Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту



бет3/31
Дата28.09.2022
өлшемі0.63 Mb.
#461498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Дип.-БІЛІМ-БЕРУ-МАЗМҰНЫНА-ҚОЙЫЛАТЫН-ТАЛАПТАР

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінде ғана емес (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің білім берудің жалпы бюджетінен 9,5 %, 1999 ж.), сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді: міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.
Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7 %) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1-кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды бағдарламаларымен қамтылуға тиіс.
1-кесте

Жылдар

Желі

Контингент

2000

1144

135287

2001

1167

146375

2002

1162

153965

2003

1156

160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педагогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғары педагогикалық білімі және 2,1%-ының орта білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40 %-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2 %-ының санаты жоқ.


Мектепке дейінгі тәрбиенің нормативтік құқықтық және оқу-әдістемелік базасы құрылуда. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 82 атаудан тұратын 19 оқу-әдістемелік кешен әзірленді, сынақтан өткізілді және 2003/2004 оқу жылында алғаш рет енгізілді. \5\
1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы енгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер етті (1-сурет).

Сурет-1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет