Оқитындар контингенті
2000/2001
|
8109
|
3043,3
|
2001/2002
|
8171
|
3019,5
|
2002/2003
|
8164
|
3095,6
|
2003/2004
|
8260
|
3026,2
|
Республикада 4272 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп (бұдан әрі- ШЖМ) жұмыс істейді (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы оқитындар контигентінің 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нің бір оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңірлерге байланысты) 30 – 100 %-ға жоғары. Мектептердің тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда 3687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың контингенті ұлғайып келеді. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1%-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, ал бүгінгі таңда 54,8%-ы оқиды. Өзбек, ұйғыр, неміс, тәжік, украин және басқа да ана тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істейді.
Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі бар. 36,5 мың педагог жоғары санатты, 67 мыңы бірінші санатты. Шағын жинақталған мектептерде 64 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді \8\.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етілетін 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары енгізілген. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде), колледждерде арнайы пәндер бойынша отандық оқулықтар енгізілуде.
“Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны 27 бірлікке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Республикада 614 интернат мекемелері жұмыс істейді, оларда мемлекет есебінен 75 мыңға жуық жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мінез-құлықты балалар тұрады; 18 балалар интернат-үйлері жұмыс істейді, оның ішінде біреуі дене бітімінде кемшілігі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.
5 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және 17 жасөспірімдер үйлері ашылды, онда өмір сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудің патронаттық нысаны даму үстінде.
2000 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бірлікке, оқушыларды қамту 1,6 %-ға артты (3-кесте).
3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |