Сұрақ-3:Мен «алмасу оқушысы» бола аламын ба?
А) Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы).
В) Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оныңстилі туралы).
С) Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай стильде жазуға тырысты.
D) Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.
Сұрақ 4: Оқушылар алмасу үшін, мақалаға сәйкес, қандай талап ең маңызды болып табылады?
А) Оқу жетістіктері.
В) Жақсы дамыған тұлғалық қасиеттер.
С) Шет тілін ете жақсы меңгеру.
D) Мықты денсаулық.
Сұрақ 5: Мақаладағы мәліметті пайдаланып, неліктен сіздер таңдаған талап алмасу агенттігі үшін маңызды екенін түсіндіріңіз.
Тапсырма
БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН
Эзоптың мысалы
Дүниеде жасқаншақ бір шал өмір сұріпті, оның жалғыз ұлы болыпты. Әкесі бәрінен де баласыныңаң аулауға құмарлығы мен оның батылдығынан қорқыпты. Бірде оның түсіне оның арыстан өлтіретіні кіріпті. Түсі орындалатынынан қорқып, әкесі ұлына өте үлкен, әсем үй салып, баласы әрқашан көз алдында болу үшін, оны биік жерге қойыпты. Ұлының көңілін аң аулаудан басқа жаққа қалай аудару және оның ынтасын қанағаттандыру үшін әкесінің өтініші бойынша жаңа үйдің қабырғаларына әртүрлі жануарлардың суретін салдырыпты, солардың біреуі арыстан болыпты. Бірақ бұл суреттерді қарай жүріп, жас жігіт бойын билеген қамығуды жеңе алмапты.
Бір күні ол қабырғалардың біріне жақындап, ондағы арыстанмен ұрысады: «Ah, сені ме, сайтанныңқұбыжығы! Мен сен үшін және әкемнің түсіне бола осында, мына түрмеге қамалдым. Сағаннне істесем екен?»
Осыны айтады да, ол арыстанның көзін шығару үшін қабырғаны жұдырығымен ұрады. Бірақ оның тырнағының астына тікен тұрып қалып, ол оны суырып ала алмайды. Саусағы қатты ауырып, ісіп кетеді. Қызуы көтеріліп, безгек басталады. Безгегі қатты болғаны сонша, жас жігіт одан өліп кетеді.
Арыстан тек суретте бейнеленгенімен, шынында, оның әкесіне сәуегейлік етілгендей, жас жігітті өлтіріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |