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс – тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
2) Көрнекілік арқылы оқыту әдісі
Педагогикадағы дидактикалық тәсілдің бірі - көрнекілік әдісі. Көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп,түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру болып табылады. Көру арқылы қабылданған ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталатынын ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру. Көрнекілік арқылы оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады.
Көрнекілік әдіс – барлық пәнде сабақ сайын қолданылатын әдіс болып табылады. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты болдатыны анық.Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.
3) Практикалық жұмыстар арқылы оқыту әдісі
Педагогикадағы оқыту әдісі-бұл белгілі бір оқу мақсатына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушының мақсатты қызметі. Практикалық әдістерге келетін болсақ, олар келесі әдістерді қамтиды: тапсырманы орындау жоспарын құру; міндеттерді нақты қою; жедел көтермелеу және ынталандыру; тексеру, бақылауды жүзеге асыру және реттеу; нәтижені алдын ала тексеру (тестілеу); қателерді анықтау, оларды талдау және түзету. Оқытудың практикалық әдістері мен әдістерін қолдану дәстүрлі – ауызша және визуалды әдістермен қатар кең таралған. Олардың барлық алуан түрлілігінен негізгі болып табылатын келесі әдістерді ажыратуға болады: жаттығулар. Зертханалық жұмыстар. Практикалық жұмыстар. Танымдық ойындар.
Практикалық әдістер-бұл өте тиімді әдістер, олардың көмегімен сіз студенттерді тапсырманы адал орындауға, үнемділікті, еңбекқорлықты, дәлдікті және үнемділікті дамытуға үйрете аласыз.
4) Проблемалық ізденулер әдісі
Проблемалық оқытудың басқа әдістерден айырмашылығы – білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену әрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.
Проблемалық оқытудағы негізгі ұғымдар: «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация»).Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.
Проблема дегеніміз – субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.
5) Эндуктивтік әдіс (жалқыдан жалпыға)
Достарыңызбен бөлісу: |