Таралуы. Қазіргі уақытта малдың кұтыруы жер шарының көптеген елдерінде кездеседі. Қоздырушысы



бет1/4
Дата02.03.2022
өлшемі56.5 Kb.
#455887
  1   2   3   4
18-құтырық


ҚҰТЫРУ. (Rаbіеs)—жылықандылардың барлығына қауіпті жұқпалы ауру. Тістеу арқылы берілуімен және орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдануы белгілерімен, жіті өтетіндігімен сипатталады.
Таралуы. Қазіргі уақытта малдың кұтыруы жер шарының көптеген елдерінде кездеседі.
Қоздырушысы — рабдовирустардың тұкымдарынан ірі РНК -ісі бар вирус. Ең жоғарғы тнтрларда оны ауру малдардың мыйынан, әсіресе аммондық мүйізшелерден, үлкен мый сыңарынан, қаракұс мыйынан, сопақ мыйдан табуға болады, жұлында, сілекей және көз жасы бездерінде, сілекейде вирустың титрі әжептәуір болады.
Вирус дамып келе жатқан тауықтың, үйректің эмбриондарында, кейбір клеткалардың культураларында өсіп-өнеді. Құтырудың төрт серотиптік қоздырушысы барлығы қабыл алынған. Далалық және лабораториялық штамдарының мүлдем кепшілігі олардың біріншісіне жатады. Басқа серотиптердің вирус штамдары әзірше тек қана Африкадан табылған.
Табиғи жағдайда өсіп-өнетін және берілетін көше вирусі деп және жүйелі түрде үй қояндарынан субдуральдік пассаж жолымен алынған адам мен малдарға экстраневральді жіберілгенде патогенді емес фиксирленген вирус деп ажыратылады. Қөше вирусының биологиялық бірнеше варианты белгілі. Көбінесе ақырындап бекитін және құтырудың типті картинасын тудыратын классикалык штамдары айтылады. Күшейтілген штамдар керісінше жылдам бекінеді және қысқа жасырын кезеңінен кейін, әдетте Бабеш-Негри денешігі табылмайтын аурудын, параличтік формасын тудырады.
Вирус термолабильді (60°С 10 мин. кейін, 100°С лезде инактивацияланады), бірақ төменгі температураға төзімді және мұздалған мыйда айлап сақталады. Ол шіру процестеріне де салыстырмалы төзімді, соның нәтижесінде жылдың жылы уақытында бірнеше апта бойы шіріп жатқан мыйда өмірсүргіштігін сақтайды. Вирус 2—3 процент сілтілердің, формалиннің, хлорамин ертінділерінің әрекетінен жылдам инактивтенеді, бірақ, фенолға салыстырмалы тұрақты.
Індеттік мәліметтер. Құтыруға үй және жабайы жылы канды жануарлардың барлық түрі, сондай-ақ адамдар да бейімді. Вирусқа ең көбірек иттер қатарынан (түлкілер, жанат тәрізді иттер, қасқырлар.қорқау қасқырлар), сусар, кеміргіштердің кенбір түрі және мысықтар қатарынан жабайы аңдар сезімтал келеді. Адамдар, иттер, мүйізді мал, жылқы, шошқалар бірқатар дерлік аз сезімтал келеді. Құстардың бейімділігі төмен екендігі анықталған. Жас малдар ересек малдарға қарағанда вирусқа көбірек сезімтал болады.
Қоздырушының көзі — вирусты сілекейімен сыртка шығаратын және қабу-тістеу арқылы тарататын ауру жануарлар. Сілекеп аурулар белгілерінен 8—10 күн бұрын зарарлы бола алады. Сілекейдің кілегейлі қабықтарға немесе зақымданған теріге түсуіне байланысты залалдану пайда болуы мүмкін. Эксперименттерде қоздырушының алиментарлық және респираторлық жолдармен берілуі іске асырылған. Қоздырушының азғантай саны ауру малдың несебімен және сүтімен бөлінін шығатыны анықталған, бірақ бұл өте сирек болады және індеттік мәні жоқ болуы керек. Құтырудың негізгі таратушылары мен вирустың резервуары жабайы және үй ет қоректілері деп саналады. Олар осы аурудың тістеу арқылы берілу механизмін заңды түрде қоздырушыға тән етеді. Әрине, тістелген барлық малдар ауыра бермейді. Залалданудың болуы сілекейдегі вирустың концентрациясына, сілекейлену дәрежесіне, жараның орны мен сыпатына байланысты. Ең қауыптысы терең және үлкен жара тканьнің езілуі, нерв талшықтары көп бас жағы мен басқа да дене учаскелерінің тістелген орны болады.
Қоздырушының резервуарын ескере отырып індеттің қалалық және табиғи типтерін ажыратады. Қалалық типті эпизоотияда аурудың таратушылары эпизоотияның келемін білдіретін иесіз және бақылаусыз жүрген иттер мен мысықтардың саны маңызды деп есептеледі. Қалалардағы иттерді дұрыс күтіп ұстау мен вакцинация жасауды тәртіпке келтіру 50-жылдардың аяғында біздің елде індеттік жағдайды жақсартуға үлкен себебін тигізді. Бірақ содан кейін ауыл шаруашылығы малдарының арасында құтыру қозуының басты себебі болған жабайы етқоректілердің (ең әуелі түлкілер мен жанат тәрізді иттердің арасындағы) арасында таралған ауруға байланысты, олардың малға шабуыл жасауының әсерінен індеттің табиғи типі басталды.
Біздің елдің жағдайында табиғи типті індеттің маңызды ерекшелігі далалық, тоғайлы далалық, аралас және жалпақ жапырақты тоғайлар аймағының тундыра мен тоғайлы тұндыра аймақтарымен байланысы болып есептеледі. Сонымен қатар солтүстік тайганың байтақ аймағында аурудан сәттілік сақталып келеді. Ауру ошағының территориялық ұштасуы түлкілердің, жанат тәрізді иттердің, қарсақтардың, ақ түлкілердің, қорқау қасқырлардың орналасу ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Айтылған жабайы ет қо-ректілердің санының өзгеруіне және олардың жер ауыстыруының активтігіне байланысты індет көтерілуінің белгілі бір циклдігі анықталған. Аурудың шарықтау шегі бәрінен жиірек 2—3 жыл аралатып білініп отырады. Аурудың қозуына күз және қысқы-көктем мезгілінде жиіленуімен білінетін маусымдылық тән. Бұл сонымен қатар ауруды негізгі таратушылардың (ең әуелі түлкілер) биологиясына да байланысты. Қаңтар-наурыз айларындағы шағылысу кезеңіне (түлкілердің ұйығуы кезеңі), айталық, еркектерінің арасындағы міндетті түрдегі бәсекелестігі дәл келеді, ал күзде тіршілік тұрағы үшін күресті өршітетін жетілген төлдерінің орналасуы басталады. Осыған сәйкес аурудың ұлғаюына әкеп соғатын залалдану мүмкіндігі жоғарылайды.
Түлкілердің, жанат тәрізді иттердің, ақ түлкілердің, қорқау қасқырлардың, қасқырлардың арасында құтыру иттердің арасында қалай тараса солай — талау арқылы таралады. Эпизоотиялық тізбекке кейде кіші жыртқыш андар (сусарлар, ласкалар, күзендер), жабайы шөп қоректілер мен талғаусыз қоректілер, басқа да кеміргіштер араласады. Бірақ олар ауыл шаруашылығы малдары сияқты тіршілік ерекшеліктеріне қарай аурудың әрі қарай таралуына активті араласа алмайды және инфекция қоздырушысы үшін «тұйыққа тірелу» болып калады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет