Тарау адам санасы қҰрылымындағЫ Ұлттық Өзіндік сана халықтың және тұлғаның өзіндік ұлттық санасы: ұғымы, мазмұны


 Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата18.02.2024
өлшемі206.93 Kb.
#492281
1   2   3   4
Мангилик Ел (1)

2. Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының жалпы сипаттамасы. Ұлт 
дегеніміз адамдар қауымдастығының халықтық ортақтығынан байқалатын, тарихи 
қалыптасқан форма екендігі баршаға аян. Оған ұлттың өзіндік ерекшеліктері мен 
мәдениетінде айқындалатын тілдің бірегейлігі, өмір сүрудің материалдық шарты, 
территория мен экономика және белгілі бір өзіндік мінез түрі тән. 
Әр халықтың рухани өмірінің феномені болып табылатын өзінің ұлттық сана-
сы болады. Сондықтан «өз ұлтыңнан» тыс ұлттық өзіндік сана болмайды. 
Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының негізгі элементтеріне: ұлттық 
сәй кестілік, территорияның ортақтығы, тарихи жады, тарихи мәдениет жата-
ды, кез келген ұлттардағы сияқты қазақ халқының ұлттық өзіндік санасы да 
халықтың өзінің топтық ерекшеліктеріне деген сенімде, тілінде, мәдениетінде, 
салт-дәс түрлерінде, тарихи ортақ тағдырында және дінінде көрініс береді. 
Ұлттық өзіндік сана ұлттың, халықтың тіпті жеке адамның да дүниетанымының 
негізі, олардың ортақ мұраттарының жиынтығы, құндылық бағдарлары ретінде 
нақты тарихи сипатқа ие. Сол себепті қазақ халқының ұлттық өзіндік санасына 
сипаттама беру үшін алдымен қазақ халқының қауымдастық түріндегі даму тамы-
рына көз жіберіп, оның ұлттық өзіндік сананың дамуына қалай әсер еткені туралы 
бақылайық.
Тарихи мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазақтардың түп тамыры сонау ежелгі 
(XVIII-XII б.э.дейінгі) андроновтық (шығыс) мәдениеттен бастау алады. Қазақ 
халқының ата-бабалары (б.э. I ғасыр және одан соң ) қазіргі Қазақстан территория-
сында тұрақтап қалған түрік және моңғол тайпалары деп саналады. 
Ғалымдардың көпшілігі XV ғасырдың ортасындағы тарих аренасында «қазақ» 
деген атаумен көшпелі тайпалар пайда болып, олар өзінің халықтық негізін қалады 
деп санайды. Қай халықтың болмасын, соның ішінде қазақтың да қалыптасуында 
өзіне тән ұлттық ерекшелігімен бірге өзгелерден айырмашылығы көрінетін факт 
ретіндегі қайшылықтары да болады.
Қазақ хандығының пайда болуы қазақтардың өміріне тұрақты ұлттық 
белгілерді әкелді. Бірте-бірте ұлттық өзіндік сана қалыптасып, ұлттық мінез бекіп 
көріне бастады. Сол себепті қазақтардың ұлттық өзіндік санасының қалыптасуын 
қазақ халқының біртұтас этникалық топ ретінде құрылған кезеңінен басталады 
деп түйіндеуімізге болады. 
Этностың дамуы – бұл тарихтың өзі тәрізді өте күрделі және ұзақ мерзімді үде-
ріс екені белгілі. Бұл айтылған ой ұлттық өзіндік сананың, ұлттық психология ның 
қалыптасуына да қатысты. 
Кез келген тарихи жағдайлар адамдардың психологиясына тікелей және жа-
нама түрде ықпал етеді. Мысалы, жоңғарлардың ұлттың екіден үштей бөлігін 
жойып жіберуі қазақ халқының рухын сындырғанымен, олардың үш жүздің ба-
сын қосып, өзінің территориясын, мемлекеттігін қорғап қалуы ұлттық өзіндік 
сананың оянуына әкелді. 


43
Қазақстан Ресейге қосылғанға дейінгі уақытты бір ұлтты дамушы ел болатын, 
алайда Ресейден жер аударылып келушілердің көбеюіне байланысты еліміздің 
этникалық құрамына өзгеріс енді.
XX ғасырда Қазақ Совет Социалистік Республикасының құрылып, оның Совет 
одағының құрамына енуі де қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының дамуына 
әсерін тигізді. 
Болашақта ұлттар мен ұлт тілі жойылады деген жаңсақ идеология елімізде 
халықтың рухының төмендеуіне, кейбір ұлттық белгілердің жоғалып кетуіне 
апарды. 
Бұл кезеңде қазақ халқының тарихи жадында ашаршылық пен жұт (1929-1934 
ж.ж.) өшпестей із қалдырды, (1937-1938 ж.ж.) жаппай қуғынға ұшырау халықтың 
санасына кері әсер етіп, оның дамуын тежеді. 
1937-1944 жылдары Ресей, Балтық елдері, Шешен-Ингуш, Карачаево-Черкеск 
республикаларынан, Алыс Шығыстан қаншама халық күшпен Қазақстанға жер ау-
дарылды. Қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшелігі дәстүрлері, қонақжайлылығы 
жер аударылғандардың этнос ретінде сақталуына көмектесті. 
Екінші дүниежүзілік соғыс халықтың өзіндік санасының даму деңгейінің 
жоғары екендігін тағы көрсетті. Қазақ халқы басқа ұлт өкілдерімен бірге майдан-
да батырлықпен шайқасты. Ұлы Отан соғысында біздің 528 жерлестеріміз Со-
вет одағының Батыры атанды, 75 жауынгер «Даңқ» орденінің І, ІІ, ІІІ дәрежесінің 
толық кавалері болды. Соғысқа қатысушылардың ішінде ұлттық құрамы бойын-
ша Совет Одағының Батыры атанғандардың қатарында қазақтар орыстар мен 
украиндардан кейінгі орынды иеленді. 
ХХ ғасырдың 50-80 жылдары этномәдениеттің дамуына байланысты қазақ 
этносының өмірінде халықтың ұлттық қайта өрлеуіне негіз болған жаңа кезең 
бас талды.
Елімізде «қайта құру» деп аталатын саяси реформаның басталуы, қоғамдық 
қатынастарды ізгілендіру мен жариялылық ұлттық өзіндік сананың деңгейін 
көтерді. 
Патшалық саясаттың, 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтың, ұлттық интел-
лигенцияны құртудың, бодандықтың, тың игерушілердің қаптап келуімен кем-
сітуге ұшыраған қазақ халқының ұлттық өзіндік санасы өткен ғасырдың соңғы он 
жылдығында ғана қайта түлеп, қалпына келе бастады. 
Ұлттық басымдылыққа қызығушылық оянып, газет журналдар шыға баста-
ды, қазақ тілінде теле және радиохабарлар белсенді түрде көрсетіліп, жоғары оқу 
орындарында қазақ тілінде оқитын топтар және т.б. ашылды. 
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы халық рухының деңгейін көрсетті, ал 1991 
жыл Совет Одағындағы ұлттық қозғалыстағы белсенділіктің шыңы болды. 
1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тәуелсіздігі» туралы Заң қабылданып, онда қазақ ұлтының мемлекет құраушы 
ұлт ретіндегі және барлық тұрғындардың құрамында консолидациялық рөлі ай-
қындалды. 
Совет Одағының құлдырауы халықтардың ұлттық өзіндік санасынан, азамат-
тық сәйкестілігінен көрінді.


44
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қазақтың қайта өрлеуі басталды, қазақ 
халқының ұлттық құндылықтарын сақтау, оны ұлттық діл ерекшеліктерін есепке 
ала отырып дамыту мәселесі алдыңғы орынға шықты.
Алдыңғы ойда айтылғандай, ұлттық өзіндік сана ана тіліне, ұлттық мәдениетке 
деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарға құрмет және сол қауымдастықтың 
мүшесі ретінде оларға қызығушылық танытып, ұлттық мақтаныш сезімімен 
қарауды талап етеді. Бұл құрылымдық компоненттер үнемі диалектикалық даму 
үстінде болады. 
Адамдардың өзінің жеке даралығын түйсінуі, басқа ұлттық-этникалық топқа, 
әлеуметтік-саяси қауымдастыққа емес, тек сол өзінің ұлттының, халқының 
қауымдастығы өкілі екендігін ұғынуы өзіндік сананың маңызды бөлігі болып та-
былады.
Өзінің табиғи тұтастығы мен мәніне орай ұлттық мәдениет орасан зор ұлттық 
көрнекілікпен: ұлттық психология, мінез-құлықтағы ұлттық нақыш, халықтың 
ұлттық ерекшеліктері, оның адамгершілік санасы және ұлттық өзіндік сана сияқты 
ұлттық бейнені береді. Этномәдениет және ұлттық өзіндік сана бір-бірімен өте 
тығыз байланысты. 
Көшпенді мәдениеттің руханилығы оның тәртіп ережелері мен нормаларында, 
дәстүрлерінде, құндылықты бағдарларында шынайы көрініс тапты. Құндылықты 
бағдарлар ұлттық өзіндік сананың маңызды компоненті ретінде адамның мінез-
құлқы және оның қоршаған әлемге деген қатынасын анықтайды. Олар тұлғаның 
белсенді әрекетіндегі қоғамдық идеал формасында көрінеді. Олардың қалыптасуы 
әлеуметтік шарттардың ықпалының аясында өтеді, яғни ұлттық өзіндік сана 
сияқты әлеуметтену үдерісінде дамиды. 
Қазақ халқына табиғатқа құндылық ретінде қарайтын ерекше адами 
қатынас тән. Мысалы, жазу пайда болғанға дейін адамдардың жадында табиғат 
жағдайларының халықтың дамуына ететін әсері, Асан Қайғының халқы үшін 
жерұйық іздеуі туралы аңыздар ауызша жеткен. Мұндай жерұйық қазақтардың 
тоқшылықта өмір сүруі үшін керек еді. 
Территорияның ортақтығы да қазақтар үшін аса маңызды деп саналды. Олар 
өздерінің әлемін даласының кеңдігімен ұштастырды. Қазақтардың ұлттық өзін дік 
санасында дала («Арқа») өз үйі, туған жер («Атамекен») деген ұғыммен сабақ-
тастықта қарастырылды.
Қазақ қауымдастығының ұлттық ерекшелігінің бір белгісі олардың көшпелі 
өмір салтын адамның ең жоғарғы деп құндылығы деп бағалауында. 
Қазақ халқының дәстүрлері мәдениетінде әлем адам тіршілік ортасы деп 
түсіндіріледі. Қазақтардың өздерін белгілі бір рудың өкілі деп қабылдауы ұлттық 
мінезден айқын байқалады. Ұлттық өзіндік сананың мұндай ерекшелігі көшпелі 
тұрмыстық жағдайлармен және жерге жеке меншіктің болмауымен айқындалған. 
Қазақ қоғамының мұндай ұлттық ерекшелігі тұрақты қоныстанған халықтар-
дан айырмашылығы және жерге деген рулық меншіктілігінен көрінеді. Бүгінгі 
таңда да кейбір адамдар өздерін нақты бір рудың өкілі ретінде ғана қабылдайды. 
Қазақ этносының үш жүзге бөлінуі қазақ халқының өзінің сәйкестілік ерекшелігі-
мен сипатталады. 


45
Қазақтардың этникалық санасы индивидтің тарихи өткенін және «түп тамыр» 
идеясымен сәйкестендіреді. 
Қазақ этносының маңызды ерекшелігі әр адамға, әсіресе жасөспірім ұл 
баланың өзінің жеті атасын білу, бәрінің аттарын есте сақтау сияқты тарихи жа-
дымен өлшенеді: ол әкесінің аты, нақты бір рудан тарайтын ата, арғы аталарының 
аттары және т.б. 
Біздің ата-бабаларымыздың қалдырған нақ осы дәстүрін ғаламат құндылық де-
сек те болады, өйткені жеті атасына дейін қыз алыспау, туыстармен некеге тұрмау 
сияқты дәстүр қазақтардың қан тазалығын сақтап қалуына игі әсерін тигізді. 
Қазіргі генетиктер ежелгі түріктердің болжамдарын ғылыми тұрғыда дәйектеп 
берді. Ата-баба салты қазақ халқының ұлттық өзіндік санасына тән белгі болып 
табылады.
Тәңіршілдік мәдениеті мен наным-сенімі исламға дейінгі аралықта көшпенділер 
діліне айрықша әсер еткені туралы мәселе аз зерттелген. Тәңіршілдікте айтылған 
шыдамдылық элементтері арқылы қазақтар табиғи ортада және адамдар арасында 
бейімделуге үйренген. 
Ұлттық өзіндік сананың қазіргі даму жағдайында ата-баба дәстүрлерін құр-
меттеу еліміздің тұрғындарының көпшілігінде қайта жаңғырған. Мұны адам-
дардың көпшілігінің жеті атасын, арғы тегін (шежіре) білуге ұмтылуынан көреміз.
Шежірені білу қазақтарға өзінің туған жеріне, халқына ерекше қатынас 
орнатуға ықпал етсе, өзгелер тарапынан құрмет сезімін тудырады. Мұның бәрі 
түптеп келгенде қазақ халқының ұлттық өзіндік санасын дамытады. Сол сияқты 
қазақтардың ұлттық өзіндік санасының ерекшелігі халық ауыз әдебиетіндегі миф, 
аңыздарда айтылып сақталған. 
Қазақ халқының ұлттық психологиясының мазмұны ұлттың өзіне тән жеке, 
өзіндік бай психологиялық белгілері көрініс берген өзара әрекеттестікпен толыға 
түседі. 
Жағымды сезімдер қатарында ұлттық мақтаныш ерекше орын алады. Ол 
адамды көз алдында марқайтады, өзін-өзі құрметтеуге үйретеді. Мұндай сезім - 
өз халқыңа, оның құндылықтарына деген қатынастың жинақтық формасы. Бұл 
ұлттық өзіндік сана арқылы ұлттың жетістіктерін, оның тарихи мәдениетін, салт-
дәстүрлері мен тұрмысын түсіну деген ұғымға саяды. Қазақтар үшін мұндай сезім 
– рухани және материалдық түрде бейнеленген (Баянауыл, Бурабай, қазақ ұлттық 
эпосы) жалпыұлттық құндылық. 
Ұлттық мақтаныштың басқару орындарындағы адамдардың қарым-қатынаста 
аймақтық жағына кеңірек қарайтын рушылдық-трайбализм сияқты жағымсыз 
жақтары да бар. 
Ұлттық мақтаныш сезімі ұлттық өзіндік сананың толық көрініс беруіне сеп-
тігін тигізеді. Бір жағынан мұндай сезімнің болуы өзге ұлттар алдында артық-
шылықты білдіреді. Ұлттық мақтанышты әсірелеуде байқалатын мұндай жағ-
дайлар жалғандыққа, өзін-өзі сендіруге апаруы мүмкін.
Этностардың айрықша сезімі деп Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін 
патриотизмді, Отанға беріле қызмет етуді атауға болады. Егер ұлттық өзіндік 
санада патриотизм идеялары басымдық танытса, онда азаматтардың ұлттық 


46
құндылықтарға қызығушылығын, өз ұлтына деген мақтаныш сезімін, көпұлтты 
Қазақстанда дамыған демократиялы мемлекет құруға ұмтылуын атап айтамыз. 
Патриотизм, яғни елжандылық - ғасырлар бойы қалыптасқан терең сезім. 
Патриоттық сезім қазіргі ұлт пайда болғанға дейінгі кезден басталады. Оның 
негізіне бірігу идеясы жатады. Ол халықтар арасындағы ізгілікті өзара қарым-
қатынасқа құрылады. 
Қазақтар бейбітшілік сақтаудың мұндай ерекшелігін бастан кешкен әрқилы 
ауыр жылдарда, соғыс кезінде, сол сияқты кеңестік дәуірдегі (тың игеру жыл-
дарында, жер аударылғандармен, оралмандармен өзара қарым-қатынаста) нақты 
істерімен көрсете білген.
Егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздік алғаннан соң Қазақстан біріншіден
дербес мемлекет болу тәжірибесі жоқтық, екіншіден, тез арада шешім қабылдау 
қажетігі тәрізді түсіністікпен шешілуі тиіс әртүрлі тың мәселермен бетпе-бет келді. 
Мұндай өткір үдерістің қатарына республиканың жаһандану және нарықтық эко-
номика жағдайындағы даму жағдайларын жатқызамыз.
Адамзат өркениетінің экономикалық ықпалдастық негізіндегі қарышты 
дамуы жаһандану деп аталды. Бұл үдеріс әлеуметтік жүйенің жаңаруына әкелді.
Мұны қоғамдық құрылымда ғана емес, сонымен қатар адамзат психологиясын-
да да түбегейлі өзгерістер тудырған жалпыөркениеттік қалыптасудың басталуы 
деп айтуымызға болады. Бұл жолда кедергілер, қиындықтар туындағанмен, оны 
тоқтату енді мүмкін емес еді.
Тұтастай алғанда, жаһандану-мемлекеттің өркендеуіне,мәдениеттерді сақтап, 
таратуға әсер ететін жағымды фактор, алайда оның бұрынғы құндылықтар жүйе-
сін жойып жіберу қатері де баршылық. 
Ұлттық өзіндік сананың қайта жаңғыруы мемлекеттік тіл мәселесімен де өте 
тығыз байланысты. Бұл мемлекеттің этникалық тұтастығының негізгі белгісі. Он-
сыз этномәдениетті дамыту мүмкін емес. 
Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық трансформациялануы халықтың 
санасында жаңа көзқарас пен өзгерістер тудырады. Дегенмен, өзіндік сананың 
өзгеріске ұшырауына қарамастан, қазақ қауымдастығының базалық құндылық-
тары сол қалпында сақталып отыр. 
Қазақстанның тәуелсіздік алуы діннің қайта жандануы және халықтың өзі-
нің рухани қайнарларына қайта оралуының бастауы болды. Бірақ, бұл конфес-
сияаралық өзара қарым-қатынастың орнауын түсінуге шынайы тексеру болды.
Діннің полимәдени қоғамда этникалық мәдениет және руханияттың қайта 
жаңғыруының бір бастауы болып табылатыны мәлім. Ал мұндай орта өз кезегінде 
этносаралық тартыстың катализаторы ретінде көрініс беруі де мүмкін. 
Ұлттық өзіндік сана және ұлттық тіл бір-бірімен өзара тығыз байланысты. 
Ұлттық өзіндік сананың қалыптасуы мен дамуында тілдің рөлі айрықша екендігі 
даусыз. 
Радим Каденұлы «Ұлттық өзіндік сана, жариялылық және қазақстанның 
мемлекеттілігі» атты («Түркістан-тарих бесігі» – «Туркестан-колыбель истории» 
басылымдағы) мақаласында өзіндік сананың халықты рухани және әлеуметтік 
мәдени кеңістіктегі біртұтастығын білдіретін фактор екендігін анықтайды. Сол 


47
себепті ол «қоғамдық санада ұлттық идеяның заман талабына сай қалыптасуы 
тарихи және мәдени мұраларға қамқорлық танытуға тәрбиелеу, қазақ тілінің 
мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін атрибут және мемлекеттілікті танытатын 
бірден бір фактор ретіндегі қоғамның маңызды миссиясы болып табылады»,-деп 
санайды. 
Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының қазіргі кезеңдегі дамуында мем ле-
кеттік саясат, Қазақстанның ұлттық суверенитетін сақтау маңызды рөл атқарады. 
Мемлекеттің тәуелсіздігін дамыту жағдайында республикамызда қазақ хал-
қының ұлттық өзіндік санасы қайта жаңғыруда. Халықтың өзінің тарихын, тілін, 
мәдениетін білуге деген құлшынысы асқан қажеттілікке айналып отыр. 
Бір кезеңде, республиканың барлық территориясында жүзден астам ұлттардың 
аралас қоныстануына орай ұлтаралық қатынастарды жетілдіріп, басқа халықтарды 
түсініп, құрметтей білуді нығайтуда ұлттық өзіндік сананың атқарар жүгі өте 
ауыр. Мұндай жағдайда этникалық сәйкестілік ерекше сезілуі қажет. 
Қазақстанды мекендеуші халықтардың өзіндік санасы ұлт мәселесінде өрке-
ниеттік және мәдени тұрғыларға сәйкес шынайы сипатқа құрылған әлеуметтік-
жауапты азаматтық қоғамда дамуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет