Паталогоанатомиялық өзгерістерініц тәндігі жеткіліксіз. Өлексені қарағанда арықтықты, тістелген жердід орнын көруге болады. Бас пен мойынның жүні әдетте сілекейленген болады. Ішін жарғанда ішкі органдардың толық қанталауы белгі береді. Асқазан әдетте бос бірақ ет қоректілерде оның ішінен әртүрлі жеуге жарамсыз заттар табылуы мүмкін. Асқазан мен аш ішектердің кілегейлі қабықтары катаральді қабынған, әр жерде қан құйылу бар. Мый мен оның қабығы ісінген, нүктелі қан кұйылулар білінеді.
Гистологиялық зерттегенде диффуздік іріңсіз энцефалитті анықтауға болады. Дән тәрізді құрамнан тұратын келемі 0,5—30 мкм полиморфты қосылысы бар Бабеш — Негри денешігі нейронының цитоплазмадан табылуы диагностикалық маңызы зор (ұсақ базофильдік гранулдер көрінетін боялмайтын кұрамдар негізгі ацидофильдік заттармен дақталған). Бірақ, малдар аурудың бас кезінде өлтірілген болса, бұл денешіктердің болмауы мүмкін. Жабайы ет қоректілер таратқан құтыруда оларды табу ажептәуір қиын. Шамалау диагнозын індеттік және клиникалык көрсеткіштерді ескеріп қояды. Сол жердің және көршілес аудандардың індеттік жағдайына кеңіл аударады, аурудың маусымдылығын және анамнездік мәліметтерді, жабайы аңдардың, иттердің немесе мы-сықтардың шабуылы туралы және ауруға күдіктілердің кездесуі туралы мәліметтерді ескереді. Клиникалық белгілерден арандатылмайтын агрессивтік, парез бен параличтердің дамуы ең маңыздылары деп есептеледі. Болжамды диагноз тез арада адамдар мен малдардың ауырмауының алдын алу үшін шаралар қолдануға негіз болады, бірақ ол лабораториялық зерттеу арқылы дәлелденуі керек. Лабораторияра уақ малдардың өлексесін немесе басын, ал ірілерінен — басын немесе мыйды әдейілеп апарады. Өлекселер мен бастарды қос қабат полиэтилендік қаптармен немесе дымқыл өткізбейтін металл контейнерлермен жібереді, ал мыйды жәшікке орнатылған тығыз жабылатын шыны банкалармен жібереді. Материалды алғанда, буып-түйгенде сақтану шараларын орындайды (бет ;пен қолды қорғау). Лабораторияда Бабеш-Негри денешігін табу үшін әуелі мыйды микроскопиялық зерттеуден өткізеді. Бірақ, ол табылмаған жағдайда да құтыруды есептеп шығармайды. Рабикалық антигенді табу үшін диффуздық преципитация реакциясын қояды (РДП). Тіпті шіріген мыйды да зерттеуге болады. Алайда РДП реакциясы жоққа шығарса да ауруды есептен шығармайды. Бұндай жағдайда флуоресцирлеуші антительдердің тәсілін қолданады. Оң нәтиже берген жағдайда жас мыйдан немесе көздің қасаң қабығынан алынған таңба-жағынды да люминисценттік ми-кроскоптан сәулеленетін жасылдау гранулдер көрінеді. Мыйда вирустын бар екендігін растау үшін ақ тышқандарға немесе үй қояндарына биосынама жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |