Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Мектептен тыс ұйымдардың саны



бет6/31
Дата28.09.2022
өлшемі0.63 Mb.
#461498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Дип.-БІЛІМ-БЕРУ-МАЗМҰНЫНА-ҚОЙЫЛАТЫН-ТАЛАПТАР

Мектептен тыс ұйымдардың саны

Оқу жылы

Мектептен тыс ұйымдардың саны

Контингент

2000/2001

568

219126

2001/2002

598

251684

2002/2003

617

266547

2003/2004

629

291545

Сонымен қатар жалпы орта білім беруде өз шешімін күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжірибесінің, авторлар мектептерінің, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудің қаржылық тетігін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр \5\.


Ескіргендерді пайдалану және қазіргі заманғы оқу жиһаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсіресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отыр және балалар мен жасөспірімдер денсаулығына кері әсерін тигізеді. Республиканың әрбір үшінші мектебінде пән кабинеттері: химия, физика, биология, математика және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.
256 мектеп авариялық жағдайда тұр. 2 мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуге мұқтаж. Еліміз бойынша оқушы орнына тапшылық 500 мыңға жуық орынды құрайды.
Пәндік көзқарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүдделері мен перспективаларын нақты белгілеуіне оң негіз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерінің 70 %-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз бетінше өмір сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейінді оқытудың жетіспеушілігінен еңбек нарығында мектеп бітірушілерге деген сұраныс жоқ.
Кешенді тестілеудің нәтижелері талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары еместігін көрсетеді. Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр және олар 28-30%-ды құрайды. 2004 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындылары мектеп бітірушілердің 24,2%-ы жинауға болатын 120 балдың 40 балдық өту деңгейін жинай алмағанын, оқушылардың тек 0,7%-ы 101-120 балл жинап, үздік бағаларын дәлелдегенін көрсетеді.
120 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалардың үштен бір бөлігі ғана түзеу ұйымдарында арнайы білім берумен қамтылған. Арнайы білім берудің нормативтік құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік базасы, түзеу мекемелері үшін педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жетілдіруді және жаңартуды қажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды орталықтандырылған есепке алу жүйесі жоқ. Инклюзивтік білім беру нашар дамуда \9\.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет